Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2211-2220 |
Страницы: « 1 2 ... 220 221 222 223 224 ... 298 299 » |
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ – ҚАЗАҚ МҰРАТЫ
Х.Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры 1. Мәселенiң мәнi Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. қазақтар да әлемнiң саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнiнде айтқандары бүгiнгi күнге жетiп отыр. |
«Мұражай тәрбие өзегі»
(Ақселеу Сейдімбековтің
«Күнгір-күнгір күмбездер»
кітабы бойынша 4-5 сынып оқушыларына арналған
саяхат ойын)
Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Дружба» совхозына 1942 жылы дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан. «Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші, мұнан әрі «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің болған. «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал «Білім және еңбектін» бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың тұрғыны, «Азия транзит» журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді.
А.Сейдімбеков оқырман қауымға «Ақиық» (1972); «Қыр хиқаялары» (1977); «Кеніш» (1979); «Тауға біткен жалбыз» (1979); «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981); «Серпер»; «Алпамыс батыр» (1982) сияқты кітаптарымен жақсы танымал.
|
Хакан Одунжу
Гламорган университетінің ғылыми
қызметкері, электрондық-инженерлік
ғылымдар докторы (Англия)
ҰЛЫБРИТАНИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ
Ұлыбританиядағы қазақтардың саны
Түркиядан біраз қазақтар 1980 жылдың басынан бастап Ұлыбританияға жұмыс бабымен қоныс аудара бастаған. Олардың барлығы дерлік бұл күнде Лондонда өмір сүріп жатыр. Бұдан басқа соңғы жылдары Қытай және Ауғанстан сияқты елдерден Ұлыбританияға келіп баспана сұрап тұрып қалған біраз қазақ тағы бар. Бірақ олардың саны көп емес. Жалпы алғанда, Түркиядан Ұлыбританияға көшіп келіп тұрып жатқан қазақтардың саны 200 адам шамасында. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тұрмысқа шығып (үйленіп), жоғары білім алып немесе жұмыс істеуге тағы басқа себептермен көптеген Қазақстан азаматтары Ұлыбританияға келіп өмір сүруде. Ал «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға келген қазақ жастарының көбі оқуларын бітіргеннен кейін Қазақстанға қайтып кетіп жатыр. Бұл елде тұрмыс құрып немесе жұмыс істеп тұрақты тұрып қалу шешіміне келген қазақстандық қазақтардың саны 100-150 шамасында.
|
Ұлыбритания¬¬-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата).
Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады.
|
ОӘЖ 784.6:940.53.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
С.Т.Нұрманова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ән-ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі , заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы.
Әннің жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде, қуанышында да, демалыс уақытында да, еңбек пен тұрмыста да көңіл серігі болады. Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармалары бүгінгі жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, білімге өнерге құштарлығын қалыптастырады.
«Жас шақта берілген тәрбие өмірлік азық»- дейді халқымыз. Осыған орай қазіргі таңда жастарымызды патриоттық әндермен жан-жақты дамыған, білімді, өнерлі, еңбек сүйгіш адамгершілікке тәрбиелеуіміз қажет.
Жастарды өскен ортасын сүюге, халықтар достығы рухында тәрбиелеу деген-жеткіншектердің бойына қазақ халқының дүниежүзілік мәні бар тарихи жеңісін, халықтар достығының саяси әдісін, өскелең күшін халықаралық ынтымақтастық принциптерін түсініп,бойға сіңіре білу, ұғындыра білу сияқты педагогикалық жайлар мен әдістерге баулу керек деген сөз.
«Ерлік табиғат сыйы емес,-дейді Бауыржан Момышұлы, -ең алдымен өзіңнің ар-намысыңды және азаматтық қасиетті абыройыңды ұлтқа қалу, опасыздықпен масқара болу сезімнен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімі, азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен-өзің сайысқа түсе отырып, тұтас өміріңнің игілігін ғана емес, сонымен қатар қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жан, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп қатерге бас тігуге мәжбүр ету,» -деп, Отан алдындағы азаматтық парызды орындауда, халықтың тұрмыс тіршілігі үшін жан аямай күресуді көздеді.
|
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.
Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібеек жолы” атанғаны түсінікті. Ал "Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол "Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.
|
Ұлы Жібек жолы
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.
|
Ұлы даланың астаналары
Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар.
Бәлкім, бұл Даланың анық тарихы, шыншыл шежіресі – сол Аңыз болар.
Бір кездері, есте жоқ ерте заманда, бұл Далада қайталанбас далалық өркениет дүниеге келіп еді. Жалпақ әлемге жанын айқара ашып келіп еді.
