Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2191-2200
Страницы: « 1 2 ... 218 219 220 221 222 ... 298 299 »

Термохимияның негізгі мақсаты
Термохимия – химиялық динамиканың бөлімі, ол химмиялық реакциялардың жылу эффектісін және реакцияның жүру барысындағы элементтердің физико-химиялық параметрлеріне тәуелділігін қарастырады. Сонымен қатар термохимия мақсатына жылудың фазалық өтулер, ерулер, қосылу, тағы басқа процестер, жылу сыйымдылықты меңгеру және заттардың энтальпиясы мен энтропиясы кіреді. Термохимияның негізгі тәсілі – калориметрия болып табылады. Кей жағдайларда калориметриялық емес те тәсілдер (тепе-теңдік константасын өлшеу нәтижелерінен жылу эффектілерін санау) қолданылады, алайда бұл жағдайларда нәтижелер онша дәл болмайды.
1840 жылы Гесс атты химик тамаша заң ашты, кейіннен осы заңға оның аты беріліп, бұл заң реакцияның жылу эффектісін, заттардың түзілу жылулығын немесе олардың жануын есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тузілуі қиын, ал кейде мүлде мүмкін емес реакцияның жылу эффектісін табуға жол ашты. Есептеуге қажетті стандартты жылу түзілулер Нтүзо фундаменталды термохимиялық анықтамаларда жиылған.
Физика,механика | Просмотров: 2464 | Загрузок: 274 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан

(Көне Түркі, Түргеш және Қарлұқ қағандықтары 
кезіндегі мәдениет)

Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды. 

Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді. 
Тарих | Просмотров: 1149 | Загрузок: 222 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОЖ 940.2(574)

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ   ЖӘНЕ ОНЫҢ  КӨЗДЕРІ

С. Тәжіғұлова
Ғ. Мұратбаев атындағы № 17 орта мектеп, Тараз қ.

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары  дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
 Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). 
V-IX ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта  және  Орталы             қ Азия жерінде жазу, сызу, егін, әдебиет өнері, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Тарих | Просмотров: 6074 | Загрузок: 299 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
ҚР Білім қайраткерлері одағының мүшесі

ТҮРКIЛЕРДIҢ ИСЛАМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
МӘДЕНИЕТIНДЕГI ЕРЕКШЕ ОРНЫ

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ, католик, бұдда дiндерiнiң мансұбтары шат-шадыман өмiр сүрген, олар дiни-рухани өмiрiнiң ең гүлденген дәуiрiне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мисалы, сан ғасырлар бойы Османияның билiгiнде болған Грекия, Бұлғарыстан, Мажарыстан, Сербістан, Рұмыныстан, Әрмәния, Гүржістан (Грузия) сықылды мемлекеттер; Африкадағы мұсылман билеушiлердiң құзырында болған халықтар; Моғолдардың иелiгiнде болған Үндiстан халықтары өз дiнiнен аластатылған емес. Олардың өз дiнiн, тiлiн, әлiппесiн һәм ежелгi салт дәстүрiн емiн-еркiн сақтап келгенi айқын.
Тарих | Просмотров: 1085 | Загрузок: 214 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

ДYНИЕНI ДYБIРЛЕТКЕН ТYРКIЛЕРДIҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСI

"Қолына олимпиялық алауды ұстаған халық оның жалынын әрi қарай шалқыта түсуге тиiс" (Пьер де Кубертен, қазiргi олимпиялық ойындардың негiзiн салушы) Бiздер қазiргi кезде мекендеп, ғұмыр кешiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы бұрынғы көне дәуiрде Скифия (Сақстан), Тұран, Дештi-Қыпшақ даласы, Қазақ даласы (яғни Қазақстан) аталған. Бұл жерлердi байырғы ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндар мекендеген. Ерте күнде, отты күннен Ғұн туған, Отты Ғұннан, от боп ойнап мен туғам. Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi. Туа сала жалынменен мен жуғам. Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен – Күн ұлы, көзiмде күн нұры бар. Мен келемiн, мен келемiн, мен келем – Күннен туған, Ғұннан туған пайғамбар, – деп шабыттана жазады, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев. Мiне, ежелгi Тұранды мекендеген, суыққа да шыдамды, ыстыққа да төзiмдi Алтай таулары мен Атырау теңiзiнiң арасында ұшқан құстың қанаты талар ұлан байтақ кең жердi мекен еткен ата-бабаларымыз мықтылығын, жауынгерлiгiн дәлелдейтiн құжаттар туралы әңгiмелейiк. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1051 | Загрузок: 209 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

