Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2601-2610 |
Страницы: « 1 2 ... 259 260 261 262 263 ... 298 299 » |
МИРКАРДТЫҢ КОРОНАРОГЕНДІК ДИСТРОФИЯСЫ Коронарлық артериялары арқылы қанмен дұрыс қамтамасыз етілмеуі нәтижесінде жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)дамиды,Ол жүрек қызметінің бұзылуымен және жүректің ұстамалы ауыру синдромымен(стенокардиямен)сипатталады.Бұл аурудың 95%жағдайында негізгі себебі болып атеросклерозбен бүлінген коронарлық артериялардың саңылауының тарылуы есептеледі.Екінші бір себебі болып,коронарлық артериялардың нервтік-рефлекстік қатты жиырылу(спазмы)саналады.Артериялардың спазмы жан-дүниелік күйзелістердің нәтижесінде немесе ішкі ағзалардың (өт қабынан асқазаннан,көкет жарықтарынан,омыртқа аралық табақшаларынан,шеткі нервтерінен т,б) түсетін серпіндерге рефлекстік түрлерде даму мүмкін.Сонымен бірге диэнцефалдық эндокриндік аурулар(вегенативтік дискинезиялар,климакс т.б)кездерінде болу мүмкін.Бұл кезде коронарлық артериялар атеросклерозбен бүлінбеуі де мүмкін,ал тіпті бүлінбеген болса,тым қатты тарылатын түрде болмайды.Бірақ мұндай өзгерген тамырдың спазм тудыратын ықпалдарға сезімталдығы жоғарлайды. |
Миокард инфаркты. Коронарлық қанайналымның жеткіліксіздігінен жүрек етінде ишемиялық некроз пайда болуын миокардтың инфаркты дейді. Оның негізгі пайда болу себебі болып көпшілік жағдайларда (90%-ға жуығы) тромбозбен ушыққан коронарлық артериялардың атеросклерозы есептелінеді. Кейде миокардтың инфаркты коронарлық артериялардың спазмы нәтижесінде, кейде олардың тромбылардан үзілген эмболмен бітелуінен дамуы мүмкін. Адамда миокардтың инфаркты дамуына қолайлы жағдай болып тұқым қуалаушылыққа бейімділік, артериялық гипертензия, семіру, қантты диабет және аз қозғалыспен атқарылатын ой жұмысы, темекі шегу ж. б. есептеледі. |
Мешел. ( Рахит )
Д витамині аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің менералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалармен жүйелер қызыметінің бұзылуымен сипатталатын ауру.
Мешел (Рахит) – гректің « арқа жоны » деген мағынаны білдіретін « рахис» сөзінен шыққан, өйткені мешелмен ауырған бала омыртқасының зақымдануы ертеден белгілі.
Этиологиясы Мешел ауруы пайда болуының түпкі себебі- Д витаминінің жетіспеуі. Ол осы витаминнің тағамда аз болуына немесе сәби организмінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Оған әсіресе ультра күлгін сәулесі жетпеуінің мәні зор. |
Механикалық сарғыштану
Өттің жалпы өзегі сыртынан ісікпен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, қанга тікелей немесе лимфамен түседі. адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады. |
Менингококкты инфекция
Менингококкты инфекция-клиникалық айқындалуы әртүрлілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы-менингикококк, сыртқы артада тұрақсыз. 37 С төмен температурада өмір сүре алмайды, ал 50 С температурада 5 минуттан артық өмір сүре алмайды.
|
Медициналық сұрыптаудың түрлері мен типтері
Медициналық сұрыптау нақты, қайталанып тұратын үрдіс. Ол медициналық эвакуацияның барлық кезеңінде, оның барлық функциональдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Диагноз қою мен болжам жасау – медициналық сұрыптаудың негізі. Сондықтан міндеттердің шешілуі мен қолданылатын әдістерге байланысты медициналық сұрыптау екі типке бөлінеді:
І. Клиникалық-диагностикалық медициналық сұрыптау – зақымдалу ауырлығы жағдайының клиникалық көрсеткіштеріне негізделген. Клиникалық-диагностикалық сұрыптау екі түрге бөлінеді: |
Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу
Апат ошағында сұрыптау бірінші кезекте тірі қалғандарды шығару қағидасы бойынша жүргізіледі. Өмір сүру қабілеттілік жағдайын жүрек соғысының болуына, тыныс алуына, қозғалу белсенділігіне байланысты бағалайды. Шығару кезектілігінде артықшылық балалар мен жүкті әйелдерге беріледі.
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде медициналық сұрыптаудың негізіне өмір сүруді қамтамасыз ету қызметінің бұзылу дәрежесін диагностикалау, зақымдалу сипаты, оның өмірге қауіптілік дәрежесі, мүмкін асқынулардың дамуын болжау және тірі қалуды болжау жатады. Өздігінен жүретін зақымдалғандар үшін құрамында дәрігер, медбике, тіркеуші бар сұрыптау бригадасы құрылады. |
Медициналық сұрыптау. Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары
Апат кезінде көмек көрсетудің үш сатысы болады:
Оқшаулау. Сырттан көмек мүмкін емес. Тірі қалу мәселесі өзі немесе өзара көмек жолымен шешіледі. Бұл шараның ұзақтығының шегі әртүрлі.
Құтқару. Құтқару жұмыстарын жүргізу, зақымдалғандарды медициналық көмек көрсету пункттерінде орналастыру. Орындалған шұғыл көмектер өмірлік көрсеткіштер бойынша және эвакуациялау. |
Лейкоцитоз Лейкоцитоз — шеткі қанда лейкоциттердің 8х109/л-ден астам көбеюі. Лейкоцитоз физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2—3 сағат әткен соң дамитын — ауқаттық, ауыр қол жүмысын атқарғаннан кейін — миогендік, жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде болады. Патологиялық лейкоцитоз көптеген аурулар кездерінде дамиды, Бұл лейкоцитоз инфекциялық лейкоцитоз, қабынулық, қатерлі өспелер кездеріндегі және қансыраудан кейінгі лейкоцитоздар болып бөлінеді. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай нейтрофильдік (нейтрофилез), эозинофильдік (эозинофилия), базофильдік (базофилия), лимфоциттік (лимфоцитоз), моноциттік (моноцитоз) лейкоцитоздар болады. |
ЛЕЙКОПЕНИЯЛАР Шеткі қанда лейкоциттердің саны 4 • 109/л-ден төмен азаюын лейкопения дейді. Пайда болу себептеріне қарай олар былай ажыратылады: 1. Инфекциялық (іш сүзегі, тұмау, қызылша, қызамық, туберкулез, мерез, созылмалы сепсис, сарып, безгек ж. б.) лейкопениялар; 2. Уыттық өндірістік (бензол, мұнай өнімдері, фторлық сутегі, күкірт ангидриді, үшнитротолуол, гидрохинон ж. б.) лейкопениялар; 3. Дәрі-дәрмектік (амидопирин, сульфамидтік дәрілер, синтомицин, сынаптық, мышьяктық дәрілер, адриамицин, 6-меркаптопурин, сарколизин, тиоТЭФ ж. б. ісіктерді емдейтін дәрілер) лейкопениялар; 4. Радиациялық (иондағыш сәулелер) лейкопениялар; |