Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 30.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2371-2380
Страницы: « 1 2 ... 236 237 238 239 240 ... 298 299 »

ФОЛКЛОРИСТИКАДАҒЫ МИФ, ОНДАҒЫ ФЕТИШИЗМ МЕН АНИМИЗМ ТАБУ НАНЫМ-СЕНІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

М. Иманғазинов, Б. Есімбекова

 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,

Талдықорған қ.

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Алматы қ.

 

Мелеагр жөніндегі аңыз ертеде грек жерінде мекен еткен әр халықтар мен рулардың әдеби мұраларында сақталған. Оның қысқаша мазмұны төмендегідей суреттеледі:

Олимпиялық құдайларға аса бай құрбандық шалған калидондық патша Ойней, тек Артемиданы ған назарына алмағандықтан, аң құдайы – сол елге қаhарлы жабайы қабан жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті жапырумен болады, тіпті адамдарды да аямайды. Осы қайіпті аңды аулауға Ойнейдің ұлы Мелагр, бас болып, Грекияның көптеген ұлы батырларын жинайды. Осы аңның көзін құрту үшін Афинадан, Спартадан, Мессения мен Ферыдан, Иолктан, Аркадия мен Фессалиядан батырлар қатысады. Жоғарыда айтып кеткен жалпыгрекиялық фольклор санатына кіреді деуіміздің себебі де сол.

Философия | Просмотров: 2546 | Загрузок: 116 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

(Фото...  және синтез) – жоғары сатыдағы  жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі.
Биология | Просмотров: 1860 | Загрузок: 278 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы

 

   Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.

   1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.

   Руссо бірнеше еңбектер жазды: "Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), "Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), "Жаңа Элоиза” (1761), "Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман "Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.

Философия | Просмотров: 12777 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Дени Дидроның педагогикалық идеялары

(1713-1784)

 

   Дени Дидро – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды.

   Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол "дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.

   Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің "Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.

   Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.

Философия | Просмотров: 4467 | Загрузок: 117 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары

(1715-1771)

 

   Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.

   Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.

   Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.

Философия | Просмотров: 3426 | Загрузок: 97 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Француз материалистері мен ағартушыларының

педагогикалық көзқарастары

 

1.                Француз материалистерінің философиялық

көзқарастарына қысқаша сипаттама.

2.                Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары.

3.                Дени Дидроның педагогикалық идеясы.

 

   ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды  сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.

   Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді.

Философия | Просмотров: 3737 | Загрузок: 118 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

 Виктор Гюго (1802 - 1885)

 

Француз романтизмі тарихының Қайта жаңғыру дәуірінде Виктор Гюго шығармашылығының алғашқы кезеңі маңызды орын алады. Біріншіден, Гюгоның есімі 20-шы жылдардың аяғында Франциядағы романтикалық қозғалыстың символына айналды. Оның «Кромвель» драмасына жазған алғысөзі романтизмнің басты манифестерінің бірі деп қабылданды, ал «Эрнани» драмасының қойылымы әдебиетке романтизмнің түпкілікті жеңісі ретінде енді. Өз бойына таусылмас қажыр-қайрат пен табиғи талантты біріктірген Гюго француз әдебиетін өзінің даңқымен аспандатып жіберді. Ол бірден барлық жанрларда дерлік жаза бастады десе болғандай. Алғашқы одалар жинағы (1822), кейінірек балладалармен толықтырылып отырып, 1828 жылға дейін қатарынан төрт рет басылып шықты. «Кромвельге» және өлеңдер жинағына жазылған алғысөздер, 1819 жылы өзі шығарған «Conservateur litteraire» («Әдеби консерватор») журналында және басқа да басылымдарда жарық көрген әдеби-сын мақалалары оны жаңа әдеби қозғалыстың ең танымал теоретиктерінің біріне айналдырды.

Гюго романтизмі – жазушының дүние-болмысты қабылдауымен, суреткердің өмірдегі орны туралы түсінігімен тығыз байланысты. Басқа да романтиктер тәрізді Гюго да суреткер-жаратушының пайғамбарлық роліне кәміл сенеді. Өзгелер сияқты ол да қоршаған орта шындығының кемшіліктерін көре білді. Бірақ әлемдік тәртіптің негізіне қарсы бағытталған максималистік романтикалық бүлікшілік Гюгоны өзіне тартпайды. Жеке адамның әлемге жазмыштық қарсылығы ол үшін шектеулі емес. Романтикалық «екі дүниенің» бірізділігінің шешімін таба алмау да, жалпы оған жат. Гюго үнемі адам трагедиясын көрсетеді, бірақ олардың қашанда жалғаспалы (сериялы) қатерлі кездейсоқтықтар мен сәйкестіктердің қоршауында жүруі тегіннен тегін емес. Бұл кездейсоқтықтар сырт қарағанда ғана жазмыштық боп көрінеді. Мұның артында өркениетпен жетілудің игілікті жалпы ұлы заңдарының кездейсоқтық еместігіне деген сенім тұр. Гюго әрбір сәтте, адамзат пен қоғам дамуының нақты қай жерінде трагедияға соқтырған кемшілік кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын өте жақсы біледі. 

