Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2983 Показано материалов: 2561-2570 |
Страницы: « 1 2 ... 255 256 257 258 259 ... 298 299 » |
Тумастан бұрын біткен жүрек ақаулары.
Жүректің қан жолы тетіктерінің зақымдануын жүректің ақауы дейді. Бұл зақымданудың нәтижесінде жүректің негізгі қанды айдау қызметі бұзылады. Жүректің ақауы тумастан бұрын және кейіннен пайда болуы мүмкін. Мысалы, ревматизм атакаларынан кейін. Жылына біздің елімізде 40 000-ға жуық нәресте жүрек ақауымен дүниеге келеді. |
Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр». |
Тромбоцитопеняилық пурпура (Верльгоф ауруы) - көбіне еркек балалар ауырады.
Себебі: қандағы тромбоциттер санының төмендеуімен байланысты сапасының өзгерістері.
Клиникалық айқындалуы:
1. Тері астына қан құйылу, денесінде, аяқ-қолдарында көгерген жерлердің пайда болуы. Көгерген жерлердің көлемі және түсі әр-түрлі. |
Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер
Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады. Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы. Бұл адам неғұлым қорқынышты жағдайды басынан өткізсе, солғұрлым күрделі бола түседі. |
Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар
Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық "жарылысы” пайда болады. Бұл жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың 1/3-нен аспайды.
Апат немесе зілзәлә нәубәті ауданында эпидемиялық ошақта бірінші инфекция көзін жалпы берілу факторы болса анықтау қиын, яғни эпид. процесстің бірінші звеносы болмайды, зақымдану көздері анықталмайды, тек қана берілу жолы пайда болады. Жұқпалы ауруларда "жарылыс” болады, содан кейін ғана эпидемия "соңын” науқаспен қатынаста болғандарды зақымдайды, тұрғындар тығыз орналасқан жерде, жанұяда, жұмыста, құтқарушылар арасында, науқастар мен зақымданғандарды көшіру жолында зақымдайды. |
Термиялық және электрлік күйіктер Зардап шегушінің киімі жанса оның үстіне пальто, басқа қандай да бір тығыз матаны жабу немесе жалынды сумен сөндіреді. Киім жанып жатқан кезде жүгіруге болмайды, себебі жел жалынды күшейтіп, күйікті үлкейтеді және күшейтеді. Зардап шегушіге көмек көрсету кезінде бірнәрсені жұқтырып алмас үшін терінің күйген учаскелерін қолмен ұстауға немесе оларға маз, май, вазелин жағуға, ішетін сода, крахмал себуге рұқсат етілмейді. Күлдіреген ісіктерді тесуге, күйген жерге жабысқан мистикті, канифольды немесе басқа да шайырлы заттарды алып сүртуге рұқсат етілмейді. Себебі, осылайша күйген теріні жұлып алуға және жарақат алған орынның іріңдеуіне септігін тигізуге болады. |
ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯЛАР Темір тапшылықты анемия- темірдің организмге түсуі мен пайдаланылуы және организмнен сыртқа шығарылуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде организмде оның жеткіліксіздігінен дамитын анемия. Этиологиясы. Теміртапшылықты анемияның даму себебеі болып мыналар есептеледі: 1. Қайта-қайта және ұзақ қансыраулардан (жиі жатырдан, кейде ас қорыту ағзаларынан, бүйректен, өкпеден) нәтижесінде эритроциттермен бірге организмнен темір көптеп шығарылуы; 2. Темірдің тағаммен бірге жеткіліксіз түсуі (балаларды сиыр және ешкі сүттерімен тамақтандырғанда); 3. Организмнің өсуі, жетілуі кездерінде, әйелдердің жүкті және бала емізу кездерінде темірге артық мұқтаждығы пайда болуы; |
ТАМЫР ІШІНДЕГІ ШАШЫРАНДЫ ҚАН ҰЮ СИНДРОМЫ (ТШҚҢ — СИНДРОМЫ) НЕМЕСЕ ТРОМБОГЕМОРРАГИЯЛЫҚ СИНДРОМ. Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы жиі кездесетін дерттік көріністерге жатады. Ол көптеген дерттік жағдайларда: сепсис, вирусемия кездерінде, қатерлі ісіктер мен шоктардың барлық түрлерінде, әсіресе кардиогендік шок кезінде, ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын хирургиялық әрекеттерде, акушерлік патологияларда, үлкен күйіктерде, үсіктерде, сүйек сынықтарында, жұмсақ тіндердің жаншылуларында, бүйрек, бауыр, ұйқы безі бүліністерінде, тез дамитын тамыр ішіндегі гемолиз бен лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде, гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда, жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартеритте және басқа иммундық ауруларда, геморрагиялық васкулитте, көп мөлшерде гемотрансфузияларда т. б.жағдайларда кездеседі. |
Тағамнық мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары
Астың мембраналық ыдыратылуы аш ішектің шырышты қабығы эпителийлерінің жиектерінде бекітілген ферменттермен болады. Ішектін бұл қызметінің бұзылуы жасушалардың бүршіктерінің атрофиясы кезінде байқалады. Тағамның мембраналық ыдыратылуының бұзылыстары мына жағдайларда болуы мүмкін: 1. астың қуыстық ыдыратылуының жеткіліксіздігінде; 2. аш ішектер эпителийлерінің ултрақұрылымы мен бүрлерінің құрылымы бұзылғанда. Мәселен, тез дамитын дизентерия кезінде ішек бүрлерінің биіктігі төмендейді, сәулелік ауру кездерінде, кейбір антибиотиктерді (неомицин) қолданғанда ішек бүрлерінің атрофиясы болуы мүмкін; |
Сүйек сынған, шыққан, соғып алған және буын аралығы созылған кездегі алғашқы көмек 152. Сүйек сынған, шыққан, буын аралығы созылған және басқа жарақаттар алған кезде зардап шегуші, дененің зақымданған жерінің қалпын ауыстыру кезінде тез күшейетін қатты ауыруды сезеді. Кейде аяқ-қолдың дұрыс өз орнында және (сынған кезде) өзгеше қалыпта майысып жатқаны көзге бірден түседі. 153. Сүйектің сынуының ашық (қан кетуді тоқтатқаннан және стерилденген таңғышты салғаннан кейін) және жабық түрінде алғашқы көмек көрсету кезіндегі ең бастысы зақымданған аяқ-қолды иммобилизациялау (тыныштықты қамтамасыз ету) болып табылады. Бұл ауыруды азайтады және сүйек сынықтарының одан әрі жылжуын болдырмайды. Иммобилизациялау үшін дайын таңғыш қалақтарды, сондай-ақ таяқты, тақтайды, сызғышты, фанераның бөлігін және сол сияқтыларды пайдаланады. 154. Жабық сынық кезінде зардап шегушінің киімін шешпей – таңғыш таяқты оның сыртынан салуға болады. 155. Жарақаттанған жерге ауырғанды төмендету үшін «суық» (мұз, қар салынған суық су құйылған резеңке қапшықты, суық таңғышты) басады. |