Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 20.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2221-2230
Страницы: « 1 2 ... 221 222 223 224 225 ... 298 299 »

ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК, 
ТҰРАҚТЫ ДАМУ

Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақ¬стан¬дық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақ¬станның білім және ғылым қызметкер¬лерінің ІІ съезінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қазақстанның отан¬шылдық сезімін тәрбиелеу білім беру¬дің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орында¬рына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің хал¬қын сүюге тәрбиелеу – мұғалім¬нің аса маңызды, аса жауап¬ты да қадірменді парызы” – деген сөзіне үңілсек, онда Қазақстан мем¬лекетінің егемен ел болып қалыпта¬сып, дербес мемлекет болуы және өркен¬деп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. 
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни на¬ным сенімдер¬мен тығыз байла¬ныс¬ты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. 
Президенттің Жолдауында ең мықты 50 елдің қатарына кіру туралы керемет ой айтылды. Бұл – ұлттың ортақ ұраны.
Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осы¬ған өз әлінше үлес қосуы – бұ¬ның басты шарт¬тарының бірі. Жас¬тарға патриот¬тық тәрбие беру¬дің бағдарлы идея¬ларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қа-зақстан – 2030 ” атты еңбегінің "Қବзақстан мұраты” деп атала¬тын бөлі-мінде: "…біздің балала¬рымыз бен не¬мерелеріміз… бабаларының игі дәс¬түрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарық¬тық экономика жағдайында жұ¬мыс істеуге даяр болады. Олар бей¬біт, абат, жылдам өркендеу үстін¬дегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары бо¬лады” – деп, үлкен үміт артты.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1830 | Загрузок: 231 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушы, мәдениеттанушы

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ - ДІНИ БІРЛІГІМІЗДЕ [1]

«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!» (Фатиха сүресі)

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия тағы бар деген сөз. Еліміз зайырлы, құқықтық және демократиялық мемлекет. Бізде діни сенім және ар-ождан бостандығы бар. Заңдарымызда белгілі тәртіппен елге келген миссионерлердің діни үгіт-насихат жасауына рұқсат етілген. Азаматтар заңда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, діни бірлестіктер құра алады, ғибадатханалар аша алады.
Әрине, жоғарыда келтірілген құқықтар мен бостандықтар әр демократиялық, зайырлы елде болуға тиісті шарттар. Дегенмен, еліміздің демографиялық, гео-саяси және гео-экономикалық жағдайын есепке алғанда, осыншама көп конфессияның ұлттық тұтастығымызға, еліміздің бүтіндігіне, ұлтымыздың болашағына нұқсан тигізуі ықтимал ма, деген заңды сұрақ мазалайды. Діндер тарихын зерттеген мамандар діни сезімдердің адамдарды біріктіруде қандастық, жерлестік, руластық, нәсілдестік қатарлы факторлардың бәрінен де күшті болғанын дәлелдеген. Демек, қоғамның алуан дінге бөлінуі ұлтты ұйымдастыратын байланыстарды әлсіздендіретін және әлеуметтік бейбітшілікті бұзатын қауіпті фактор. Жалпы, адамзат тарихы дінге бөлінушілік және діни өшпенділік салдарынан туындаған қақтығыстар мен дағдарыстарға толы...
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1183 | Загрузок: 235 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Шерубай Құрманбайұлы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 
қоры» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі,
 филология ғылымдарының докторы, профессор

ҰЛТТЫҚ ТЕРМИНҚОР ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АЛАШ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ
 
Қазіргі қолданысымыздағы қазақ терминологиясы, ғылым тілі бір күнде қалыптаса қалған жоқ. Ол өзінің қалыптасу тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Ел өмірінде болған елеулі өзгерістерге байланысты 90-жылдары қазақ терминологиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл кезеңнің басталғанына да жиырма жылдай уақыт болды. Қазіргі кезеңдегі терминология дамуының бағыт-бағдарының дұрыс-бұрысын  ғылыми тұрғыдан зерделеп, жүргізіліп жатқан терминологиялық жұмыстарға сараптама жасайтындай мерзім өткендігі айқын сезіліп отыр. Ал мұндай ауқымды да жауапты жұмысты өз деңгейінде атқарып, ғылым тілінің, терминологияның бүгінгі жай-күйінің шынайы қалпын көрсету үшін, оның кешегі өткен даму кезеңдерін де арнайы зерттеп, ерекшеліктерін, өзіндік сипатын анықтап алуға тура келеді. Сонда ғана сол кезеңдердің жалпы сипаты мен өзіндік ерекшеліктерін салыстыра талдау арқылы қазіргі таңдағы ғылым тілінің даму үрдісіне объекті баға беру мүмкіндігіне ие боламыз. Мәселеге бұл тұрғыдан қарағанда, біз алаш зиялылары еңбек еткен 30-жылдарға дейінгі ғылым тілінің қалыптасу кезеңін арнайы зерттеуші ретінде осы екі кезеңнің ерекшеліктері мен ұқсастықтары, сабақтастық пен дәстүр жалғастығы туралы кейбір тұжырымдарымызды ортаға салуымызға болады. 
Біріншіден, Ахаң бастаған алаш оқығандары ұлт тіліндегі терминологиялық қордың негізін қалады. Біз ХХ ғасыр басынды алаш зиялылары жасап, ресми бекіткен жүздеген терминдерді күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданып келеміз. Олардың қатарына жәбірленуші (потерпевший), ұғым (понятие), өкіл (представитель), үкім (приговор), қосымша (приложение), өткізгіш (проводник), тозаң (пыльца), ерітінді (раствор), алым (сбор), буын (слог), аталық (тычинка), серпімділік (упругость), күлте (венчик), сөгіс (выговор), баяндама (доклад) сынды сан түрлі саланың терминдерін жатқызуға болады. 
Бұл сияқты терминдер қатары қазақ терминологиясының негізінің сонау жиырмасыншы жылдары қаланғанын көрсететін нақты тілдік деректер болып табылады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1941 | Загрузок: 222 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

