Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2171-2180
Страницы: « 1 2 ... 216 217 218 219 220 ... 298 299 »

ЄОЖ 821.512.122(093)

СЫПАТАЙ  ЄЛІБЕКҰЛЫНЫЊ  ӨМІРБАЯНЫ  МЕН  КҮРЕСКЕРЛІК ЌЫЗМЕТІ

С.Д. ¤мірзаќов
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ.

Қазақ халқының рухани биіктігі мен біліктілігінің куәсі- бай фольклоры мен жазба әдебиеті. Қазақ әдебиетінің тууы мен қалыптасу, даму жолдары оның белгілі өкілдерінің шығармашылықтарын зерттеуде айтарлықтай іс тындырылғаны да белгілі. Қоғамдық санаға байланысты дамып, өзіндік арна тартқан әдебиетіміз әлемдік деңгейге көтерілген ұлттық қазынаға айналуда. Дегенмен, әлі де зерттелмеген, арнайы зерттеуді қажет етер мұраларымыз да жетерлік. Соның бірі- Тараз өңіріндегі әдеби, тарихи мұралар дер едік. Атап айтқанда, елі мен жерінің бостандығы үшін ±лт- азаттыќ ќозѓалысына белсене ќатынасќан, шейіт болса да, аңыз бен әдеби кейіпкерге, көзі тірісінде ұранға айналған ±лт ќайраткерлерініњ бірі- єрі батыр, єрі би Сыпатай Єлібек±лы. Кезінде, солақай саясаттың ықпалымен айтылған кейбір пікірлер Сыпатайдыњ өмірі мен ол туралы жазылған дүниелерді зерттеуге мұрсат бермеді. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1128 | Загрузок: 233 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

                                                            Кіріспе

   Ежелден бастап қазіргі күнге дейін сыйлық жасау символикалық мәнге ие: сыйлық сөздерді алмастырады, жақсы қарым-қатынасын білдіреді деуге болады.
   Ағылшын мақалы "Кім сыйлық жасау біледі-сол өмір сүру біледі" деген.Біз сыйлықтарды тек олай жасау керек болғандықтан емес, сонымен қатар ол сыйлық сыйлаушы мен сыйлық алушыға рахат алып келеді.
   Сыйлық сыйлаудың тарихы жоқ сияқты, олар әрқашанда болғандай.      Сыйлықты кімге, қалай және қашан сыйлағанды білу керек.Кейбір сыйлықтарды сыйлаудың белгілі бір этикеті, дәстүрлері бар.

Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы
   Сыйлықтың тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлайтын.
   Ортағасырларда этикет формалары қалыптасқан.Сыйлықтармен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды.Үйлену, еске алу, келісімге отыру, қонаққа бару және басқа да маңызды оқиғалар сыйлық сыйлаумен өткізілген болатын.
   Сыйлықтың өткені жоқ сияқты, алайда оның тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған.
   2000 жыл бұрын Вифлеемде Қасиетті жерде Иусус туған.Адамдар аспанда жұлдыз жанғанын көріп, құтқарушы бар екендігін түсінді.Олар Христос табыну үшін Вифлеемге жол ұстады.Олар сәбиге иіліп, сыйға алтын, ладан және смирна тартты.Осылайша, сыйлық жасаудың тарихы осыдан бастау алады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 9834 | Загрузок: 297 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

З. Қинаятұлы.
 Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы

Бүгінгі күнге дейін «Көшпенділер отырықшы өркениет жасамаған, сондықтан олар мемлекеттілік деңгейіне көтеріле алмаған» деп қарайтын сыңыржақ пікірдің сеңі бұзылмай отыр. Әттеген-ай дейтін бір жағдай мұндай пікірді қолдаушылар европалықтар былай тұрсын, отандық тарихшыларымыздың арасында да кездеседі. 
Көшпенділік ол тек экзотика емес, ол адамдардың өмір сүріп отырған төл табиғаты, жер-суы, ауа-райы, тұрмыс салтына орай көк тәңірінің адамзатқа берген сыйы, өркениеттің ерекше құбылысы. Кезінде «Көшпенділерді малы мен бірге өріп, бірге жусаған қауым» деп таныған немістің таңдаулы философтары Ф. Гегель және И. Кант табиғатпен тайталасып өмір сүрген қауымға европалық сырт көзбен сүзе қарамай көшпенді халықтың өз өмірімен етене танысқан болса олар тіптен өздері де көшпенділердің ортасында қалып қоюы мүмкін еді. Көшпенділер делінетін жұрт өзгеге ұқсамайтын сындырлы өркениет жасады. Деректерге жүгініп көрелік. Б.з.б. 128 жылы төтенше тапсырмамен сыр бойына келген қытайлық Чжан Цян тек бір ғана Ферғана өңірінде (Сырдың ортаңғы бойы) ірі 70 қала бар деп жазыпты [ ]. Тек кәзіргі Моңғолия жерінде ежелгі түркі-моңғол-кидандардын 220 қала, қалашығының орыны жатыр [ ]. Зерттеушілер тек Жошы ұлысы (орысша Алтын Орда) қарамағында 150-200 қала болғаны жайлы қабарлайды [ ]. ХІ ғ. өмір сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұн,
Болған талай қалалар да халық та,
Уақыт көмді бәрін жерлеп табытқа.
Болған талай ауылымыз, тайпамыз,
Енді соның ізін тауып байқаңыз [ ] деген аманат қалдырды.
Бұл аманатты бүгінгі біздің археолог әріптестеріміз орындап жүр. Тарихта Сыр бойы қалаларының қатарында Сығанақ қаласы аталады. Ал осы Сығанақ қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ Орданың астанасы  болғаны туралы мәселенің сыры әлі күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Біз енді осы мәселеге тоқталып көрмекшіміз.
География | Просмотров: 1424 | Загрузок: 238 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