УДК 950/959: 930.26

ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Т.Н. Сериев 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
е-mail: tanat [email protected]

Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі Сығанақ болды. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қала еді. Бұл қала туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде айтылған. XI ғ. Ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзін "Түркі тілінің сөздігі” еңбегінде жазып қалдырған. Ол сығанақ қаласын оғыз  қалаларының  ішінде атап өткен [1, 174 б]. Бұл қаланы әр жылдары көптеген ғалымдар зерттеген. 1862 ж П.И.Лерх, 1906-07 ж. И.А.Костанье, 1947 ж. А.Н.Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеулер жүргізді.
1929ж. А.Ю.Якубовский "Развалины Сыганака” еңбегінде толық мағлұмат беруге тырысқан.ХХ ғасырдың 70 жылдары К.Ақышев пен К. Байпақов  Сығанақ жерінде болып көптеген зерттеулер керек екенін айтты [2, 48-49б]. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "мәдени мұра” бағдарламасының негізінде қазіргі таңда Сығанақ қаласының орнында  археологиялық зерттеулер қолға алынуда, ашық аспан астында музей ұйымдастыруға көптеген жағдайлар жүргізіліп отыр. Түрік өркениетінің дамуына Сығанақ қаласы өзіндік үлес қосты. Ал енді сол ортағасырдағы  тарихи маңызы бар Сығанақ қаласының тарихына тоқталайық. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі-шығысына баратын керуен жолдардың қиылысында орналасқан ол XIIғ. Қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір сығанақтың орнында сунақ-ата жұрты бар [3, 39 б].
Тарих | Просмотров: 2927 | Загрузок: 220 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

ТҮРКІСТАНДА ТАЙҚАЗАН

 


Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қазандық бөлмесінің қақ ортасынан орын тапқан қасиетті Тайқазан.

Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. Қазақстан мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөледі.
Тарих | Просмотров: 1946 | Загрузок: 211 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі

Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгілі. Жалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.
Әлемдік өркениетте айшықты қолтаңбасы бар түркі дүниесін руханият саласындағы қоғамдық ұйымдардың белсенді қызметі арқылы да танимыз. Бұл бағытта нақты жұмыс жүргізіп отырған беделді ұйымдардың бірі - Түрік мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым - ТҮРКСОЙ. Ұйымның кұрылғанына көп уақыт өтпесе де ТҮРКСОЙ деген атау түрік бірлігі деген ұғымның талассыз баламасына айналып кеткені рас.
Түркі халықтарының бірлігін арттыруды көздейтін ТҮРКСОЙ соңғы жылдарда қазақ жұртын елеңдете бастады. Ұлт мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар осынау беделді ұйымның сыйлықтарымен марапатталды. Өнер шеберлері мен сахна саңлақтары ТҮРКСОЙ-дың халықаралық жиындарына арнайы шақырылады. Сол арқылы бұл беделді ұйым кейінгі жылдарда өзіне Қазақ елінің де назарын ерекше аударуда. Бұлай болатын жөні де бар. Біздің ел осы ұйымды ұйымдастыру және қалыптастыру ісіне ауқымды үлес қосқан мемлекеттердің бірі. Бұған ТҮРКСОЙ-дың іргелі жиындарының біразы Қазақстанда өткізіліп жүргендігі дәлел. Әрине, бұрын бұл беделді халықаралық ұйымның өкілдері өнер мен мәдениеттің орталығы — Алматыда қабылданатын. Елбасының идеясымен Арқа төсінде бой көтерген әсем Астана бұл жолы ТҮРКСОЙ-ды алғаш рет өзінің қонақжай шаңырағына шақырып отыр. Сол арқылы халықаралық құрылымға елордамыздың да нағыз руханият бесігіне айнала бастағанын аңғартуды жөн санадық.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1015 | Загрузок: 211 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тікелей салықтар және жанама салықтар
      
            Салықтардың анықтамасы; мәні және мазмұны жоғарыда айтылған болатын. Оған тоқталмай, енді салқтарды топтастыру туралы айтып өтеміз.
            Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырамыз немесе жіктейміз:
            1) салық салу объектісіне байланысты;
2) қолданылуына қарай;
3) салық салу органына байланысты;
4) экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5) салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Жанама салықтар-баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін.
Экономика | Просмотров: 1707 | Загрузок: 247 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі  

Жоспар:
Тілдің шығуы туралы 
Тіл мен қоғам бірлігі.
Тілдің әлеуметтік мәні.

Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен  байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды. 
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3429 | Загрузок: 296 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2171-2180 2181-2190 2191-2200 2201-2210 2211-2220 ... 2971-2980 2981-2987