 

         Зерттеудің өзектілігі. Театр мен шешендік өнер адам баласының ақыл-ой мен сезім пернелерін сөз бен іс арқылы білдіруге талпынған пиғылынан туындаған, рухани негізі ортақ екі түрлі шығармашылық әрекетінің көрінісі. Театр өнері мен шешендік өнер мыңдаған жылдар бойы бір-біріне ықпалдық жасап, әрі  санаткерлік категориялар ретінде бірін-бірі байытып келеді. Әлбетте, тарихи тұрғыдан қарағанда шешендік өнер мәдени құбылыс ретінде театрдан бұрын пайда болғаны бесенеден белгілі.

         Адам баласы өзінің ойын сөз бен қимыл арқылы білдіреді. Шешендік өнерде сөз бірінші орында. Ал театрда сөз өнеріне әрекет қосылады, сахнада актерлар сөйлеп қана қоймай, адамның іс-әрекетін, тұрмыс-салтын, күрес-тартыс, махаббат, өмір мен өлім сияқты сезім шайқасын басынан кешіреді. Сонымен қатар, шешендік өнерге де актерлық шеберліктің барлық қағидалары өгейлік етпейді, шешенге де қимыл-қозғалыс, ишарат-мезірет (жест), көзқарас керек, тыңдаушысының жетесіне жеткізе сөйлеу, оны жақсы көру-жек көру, ой тастау-ойландыру,  яғни алға қойған мақсатының үдесінен шығу жолында ол неше түрлі ішкі иірім, әрекет-әдістерге барып, сан қилы сезім шарпылыстарын басынан кешіреді. Демек, театр өнері де, шешендік өнер де адами қарым-қатнастардың ортақ заңдылықтарына бағынады, шешендер де, актерлар да сахналық шеберліктің ортақ әдістерін пайдаланады.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1436 | Загрузок: 258 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Ұлттық суретшілердің рухани әлемі

 

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәденидәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығынқамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2856 | Загрузок: 247 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

1. Отбасы тәрбиесi, (ұл мен қыз тәрбиесiнiң ерекшелiктерi, жастарды жұбайлық өмiрге даярлау).

2. Отбасы тәрбиесiнiң 8 түрi.

3. Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерiн марапаттаудың әлеуметтiк мәнi

Қазақ халқы ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне ерекше қарап, оның өзiндiк ерекшелiгiн ескере тәрбиелеген. Осыған орай ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне жеке-жеке тоқталуға тура келдi.

 

Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар  сiңiрген.  Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып  азамат болғанға  дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейiн жусатпауды тапсырған.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1951 | Загрузок: 244 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОЖ 378.1:7.02(574) 

            С 39 


ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ШЕБЕРІ С.А. ТӨЛЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ


А.Ә. Сихаев. Н.Б. Раимов 

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.


Бұл мақаладағы біздің мақсатымыз, қазақтың топ ою-өрнек өнерінің тарихи сыры мен оны дамытушы шеберлердің маңызын аша түсу болып саналады. Бүгінде шын шебердің ою-өрнекке, яғни, халық өнеріне қосқан өзіндік ерекше өрнегін, жаңалықтары мен ой-кеңестерін зерделеп, талқылап, бұл ою-өрнек саласындағы қосқан шығармашылық үлесіне арнайы баға беру, әлі күнге дейін дұрыстап қолға алынған жоқ. Кеңес одағы кезінде әр ресепубликалардағы бейнелеу өнері салаларының көркемдік дамудағы бағыты мен деңгейінен, көпшілікті, мамандарды хабардар етіп, жеке суретші-шеберлердің шығармашылығын саралап отыратын «Художник»,  «Творчество»,  «Декаративно-прикладное искусство», «Юный художжник», «Наглядная агитация» сияқты, арнайы журналдар шығып тұратын. Сол журналдардан ұлттық өнер саласындағы жай-күйінен аздап болса да, жалпылай мәліметтер алуға болатынды. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін, белгілі себептермен, осы бейнелеу өнері саласына арналған сол журналдардың таралуы тоқталды.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1660 | Загрузок: 218 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

Ұлттық ойындар мен өнердiң тәрбиелік сипаты

 

1. Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы.

2. Ұлттық ойын-сауық түрлері туралы.

3. Әдет-ғұрып ойындары арнаулы жырмен, айтыспен басталуы.

 

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1219 | Загрузок: 223 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК

ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

 

Ә.О. Қамақ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

 

Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз.   Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші -  идеал.

Философия | Просмотров: 5022 | Загрузок: 596 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕР - ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

 

Ахман Сұхбан

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университеті

Астана қаласы

 

 

    Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй  интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі ұсынысы  болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Ал дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден. Сондықтан айналып келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет, халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды  енгізу арқылы. Біз бұдан не ұтамыз, менімше біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаз аз.

Философия | Просмотров: 6871 | Загрузок: 372 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2201-2210 2211-2220 2221-2230 2231-2240 2241-2250 ... 2971-2980 2981-2987