ТҰРАРТҰҒЫР

 Сексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова Түлкібас ауданына келген. Жұртшылықтың жанарлары жасаурап, жақсыдан қалған жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен білдіріп жатты. Шынымызды айтайық, сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі салқындау, селқостау сияқты сезілді. Сезімге берілмегендей, тым тебірене қоймағандай, толғанысқа түспегендей көрінген. Біз ғана емес, бірталай кісілер, ішінде Тұрар Рысқұловтың туыстары да баршылық, Сәуленің сәл-пәл суықтау қарайтындығына, анау-мынауға мізбақпастай мінез танытатын бірбеткейлігіне әжептәуір-ақ әбіржігендей болғантұғын. Бірте-бірте: "Титімдейінен тағдырдың талқысын көріп, теперішін тартты ғой, оңай ма?”, "Қан­шама жылдар бойы "халық жауының қызы” атанды, қайтсін-ай”, "Бастан кешпеген азабы жоқ қой, басқашалау көрінетіні содан да” десті. Сөйтіп, үнсіз ұғынысқан, іштей түсініскен.
Сәуле Тұрарқызының аудандағы үлкен орта мектепте болғанын байқағанбыз сонда. Кең залдың ішінде жүздеген жас өскін қатар түзеп тұрыпты. Салтанатты сап. Бәрі бірден, бір деммен сәлем берді. Мектептің басшысы сөз бастады. Рысқұлованы таныстырды. Оқушылар сол сапта тұрған күйінде алдын-ала дайындаған "монтаждарын” мазмұндады. Жаттауларын мағлұмдады. Музыка ойнады. Ән шырқалды. Сонсоң Сәуле Тұрарқызына сөз берілді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 952 | Загрузок: 284 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тұрар Рысқұлов

Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нәрсе жасады. Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика және рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде. Әсіресе, солардың ішінде экономика және қаржы-қаражат мәселелеріне арналған еңбектерін ойшылдар мен жас ғалымдар әлі       күнге дейін іздеп оқиды. Күні кеше Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде тұңғыш рет "Бірінші Рысқұлов оқулары” ха­лықаралық конференция мәртебесінде тұсауы кесілгені осы құрметтің және орынды ардақтаудың көрінісі деп санауға болады. Оған Ресейдің, Литваның, Қырғызстанның, Түркияның, Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, басқа да елдердің ғалымдары және білім беру мекемелері, еліміздегі банк секторлары, министрліктер мен халықаралық ұйымдардың, елшіліктердің, ірі фирмалар мен компаниялардың жетекші өкілдері қатысуда. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3103 | Загрузок: 283 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық
дүниесі.

Мазмұны:

Кіріспе
1.   Тұран жазығының климатының жалпы ерекшеліктері.............
2.   Ішкі сулары, топырағы................................................................
3.   Тұран жазығының органикалық дүниесі....................................
4. Шөлдін негізгі түрлері шөлді игеруге байланысты туындаған
        түйінді  экологиялық мәселелері................................................

Қорытынды.......................................................................................

Кіріспе

35-53°с.е   аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс  оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
   Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы  ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды.  Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты  оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
География | Просмотров: 10812 | Загрузок: 289 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.

Мазмұны:

Кіріспе.....................................................................................................3-5

Негізгі бөлім

Тұран жазығының физикалық географиялық орыны.
              Тибиғатының қалыптасу тарихы.

