Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2201-2210 |
Страницы: « 1 2 ... 219 220 221 222 223 ... 298 299 » |
VІ. ТІРШІЛІК ЭВОЛЮЦИЯСЫ
4.1. Тіршілік эволюциясы
Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған "Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.
Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым бөліктерден – бір-бірімен түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.
|
Даниэль Дефо (1660-1731) Ағылшын жазушысы, публицист Даниэль Дефо 1660 ж. Лондонда дүниеге келеді. Оның ата-бабаларының фамилиясы Фо болған, жазушы оған «Де» әріптерін қосқан. Дефоның әкесі қолөнерші болып, шеберхана ұстаған. Ол ұлын рухани академияға берген. Болашақ жазушы онда француз, итальян, испан және латын, көне грек тілдерін үйренді. Дефо Диссентер колледжін бітірді. Ол кәсіпкер шарап сатушы болып, Франция, Италия, Испания және Португалия елдерінде болды. |
Уильям Шекспир (1564 – 1616)
Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған). Уильям Джон Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда латын және көне грек тілдерін үйренді. Әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай, 16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады (ет сатушының шәкірті, ауылдық мектепте репетитор т.б.). 18 жасында Уильям Анна Хесуэй деген өзінен 8 жас үлкен фермердің қызына үйленеді.
XVI ғ. аяғында театр ағылшын халқының сүйікті өнері болды. Ол кезде Лондонда онға жуық театр болған. 1585-1612 ж. Шекспир Лондонда тұрды. Ол өзі жақсы көрген театрды төңіректейді: әуелі театрға келушілердің атын бағушы, соңынан актер, режиссер, драматург болады. Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланысты болды. Оның пьсалары алғаш рет студент-жастардың күшімен қойылды. Сол кезден бастап Уильям Шекспирдің барлық өмірі театрмен байланысты болды.
1593 ж. Шекспир Джеймс Бербедж басқарған ең жақсы труппаға кірді. Труппаның мүшелері 1599 ж. «Глобус» театрын салды. Бұл театрда Шекспирдің пьесалары жиі қойылды.
|
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы
Шоқан Шығысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ. Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Кқкшетай облысы) баурында өткен. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан. Арғы атасы Абылай.
Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алыпты. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Шоқан табиғатынан зерек, алғыр болған. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген; кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.
1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.
|
Шоқан Уәлиханов
(1835-1865)
"Сүйер ұлың болса,
Сен де сүй.
Сүйінерге жарар ол"
(Абай.)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған.
Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.
|
«Моншағымның әр тасы бiр өлең-дi»
Сөз өнерi қазақпен егiз. Қызыл тiлдiң майын тамызып, қара сөздiң құдiретiн асқақтатқан ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан Ақтамбердi, Мұрын, Бұқар секiлдi жырауларды айтпағанда, Ақаны мен Бiржаны, Сегiзсерiсi мен жаяу Мұсасы бар қазақтың ауыз әдебиетiнiң қатарында үкiлi бөрiктi, бүрмелi кәмшатты қыздары қаншама? Бұл қатарда «таңдайында өлеңнiң ұясы бар» екенiн дүйiм қазақ тамсана айтқан Ұлбике есiмi ерекше аталады.
Ұлбике Жанкелдiқызы қазiргi Қызылорда облысына қарасты Тереңөзек өңiрiнде 1825 жылы дүниеге келген. Кейiнiрек әке-шешесiнiң қоныс аударған жерi Жамбыл өңiрiнiң Талас бойы болғандықтан, оның айтыстарының көбi Талас маңында айтылғанын деректер растайды. Ұлбикенiң ақындық өнерiнiң биiктiгi ата-анасына да қатысты болса керек. Себебi, әкесi Жанкелдi де, анасы Жаңыл да қара жаяу емес, өлең мен сөздiң қасиетiн бiлетiн ауызекi өлеңге жүйрiк жандар болған. Осындай тәрбие көрiп өскен Ұлбике өз бетiнше оқып бiлiп, бiлiм, ғылымға да кенде емес екенiн айтыстарынан байқатқан.
Тарихтан бiзге жеткен жаухар жырлардың иесi Күдерi қожа бiрде «осы ел Ұлбике, Ұлбике дейдi, сол өзi кiм екен? Ақындығы асқан деушi едi, мен барып айтысып шамасын көрейiн» деп домбырасын сайлап, Таласқа аттанбақ болғанда, әкесi Еркөшек қожа: «балам, Ұлбикемен айтысу кез келген ақынмен айтысу емес, ол үшiн Бұқараға барып үш жыл оқып бiлiм жинап дайындал»-деп, тоқтатса керек. Айтса айтқандай, Ұлбикенiң ақындық қабiлетi орасан, ол тiптi кәдiмгi ауызекi тiлдiң өзiн қара сөзбен емес, өлеңмен айтатын дарын иесi болған. өйткенi, туылғаннан бастап мылқау болған, он екi жасқа дейiн тiлi шықпаған Ұлбике сөзiн бiрден өлеңмен айтып кеткен көрiнедi.
|
Бақытжан Әбдірайымов
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің ректоры,
заң ғылымдарының докторы, профессор
ҰЛТ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ АЛАШ МҮДДЕСІ
Құрметті конференция қонақтары!
