Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 27.10.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2983
Показано материалов: 2551-2560
Страницы: « 1 2 ... 254 255 256 257 258 ... 298 299 »

АҒАЙЫН, ТУЫС туралы мақал-мәтелдер

Ағайын — ағайынның айнасы.

Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.

Ағайын — алтау, ана — біреу.

Ағайын — ащы, мал — тұщы.

Ағайын бар болса көре алмайды,
жоқ болса бере алмайды.

Ағайын барында аузынды жалайды, 
жоғында желкеңнен қарайды.

Ағайын бірде араз, бірде тату.

Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 4382 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АҒА — БОР, ІНІ — ТАС.

Аға адасса іні із кеседі.

Аға алғанша, жеңге жегенше.

Аға алдында арсыз іні сөйлейді.

Аға алдында пейілінді көрсет,
Іні аддында мейірінді көрсет.

Аға әдепті болса іні әдепті,
Апа әдепті болса сіңлі әдепті.

Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақүл айт.

Аға — бор, іні — тас.

Ағадан ақыл, атадан нақыл.

Ағадан ақыл, ініден ізет.

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,
Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі — көргендерін бойына түйіп өседі.

Аға еңбекпен көркем, 
Бала біліммен көркем.

Ағаны көріп іні өсер, 
Апаны көріп сіңлі өсер.

Ағаның үйі ақ жайлау.

Аға өлсе жеңге мұра, 
Іні өлсе келін мұра.

Ағасы ақылдының ауылы азбайды, 
Жеңгесі шебердің жеңі тозбайды.

Ағасына қарай інісі, 
Апасына қарай сіңлісі.

Ағасы ұрар болар, 
інісі тұтар болар.

Аға ініге ұстаз, 
Апа сіңліге ұстаз.

Аға ішкен бұлақган інісі де су ішеді.

Амандық ағадан.

Ардагер аға алдында тұрсын, Әдепті іні артында тұрсын.

Арттағыны қозғау — ағалық, Алдағыны болжау — даналық.

Асыл аға, алғыр іні.

Екеу болса — жас аға, 
Біреу болса — бөрік аға.

Ел ағасыз болмас,
көл жағасыз болмас.

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 4954 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Жалпы этиология. Патогенез.

Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы ғылым.

Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.

Мысалы: сәуле ауруының себебі – радиация, инфекциялық аурудың себебі – патогенді микробтар.

Сыртқы ортаның ауру тудыратын себептерінің жіктелуі:

1.Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).

2.Физикалық факторлар

А) дыбыстың және шудың әсері

Б) барометрлік қысымның өзгеруі

В) жоғары және төменгі температураның әсері

Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле

Д) электрлік ток

Е) радиация

Биология | Просмотров: 5641 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

Эксикоздар.

 

            Эксикоз дегеніміз- организмнің сусыздануы.

 

            Себебі: диарея мен құсулармен өтетін жедел ішек инфекциялары. Клиникалық айқындалуына байланысты 3 түрі бар:

 

1.      Клетка ішілік (су тапшылықты эксикоз),

 

2.       клетка сыртылық (тұз тапшылықты эксикоз),

 

3.       клетка ішілік және сыртылық (изотоникалы эксикоз).

 

            Су тапшылықты эксикоз. Әдетте, құсу мен іш өту салдарынан  су жоғалтудан болады. Сусызданудың бұл түрі, құсудан іш өту басым болғанда дамиды. Бұл жағдайда   су клеткадан қан плазмасына ауысып, клетка ішілік сусыздану тудырады.

Биология | Просмотров: 1273 | Загрузок: 79 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

Шала туған баланың АФЕ-рі, күтімі.

 

Шала туылғандықтың анықтамасы.

Шала туудың себептері.

Шала туған балалардың белгілері.

Шала туған баланың дәрежесін анықтау. Шала туған балалардың күтімі.

ШТБ-ны "Кенгуру”  әдісімен және кювезде жетілдіру.

ШТБ-ны зонд арқылы , қасықпен тамақтандыру туралы.

ШТБ-ны тамақтандыру және егу ерекшеліктері.