1.1. Тұран жазығының физикалық географиялық орынының
         ерекшеліктері. Зерттеу тарихы геологиялық құрылысы...........6-13
1.2. Тұран жазығының геологиялық құрылысы табиғатының 
         даму   тарихы..............................................................................14-18
1.3. Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.Геоморфологиялық 
         типтері.........................................................................................19-32


Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................71-72


Кіріспе

35-53°с.е   аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс  оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
   Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы  ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды.  Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты  оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Тарих | Просмотров: 6689 | Загрузок: 301 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Жеке тұлғаның бейімділіктерін психодиагностикалық  
зерттеу тәсілдері

Жеке тұлғаны психофизиологиялық тұрғыдан зерттеу оның психикалық және ақыл-ой сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтап беруге және олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру үшін жүзеге асырылуы да мүмкін.
Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:
- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;
- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;
Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін сынақтарына жататын тәсілдер:
- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI); 
- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО);
- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы);
- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;
- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.
Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу – психофизиологиялық зерттеулердің соңғы кезеңі болып табылады. Зерттелушінің типологиялық және мінездемелік ерекшеліктерін бағалаудың және сараптаудыу мен талдаудың қосымша бір тәсілі болып табылады, сонымен қатар толтырылған бланктер, сауалнамалар, сынақтар бойынша зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді нақтылауға, айқындауға көмектеседі. Әңгімелесу мен бақылаудың, психодиагностикалық қорытындының мәліметтері, жеке тұлғаның психикалық сапалары мен қасиеттері бойынша ұсыныстарды психолог өзіндегі психофизиологиялық зерттеу хаттамасына енгізіп отырады. Тұлғаның негізгі, басты-басты жеке сапалары мен типологиялық ерекшеліктері сипатталған қысқаша тұжырым шығарылып, оның жалпы тұлғалық мінез-құлық және ақыл-ой ерекшеліктері туралы арнайы қорытынды жасалады.  
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 6541 | Загрузок: 280 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тұлға қалыптастырудың халықтық тәжірибесі

Халықтық педагогикалық көзқарастарын жұзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие дәстүрлерін бекіту, оларды нақгылау, толықтыру жөне жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасына кеңінен мәлім болды. Жеке сынақ әдісі қандай да бір жаңа заңдылықтар ашудың емес, ой мен идеяны тексерудің сөтті төжірибеден туған құралы, немесе белгілі зандылықтарды нақтылаудың тәсілі қызметін атқарды, яғни бұл әдістің көмегімен халық педагогикасында бұрыннан белгілі сыни тұрғыда қайта қаралды. Ал әңгімелер халық педагогикасының дамуындагы ең кең тараған бастаулар болды. Тәрбиешілердің бір-бірімен әңгімелесулері, ата-анамен, ата-әжемен тәрбиеленушілердің өздерімен әңгімелер педагогикалық ойланулар үшін қашаңда саналуан және құнды материал берді және педагогикалық мәдениеттің биіктеуіне ықпал етті. Халық даналары әңгімелерді тәрбиенің озық төжірибесін таратуда, бақылаулары мен жеке сынақтарында жене басқа жағдайларда пайдалаңды, яғни өңгімелер халық педагогикасының дамуына ықпал еткен көмекші құрал қызметін атқарушы тәріздес.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1004 | Загрузок: 205 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы
ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.
Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің "Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады.
Т.Морган заңдылықтары. Американдық генетик Т.Морган тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалады. Мендельдің үшінші заңы —"Белгілердің тәуелсіз ажырауың гендердің әр түрлі жұп хромосомаларда орналасуына байланысты болады. Алайда, кез келген организмдерге тән гендер саны хромосома санынан әлдеқайда артық болады. Мұндай жағдайда ол гендердің тұқым қуалауы немесе белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі қалай жүреді деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың жауабын Т.Морган 1910—1915 жылдары өзінің шәкірттерімен бірге жеміс шыбыны — дрозофилаға жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде анықтады. Дрозофила шыбыны — генетикалық зерттеулер жүргізуге өте қолайлы объект. Себебі, оның хромосомаларының диплоидты жиынтығы 8, ал гаплоидты жиынтығы төртеу. Зертханалық жағдайда +25Ә жылылықта дарақтардың әр жұбынан пробиркада өсіріп, 14—15 күн сайын 100-ге жуық ұрпақ алуға болады. Морган бір хромосомада орналасқан гендердің бір-бірінен ажырап кетпей, көбіне бірге тұқым қуалайтынын анықтады. Оны мына тәжірибеден көз жеткізуге болады. Р. ВВVV жетік қанатты сұр шыбын мен bbvv шала қанатты қара шыбынды алып будандастырды. 
Биология | Просмотров: 3537 | Загрузок: 278 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2151-2160 2161-2170 2171-2180 2181-2190 2191-2200 ... 2971-2980 2981-2987