Философия | Просмотров: 2103 | Загрузок: 127 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Пьер Жан Беранже (19.8.1780 – 16.7.1857)

 

        Француз ақыны. 1798 жылдан бастап өлең жаза бастаған. Беранже ода, гимн, дифирамб сияқты көтеріңкі жанрларды жасаушылардың бірі. Оның өлеңдері марш әні, үндеу әні, памфлет әні, сатиралық ән, публицистика, элегия болып келеді. Реставрация дәуірінде Беранже өзінің уытты сатираларында король өкілетін («Шексіз аз»), эмиграцияда жүрген топас дворяндарды («Маркиз де Караба», «Ақ кокарда»), католик дін иелері мен иезуиттерді («Әулие әкелер», «Албастының ажалы»), реставрация дәуірінің барлық қайшоқпарын селтіре сынады. Оларға қарсы Наполеон солдаттарының («Қарт сержант», «Қарт капрал») ұнамды бейнелерін жасайды және оларды отанның нағыз адал ұлдары деп есептейді. Осындай еркін байлылығы мен саяси сатиралылығы Беранже екі рет сотталып, абақтыда отырады. Беранже 1830 жылғы шілде революциясына қатысты, оның жеңісін жырлады. Ақын халықты бақытқа жеткізудің жолын утопиялық социализм идеяларынан іздеді. Солардың басшыларын мадақтады. 1840 жылы халық наразылығы оның «Топан су» атты өлеңінен айқын сезіледі. К.Маркс Беранжені «өлмейтін ақын» деп атады. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.П.Добролюбов оның әдеби мұраларын жоғары бағалады. Беранже өлеңдерін алғаш рет орыс тіліне аударғандар Н.И.Дмитриев пен А.А.Дельвиг болды. 1850 ж. В.С.Курочкин мен М.М.Михайлов аударған өлеңдері халық арасына кең тарады. Совет ақындары П.Антокольский, В.Дмитриев, В.Левик, Вс.Рождественский де Беранже өлеңдерінен тамаша аудармалар жасады. Беранженің бірен-сараң өлеңдері қазақ тіліне аударылды.

Философия | Просмотров: 1301 | Загрузок: 121 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Альфонс Ламартин (1790 – 1869)

       

           Шығармашылық ғұмырнамасы. Альфонс Ламартин Франция поэзия көкжиегінде ХІХ ғ. 20 жылғы ең жарық жұлдызының бірі ретінде көзге түсті. Ламартинның танымал өлең жинақтары  "поэтикалық ойлар” (1820),  "Жаңа толғаныстар” (1823), "Поэтикалық және діни үндестік” (1830). Бұл жинақтарда Жозеф де Мэстрға, Шатобрианға, Бональдқа арналған одалар болғандықтан және оның поэзиясында діни өлеңдерге көп орын берлігендіктен, қайта жаңғыртушылар оны бірден  өзінікі деп танып, әдеби ғана емес, саяси сый-сияпатқа да бөлеп тастады. Ол әдеби салондарда да, дипломатиялық істерде де жарқырап көзге түсті. Бірақ Июль революциясы қарсаңында Ламартин күтпеген жерден өзінің Бурбондар сарайының ресми саясатымен  келіспейтіні туралы мәлімдеме жасап, қызметінен кетілді де, Июль революциясына ұстамды болса да қолдау танытып, либералдар партиясына кетеді.

Философия | Просмотров: 1343 | Загрузок: 126 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

ХІХ ғасырдағы шетел  әдебиетінің тарихы

 

Романтизм дәуірі

                                                      

                                                 Француз романтизмі

 

Франциядағы романтизм тағдырының өзіндік ерекшелігі аталмыш жалпыеуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ ғасырлар тоғысында пайда болуына және дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар қалыптастырған осы елде өзге ірі еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек, Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында жатыр.

Философия | Просмотров: 1667 | Загрузок: 121 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2351-2360 2361-2370 2371-2380 2381-2390 2391-2400 ... 2971-2980 2981-2987