Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 22.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 251-260
Страницы: « 1 2 ... 24 25 26 27 28 ... 298 299 »

Қоғамның рухани өмірі

Рухният – адам бойындағы тек өзіне ғана тән басты байлық. Қоғам тарихының рухани жағы, әрқашан философияның ерекше көңілін талап еткен. Рухани өмірді зерттеуде зор үлес қосқандарға: Сократ пен Платон, Гегель мен Фейербах, Достоевский мен Кант, Абай және т.б ойшылдар жатады.
Рух – адам жанының әрекетінің көрініс табуы. «Рух – Н. Бердяевтің ойлауынша – бұл шындық, сұлулық, жақсылық, мән, бостандық».
Қоғам мен адамның рухани өмірін бірлікте сипаттау «қоғамдық сана» ұғымынсыз мүмкін емес. Қоғамдық сана – қоғамдық болмыстың көрініс табуының даулы үрдісі; бұл қоғамдағы орын алатын адамның көңіл-күйі, сезімі, әдеттер, дәстүр, көзқарас, идея, оқу және теорияның күрделі жүйесі.
Қоғамдық сана, күш-қуат өзінің атқаратын қызыметінде байқалады. 

Философия | Просмотров: 3350 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Тұлға және қоғам

      Адамтану ғылымындағы ең күрделі мағыналардың бірі “тұлға” сөзі. Орыс тілінде “лик” сөзі иконадағы бейнені білдіреді. Еуропа елдерінде “тұлға” сөзі латынша “персона” сөзімен мәндес, ол театрдағы актердің бейнесін білдіреді, толық мағыналы бір тіршілік иесіндей және әлеуметтік қызметі бар тұлға ретінде қарастырылады. Қытай және жапон тілдері сияқты, шығыс тілдерінде “тұлға” сөзін тек қана адамның бейнесімен ғана емес оның тәнімен де салыстырады. Еуропа салтында адамның тәні мен беті қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырылады, адамның беті оның жанын айқындайды, ал қытай түсінігінде “адамның өмірінің қалыптасуына оның тәнінің де, жанының да қасиеттері әсер етеді”. 

Философия | Просмотров: 3887 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Қоғам жүйе ретінде

Әлеуметтік философия - бұл тұтастай философиялық ілім және оның жеке құрылымдық элементтерінің көбі жалпы қоғамтанудың кескіні (тарихи философия, саяси философия, мәдени философия, моральдық философия). Әлеуметтік философия басқа философиялық ілімдердің компоненттерімен (онтология, гносеология, аксеология, праксиология, мәдениетті антропология) дүниеге көзқарастың және әдістемелік ілімдер сапасы ретінде органикалық бірлікте барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тұрғысында қарастыру. 
Әлеуметтік философия пәні – бұл қоғам, барлық жағдайдың өзара әрекетін ұстанған қоғам, яғни тұтастай әлеуметтік жүйе, сонымен қатар қоғамның дамуы және қызметін атқаратын заңдар. 

Философия | Просмотров: 1695 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Философиядағы әлемді тану мәселелері
(Гносиология)

   Таным теориясы - табиғат танымы, оның мүмкіндіктері мен шегін, субъекті мен объекті қатынасын, жеткілікті білім шартын, оның ақиқаттығының өлшемін, формалары мен деңгейлерін қарастырып зерттейтін философияның негізгі бөлімі.
    
                                     Сызба 2.2.1 Таным құрылымы

 
Тірі табиғатты қабылдау
•    Сезімдік таным   баспалдағы
•    Эмпирикалық білім (тәжірибелік)
Сезімдік таным формалары:
а) түйсік  (заттар мен құбылыстардың жеке қасеттерін бейнелеу)
б) қабылдау (сезім мүшелеріне тікелей әсер еретін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі)
в) елестету (бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту)

Философия | Просмотров: 1919 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Философия онтологиясы 
      Болмыс – бар болып отырғанның, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін – бар болу, нақты өмір сүруді білдіретін категория.
Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады. Реалды болмысты өмір сүру, бар болу деп, ал идеалды болмысты мән  деп атайды. Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие, қайталанбайтын, индивидуалды заттардың, процестердің, әрекеттердің, адамдардың нақты өмір сүруі. Идеалды болмыс мәңгі, уақытқа тәуелсіз, өзгермейді. Құндылықтар, идеялар, ұғымдар осындай сипатқа ие. 
Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді. Бірінші табиғатты құрайтын адамнан бұрын пайда болған, оған дейін өмір сүрген. Екінші табиғат - адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі, ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі. Бірінші табиғат пен екінші табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, сонымен қатар, өзіндік ерекшеліктерге ие.