Өркениет дегеніміз – шаһарлар. Осы қағиданың айнымас ақиқат боп санамызға сіңгені сонша, біз тіпті көш пен қала бірімен бірі мүлде сыйыспайтын әлемдер деп білдік.
Ал, шындық не дейді?
Көктемге ілесіп көкжиекке сіңген көшпенді бұлдыраған құла сағымда тербеліп, қиырсызға сарғая көз тіккен құтты Ордасы – туған Елінің байтақ шаһары орнаған осынау берекелі өзен-сулардың жағасына күні ертең-ақ қайтқан қаздай мамырлап қайта ораларын анық білетін.
Ұзына ғасырлар бойына Ұлы Далада жаңа қала, елді мекендер бірінен соң бірі бой көтеріп жатты.
Сахара жүзін шаһарлармен өрнектеп, мұнара, қорған соғып зерлеген шеберлер кімдер еді?
|
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал / ҚМРБК Құраст. А.Байжұманова.- Алматы, 2003.- 46 б.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толған мерейлі жыл.
Үкіметтің мерейтойларға байланысты қаулысына сәйкес 100, 125, 150, 175, 200 жылдықтар ғана тойлануға жатады. Осы қаулыға салсақ, Ахмет Байтұрсынұлының 130 жылдығы жаппай аталып өтілмейді. Алайда, кейінгі ұрпақ ұлы ғұламаның туған күнін жадынан ешқашан шығармаса дейсің. Оның бір ғана жолы- жыл сайын Ахаң атын атаусыз қалдырмау. Осыған байланысты С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы балалар оқуының жетекшілеріне арнап жазылған "Ұлттың ұлы ұстазы” атты әдістемелік құралын назарларыңызға ұсынады.
Ұлттың ұлы ұстазы
Суреттеу кеші
Қатысушылар: өмірбаяншы, әдебиетші, көркемсөз оқушы
Залдың безендірілуі:
А. Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі, мына эпиграф жазылған плакат: "Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.
Әбіш Кекілбаев
|
Ұлт ұстаздары Ы. Алтынсарин мен А. Байтұрсынұлы
мектеп оқушыларына кезінде Ленинді дәріптегеннен артық ұлықталуы тиіс
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақтың тұңғыш халық ағартушысы, ұлт ұстаздарының атасы атанған Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңін жұртшылық арасында білмейтіндер кемде кем. Дегенмен де, осы балаларға арналған өлеңнің «Бір Аллаға сыйынып» деп басталатыны, бұл жолдардың кеңес тұсында алынып тасталғаны кейінгі күндері ғана белгілі болды.
Шындығында қазақ баласын оқуға, білім мен ғылым жарығына шақырған бұл өлең Ресей патшалығының орыс миссионерлерін жіберу арқылы қазақ даласын жаулай бастаған жылдары жазылғандығы анық. Сондағы алғаш рет ұлы даладан мектептер ашу ісінің мәнісі де түсінікті – қазақты ұлт ретінде жою. Яғни, Патшалы Ресей қазақты орыстандырып, православие дініне мойынсындырсам деген ниетінен барып қана қазақ сахарасында алғашқы миссионерлік мектептер ашылды. Бұл жөнінде ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Закон жобасының баяндамасы» атты «Қазақ» газетінде шыққан топтама мақаласында арнайы тоқталып өтеді. Онда автор былай деп жазады: «Дін жұмысы туралы 1822 жылғы Сібір уставында айтқан: бұ күнгі қазақтардың дінінде мұсылмандықтан мәджусилік (отқа табынушылық) мол, сондықтан да бұларды христиан дініне кіргізуге үміт бар. Облостной кәкімдер қазақ ішіне миссионер жіберуін сұрау керек. Миссионерлер қазақты зорламақ, өз еріктерімен христиан дініне үгіттеу керек... (Басқарма)». Осы тарихи деректің өзі мәдени-рухани тәсілмен жүргізілген отарлау саясатын ашық көрсетеді. Бірақ, діни миссионерлердің бұншалықты ұлтты жоюға бағытталған сорақы қам қаракетінен ештеңе шыға қоймады. Сол кездердің өзінде миссионерлер мектебінің табалдырығын аттағандар, яғни жат пиғылдылардың тәрбиесін көргендердің өзі түптеп келгенде ғылым мен білімге ізденістерін өздігінен дамытып, өз ұстаздарының мақсатын жүзеге асыруға емес, ұлтының білімді болуына қызмет ету жолын таңдағаны, сол бағытта табандылық танытқаны анық. Сондай ұлы тұлғаның бірегейі һәм қазақтың ұлттық ағарту ісінің атасы – Ыбырай Алтынсарин.
|