Егер нәресте құрсақтағы дамудың 38-40 апталық мерзімінен

Биология | Просмотров: 3263 | Загрузок: 97 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

Химиялық күйіктер

 

 

 

134. Химиялық күйік алу кезінде ұлпалардың зақымдану тереңдігі көп жағдайда химиялық заттың әсер ету ұзақтығына байланысты болады. Химиялық заттардың концентрациясын және оның әсер ету уақытын мүмкіндігінше тез арада азайтады. Бұл үшін зақымданған жерді дереу краннан, резеңке құбыр шек арқылы ағатын ағынды немесе шелектегі суық көп мөлшердегі сумен 15-20 минут көлемінде жуады.

Биология | Просмотров: 2408 | Загрузок: 120 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

Ұзақ жаншылу сырқаты (ҰЖС)

 

Әскери  - далалық хирургияда және хирургиялық жарақаттардан кейін кездесетін күрделі асқынуға ұзақ жаншылу сырқаты  (ҰЖС) жатады. Бұл жерде ҰЖС  - әртүрлі   атаумен аталып келгенін айта кету жөн – «жарақаттан улану», «жаншылу сырқаты», «босату сырқаты», «жұмсақ тіндердің ұзақ уақыт қысылу сырқаты», т.б.

 

ҰЖС – жарақаттардың аса бір күрделі асқыну түрі. Оны ғалымдардың жеке бөліп қарауына  сәйкес табиғи апат кезінде және соғыста алған жарақаттар осы ауыр дағдарыстың  дамуына себепкер болады.

Биология | Просмотров: 3971 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

Үсіген кездегі алғашқы көмек

 Төмен температураның әсер етуінің нәтижесінде ұлпаның зақымдануы үсік деп аталады. Үсудің себептері тиісті жағдайларға (суықтың, желдің ұзақ уақыт бойы әсер етуі, жоғары ылғалдылық, аяқты қысатын немесе дымқыл аяқ киім, қозғалмайтын қалыпта болу, зардап шегушінің жалпы нашар халы – ауруы, әлсіреуі, алкоголмен мас болу, қансырау) байланысты әртүрлі болады. 3-7°С температурасы кезінде үсік болуы мүмкін. Үсуге саусақтар, қолдың буындары, табан, құлақ, мұрын тез шалдығады.

Алғашқы көмек зардап шегушіні, әсіресе дененің үскен жерлерін дереу жылытумен байланысты, бұл үшін зардап шегуші мүмкіндігінше жылы жерге жеткізіледі. Алдымен, дененің үскен жерін жылытып, ондағы қан айналымы қалпына келтіріледі. Егер үскен аяқ-қолды 20°С температурадағы жылы ваннаға салса, бұл ең тиімді және қауіпсіз болады. 20-30 минут ішінде су температурасын біртіндеп 40°С көтереді

Биология | Просмотров: 2000 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

Тыныс алу жеткіліксіздігі. Алқыну, асфиксия .

 

Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін өабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді:

1.      атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);

2.            олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);

3.                  өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы).

 Осы үш үрдістің қалыпты арақытынастары арқылы қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.

Биология | Просмотров: 1579 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

Туылғандағы жарақаттар

 

Туылғандағы ісік –терінің қанайналымының бұзылуынан ісіктің пайда болуы. Туылғандағы ісік баста, бетінде, жамбаста болуы мүмкін. Шегі анық емес. 3-4 күнде тарқайды. Емдік іс-әрекет қажетсіз. Мұздық қоюға болады.

 

Кефалогематома – баланың бас  сүйегі мен терісінің арасына қан құйылу. Еңбек аймағында жиі кездеседі. Шүйде, самай аймақтарында сирек кездеседі. Шекарасы анық, бір бөлімнен екінші бөлімге шықпайды. 7-10 күнде тарала бастайды /кей жағдайда 1 айға дейін созылады/.

 

Биология | Просмотров: 1820 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 14.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2531-2540 2541-2550 2551-2560 2561-2570 2571-2580 ... 2971-2980 2981-2983
Новости музыки