Философия | Просмотров: 2566 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

XX ғасыр философиясы
Кесте 1.8.1  ХХ ғасырдағы Батыс философиясының негізгі ағымдары

Мектептер, ағымдар, бағыттар    Негізгі өкілдері     Мазмұны, идеялары және консепциялары
1.    Позитивизм (аналитикалық философия)
а) бірінші позитивизм    О. Конт,  Г. Спенсер,
Д. Милль    Әлем туралы позитивтік көзқарас. Метафизикаға сын.
Болмыс, материя, сана т.б. ұғымдарға абстракциялық ойларға сүйенетін дәстүрлі философия жарамсыз, тек тәжирибие, ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті – ақиқат. 
б) Эмпириокритицизм    Мах, Авенариус.    Махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психофизиологиялық формаларын сараптауы тиіс. /Субъективті идеализм/. Жаратылыстану ғылымдары /Радиоактивті сәулелер, электрон т.с.с. ашылған жаңалықтар/ мен философияны біріктіру /Материя жойылды/. Философия, тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логикалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналды.

Философия | Просмотров: 6162 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Қазақ және орыс философиясы
Кесте 1.7.1 XIX-XX ғ.ғ. орыс философиясы

    
Діни реформа     Л.Толстой (1828-1910)
«Догмалық құдайға сын», «Менің сенімім неде», «Жан сыры»    Толстойшылдық.  Дінде адам өмір мәнін табады. Этикалық принциптің индивидуализмі. Өмір мақсаты – адамның дін арқылы өзін тануы, адамгершілік тұрғысында жетілуі.

8.    Персонализм  /Орыс рухани Ренессансы/    Н. Бердяев (1874-1948)
«Орыс идеясы», «Шығармашылықтың мәні», «Еркін жанның философиясы».    Құдайы және адами экзистенциалдық диалектика. Антроподицея – шығармашылықта және шығармашылық арқылы адамды ақтау. Көне өсиет (Ветхий Зовет) – Христиандық – Адам еркіндігі, бұл өз борышын өтеу. Тарих тек соңғы  мақсатты,  міндетті қарастырады. Тарих ақыл еркіндігінің бостандығы ретінде. “Орыс идеясы” – бүтін,  тоталитарлы көзқарас, діни мінезде. 

Философия | Просмотров: 3906 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Маркстік философия

ΧΙΧ ғасыр, әсіресе ΧΧ ғасырда философиялық ойлаудың ең негізгі бағыттарының бірі марксизм философиясы болды. Бірнеше ондаған жылдар бұрын Бертран Рассел былай деп айтқан: “Бүгінгі таңда әлемнің жартысынан астамы маркстік теорияға сенетін елдер”.
Марксизм философиясы, ΧΙΧ ғасырдың Ι жартысындағы Еуропа дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси-таптық шарттың қалыптасу ерекшеліктеріне негізделген. Әлеуметтік-саяси қозғалыс берген сабақтардың ерекшеліктерінің негізінде  құрылған. Маркстік қоғам мен әлеуметтік қатынас концепциясы жаңа көзқарастың қалыптасуымен тығыз байланыста құрылған. Осындай дүниетанымның  қалыптасуы ассимиляциялау және құндылықты қайта өңдеуді талап етті, ал бұл сол дәуірдің ғылыми ойлары  еді.

Философия | Просмотров: 7881 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Классикалық неміс философиясы

         XVII ғ. соңы және XIX ғ. басында Германия демократиялық артта қалушылықты жеңе отырып  буржуазиялық революцияға жетті, «XVIII ғ. Францияда, XIX ғ. Германияда саяси төңкерістің алдында философиялық революция болды». Жаратылыстану және қоғамтанудың жетістіктері неміс философиясының қалыптасуында басты роль атқарды: физика мен химия дами бастады, органикалық табиғатты зерттеу алға қарай дамыды. Математика саласындағы жаңалықтар нақты мөлшердегі анықтамалар ретінде процестерді түсінуге мүмкіндік берді.
Ламарк ілімі организмдердің қоршаған ортадағы даму шарттылығы, астрономиялық, геологиялық, эмбриологиялық теориялар, адамзат қоғамының даму теориялары, еркін ойлаудың дамуы – ресми дін мен шіркеудің елдің рухани өмірінде басқарушы таптың жағдайын бекітуге ұмтылуына қарсы тұру – осының бәрі бірінші орынға даму идеясын теория және шындықты тану әдісі ретінде шығарды. 

Философия | Просмотров: 4515 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

Жаңа заман философиясы
           Қайта өрлеу дәуірі (Renaissance - фр.) - Орта ғасырдан Жаңа Заманға өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз ХІV-ХVІ ғ.ғ. белгілейміз.
Қайта өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан калаларда сауда, қолөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқылып, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі. Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрістен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты. Табиғаттың заңдылықтарының бірден-бір зерттеу жолы - ол тәжірибелік зерттеу - эмпиризм (еmрегіа, - грек сөзі, тәжірибе) бағытын тудырды. Тәжірибе арқылы алынған деректерді пайымдау, қорыту қажеттігі рационализм ағымын дүниеге әкелді. Ал бұлардың өзі ой еңбегінің бағалануына, әсіресе оқыған, көзі ашық интеллигенцияның дүниеге келуіне себеп болды. Егер Орта ғасырдағы қоғамда ой еңбегі, негізінен, дін шеңберінен шыға алмаған болса, қазір жағдай күрт өзгере бастады.

Философия | Просмотров: 8064 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 22.07.2015 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 231-240 241-250 251-260 261-270 271-280 ... 2971-2980 2981-2987