Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2591-2600 |
Страницы: « 1 2 ... 258 259 260 261 262 ... 298 299 » |
Өт жолдарының дискенезиясы
Өт жолдарының немесе өт қалтасының моторикасының бұзылуымен сипатталатын ауру. Мектеп жасындағы балалар жиі ауырады. Бұл паталогияның 2 түрі бар. Гипертоникалық типі-өт қабының және жолдарының тонусы жоғары. Гипотоникалық типі-өт жолдпрының тонусы төмен.
Этиологиясы: Мектептегі, жанұясындағы стресстік ситуациялар, созылмалы инфекция ошақтары, тамақтанудың бұзылыстары, асқазан-ішек жолдарының аурулары. |
Өкпе перфузиясының бұзылыстары. Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін: 1. жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде; 2. туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің т.с.с.); 3. өкпе артериясында қан қатпаларының (тромбылар) құрылуы немесе эмболдар тұрып қалуы; 4. шоқ, коллапс кездерінде қан тамырлары қызметтерінің жетіспеушілігінен өкпеге аз қан келуінен; Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын әлвеолаларға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын әлвеолаларда перфузия болмауы, перфузиясы бар әлвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі. Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды. Ол обструкциялық және рестрикациялық болып екіге бөлінеді. |
Өкпе вентилляциясының бұзылыстары. Өкпе вентилляциясының бұзылыстары гипервентиляция, гиповентилыция немесе біркелкі емес винтеляция түрлерінде болады. Өкпенің гипервентилляциясы тыныстың минөттік көлемі (ТМК) мен өкпенің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС) көтерілуімен сипетталады. Әдетте, ол организмнің оттегіге көтерілген мұқтаждығын аластауға бағытталған серпіліс. Бұндай физиологиялық гипервентиляция, оттегінің жеткіліксіздігін жоюмен бірге тоқталады. Патологиялық гипервентиляция оттегіге қосымша мұқтаждықпен немесе СО2 шығуы қажеттілігіне байланысты емес. Ол ми және оның қабықтарының аурулары кездерінде, миға қан құйылғанда, гипоксемия (анемия, таулық немесе биіктік аурулары), артериялық қысымның төмендеуі кездеріндегі тыныс алу орталығының рефлекстік қозуы нәтижелерінен дамуы мүмкін. |
Ағза реактивтілігінің дерттегі маңызы. Организм реактивтілігі (латын сөзі – reactia – қарсы іс-әрекет) – организмнің сыртқы және ішкі ортаның әсеріне тіршілік жауап беруі. Түрлік реактивтілік – белгілі бір жануарларға тән реактивтілік, басқаша айтқанда сыртқы әсерлерге өзіндік тұқымқуалаушылық, анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекеті. Мысалы: жануарлардың маусымға байланысты тәртібі. Адамның реактивтілігі көптүрлі, бұл жерде ІІ-ші сигнал жүйесінің маңызы өте зор. Сөздің әсері емдік әсер мен қатар ауру тудыруы да мүмкін. Топтық реактивтілік – бұл жеке топ адамдарының (жануарларының) белгілі бір ортақ қасиеттеріне байланысты, сыртқы әсерлерге реактивтілігі. Мысалы: еркектерде подагра, превратник стенозы, асқазан жарасы, ревматоидты артрит, микседема, жиі кесдеседі. |
ОЖЖ –нің зақымданулары.
Себептері: созылмалы оттегінің жетіспеушілігі /гипоксия, асфиксия/, әр-түрлі инфекциялар, интоксикациялар, мидың механикалық жарақаттануы /қысылуы, қан құйылу т.б./
Клиникасы: ОЖЖ-нің зақымдану белгілері туылғаннан соң бірден немесе 2-4 күндері көрінеді. |
Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.
Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған. |
Нерв жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері.
Психикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
Нерв жүйесі барлық мүшелер мен жүйелердің қызмет бірлігін қамтамасыз етіп, организмның сырт ортаға бейімделуін реттейді. Жаңа туған баланың нерв жүйесі өз қызметін толық атқаруға жетілмеген және анатомиялық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. |
Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.
Нерв жүйесінің бұзылыстарына әкелетін себептік ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа бөлінеді. Экзогендік себептік ықпалдарға: биологиялық (микробтар мен вирустар және олардың уыттары), химиялық (улы заттар, металдар, этил немесе метил спирттері, кейбір дәрі-дәрмектер, мәселен стрихнин, хлороформ, кураре ж. б., гипоксия), физикалық (барометрлік қысым, иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, электр ағыны, электромагниттік толқындар ж. б.) механикалық (жарақат, ми шайқалысы), психогендік (жан-күйзелістері, жағымсыз эмоциялар) ықпалдар жатады. Сонымен бірге нерв жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. Бұл келтірілген себептік ықпалдармен бірге адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. Бір ауыз сөзбен адамның жанын жаралауға немесе науқас адамға дем беріп, сауықтыруға болады. |
НЕРВ ЖҮЙЕСІ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ
КӨРІНІСТЕРІ
Нерв жүйесінің бұзылыстары тежелудің тапшылығымен, денервациялық және деафферентациялық синдромдармен, нервтердің нәрленістік (трофикалық) қызметтерінің өзгерістерімен көрінеді. |
Мысқыл-жұқпалы паротит
Мысқыл- шықшыт безі, жүйке жүйесі және басқа бездердің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз. Эпидемиологиясы:
Ауру көзі-ауру адам. |