Қадірлі отандастар!
Біз Қазақстан Республикасы аталатын дәстүрі терең, бағдары жаңа қоғамның бар мүмкіндігін экономикалық, мәдени-рухани дамуға жұмсап келеміз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы». Біз бүгінгі ұлттық дамуымызға, Алаш құндылықтарына да осындай көзқараспен қараймыз. Біз рухани дүниеміздің мән-мағынасын жарқын тарихымыздың айрықша оқиғаларымен, тұлғаларымен сабақтастықта зерделейміз. Әрине, әр нәрсе өздігінен жүзеге аса қалмайды, бабалар тағылымын бүгінге жеткізуші, ең бірінші кезекте – білімді де отаншыл зиялы қауым.
Бұл орайда біріншіден, ғасырлар тағылымын зердесіне тоқыған, ұлттық құндылықтарымызды түрлі салалар бойынша ғылыми тұрғыдан саралап, теориялық негізін қалаған және бүгінгі ұрпаққа аманаттаған кешегі Алаш зиялыларының рухы жасай берсін дегім келеді. 2007-2008 жылдар біз үшін Алаш зиялыларының Отанға, ұлтқа қызметінің 90 жылдық мерейтойымен де қымбат. Бұл бағытта біздің университет Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп ірі ғылыми жиын ұйымдастырып, біршама іс-шара атқарып отыр. Естеріңізде болса, ЕҰУ былтыр да осы қараша айында Елордада Алашқа қатысты 2 конференция өткізген-ді.
Екіншіден, шақыруымызды қабыл алып, ғылыми ойларын ортаға салу үшін жиналған әлемнің түкпір-түкпірінен келген ұлтымыздың білімді азаматарына алғысымды білдіргіміз келеді. Алаш зиялыларының жан-жақты істерін зерделеуге сіздер де атсалыса аласыздар. Ал ол зерде, әсіресе біздің жастарымыз үшін өте қымбат.
|
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсат-міндеттері айқындалды. Зерттеудің теорилық және практикалық негіздері мен ғылыми жаңалықтары тұжырымдалып, еңбектің сыннан өтуі мен жариялану жайы баяндалды.
"Қытайдағы қазақтардың тарихи жырларының жиналуы мен зерттелуі” деп аталатын бірінші бөлімде Қытайдағы қазақтар арасында бұрыннан сақталып келе жатқан тарихи жырлар мен кейіннен туған тарихи жырлардың жиналуы мен зерттелу деңгейі қарастырылды.
Ол үшін алдымен Қытайдағы қазақтар деген кімдер, олардың саяси-әлеуметтік жағдайы қандай? деген сұрақтарға жауап берілді.
Екіншіден, Қытайдағы қазақтардың рухани мұрасы жалпы қазақ фольклорынан бастау алады, тамырлас деп қаралып, "…кейінгі туған фольклорында өзіне тән ерекшелік бар. Екі елдің арасына шекара сызығы тартылғаннан кейін сол жақтағы жағдайларға байланысты эпикалық жырлар қайта өңделіп жырланды, жаңа эпикалық жырлар да туа бастады. Атап айтқанда "Манас”, "Сабалақ”, "Бердіқожа батыр”, "Қабанбай батыр”, "Жәнібек батыр”, "Арқалық батыр”, "Әлібек-Бор батыр”, "Әтікей-Нұржекей”, "Зуха”, т.б. батырлық, "Ахмет-Кәшім”, "Садық-Салиқа” сияқты лиро-эпостық жырлар болған 5, 328-б. – дей келе, Шыңжаң қазақтарының осы тұстан (шекара бөлінгеннен кейін) бастау алған тарихи жырларын шартты түрде бірі – сыртқы жауға(жоңғар), екіншісі – ішкі жауға(гоминдаң) қарсы күрес негізінде туған жырлар деп екі топқа бөліп қарастырылды.
|
УДК. 7.04.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ АҒАШ ОЮ-ӨРНЕГІНІҢ ЭТНО-МӘДЕНИ ҚЫЗМЕТІ
F. Құрманқұлова
Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназия, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ - өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп, М.Әуезов айтқанындай, өсіп келе жатқан ұрпағымызға өз халқының өнерін бойына сіңіріп өсу – педагогтердің қазіргі кездегі кезек күттірмейтін мәселесі.
|
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ – ҚАЗАҚ МҰРАТЫ
Х.Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, Еуразиялық ұлттық университетінің профессорыҰЛТТЫҚ ИДЕЯ – ҚАЗАҚ МҰРАТЫ Х.Әбжанов, тарих ғылымдарының докторы, Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры 1. Мәселенiң мәнi Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. қазақтар да әлемнiң саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнiнде айтқандары бүгiнгi күнге жетiп отыр |