Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2101-2110 |
Страницы: « 1 2 ... 209 210 211 212 213 ... 298 299 » |
Сүйіктісі халықтың
Жүрегіңнің алаулатып жалынын,
Тамыршыдай дарындыны таныдың.
Қабыл болып ізгі тілек, ақ батаң,
Алдым шексіз ғибрат, мол тағылым.
Танымастай өзгерді ел, жер кейпі,
Озбырлықтың мәңгүрт басы еңкейді.
Семейдегі жарылыстың үні өшіп,
Абыралы қайта түлеп, көркейді.
Көкірегіме ұяласын қалай мұң,
Егемендік, еркіндікті қалаймын.
Кең әлемге нұрын төкті жарқырап,
Қайта туған бақ жұлдызы Абайдың.
Жалауымды күн аймалап, өпті шың.
Өзін емес өзгені де дос тұтқан,
Ұмытпайды өсер ұрпақ тектісін.
Жауды жеңіп көтерген ел іргесін,
Аруақтарды сыйламасақ бізге сын.
Дүр сілкінген қайта түлеп қырандай,
О,Сапеке, халқыңменен біргесің.
Жеңіс Қашқынов
|
Жоспар
І. Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
ІІІ. Қорытынды
Таза табиғат – халық байлығы
|
1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі –ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
|
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің дамуы.
(ерте кезден бастап ХҮІІІ ғасырға дейін)
Киев және Москва мемлекеттерінде балаларды
тәрбиелеу және оқыту.
Ертедегі словяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты, қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өлкелеу ұрпақты тәрбиеледі. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді.
Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы кәмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Жанұяда және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қаумының аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті.
Балаларға адамгершілікке тәрбиелеуде шығыссловяндардың оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарады: ертегілер, өлеңдер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе- әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті.
|
Төкен Өмір-Ұзақ
Педагог-ғалым (Ресей)
ОРТАҚ ОТАН – ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 10 жылдығына және Алаш қозғалысының 90 жылдығына орай «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференцияның ұйымдастырушы қазақстандық және осы конференция жұмысына қатысушы шетелдік қандас ханымдар мен мырзалар!
Сіздердің баршаларыңызға ұлы орыс халқымен өмір сүріп жатқан миллионнан астам ресейлік қазақтардың атынан жалынды да сағынышты салем жолдаймын! Бәріміз үшін ұлттық мәні үлкен осы конференция аясында атқарылатын жұмыстардың табысты да жемісті болуын тілеймін!
Әрине, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызы бірінші кезекте тұрған ұлы да қуатты көршілес мемлекет. Ал Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы үшін өзінің геосаяси, ұлттық мүдделерін қорғаудағы ең сенімді де әлеуетті көршілес елдердің бірі. Сондықтан да екі ел арасындағы саяси, экономикалық, әскери, ғылыми-техникалық және де мәдени ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастар уақыт өткен сайын жан-жақты дамып, нығая түсетіні – заңдылық. Бұл туралы екі мемлекет президенттері халықаралық деңгейде талай рет саяси мәлімдемелер жасап, Ресей мен Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде өзара келісе отырып, қыруар жұмыстар тындырды. Соның нәтижесінде Ресей мен Қазақстан халықтарының хал-ахуалы әжептәуір жақсарды. Бұл екі ел қазақтары үшін ортақ жетістік болып отыр.
|
Атом және атом ядросы
________________________________________
§ 7.1 Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi
Барлық заттар бөлiнбейтiн аса ұсақ бөлшектерден – атомдардан тұрады деген ұғым ерте қалыптасқан болатын. Егер атом шындығында заттың бөлiнбейтiн алғашқы кiрпiштерi болса табиғаттағы кездесетiн сан алуан заттарға сан алуан атомдар сәйкес қойылуы тиiс. Бұлай болуы бiр жағынан күмән туғызады.
Физика ғылымының дамуы барысында ХIХ ғасырдың аяғына қарата атомның қасиеттерiне байланысты жаңа тәжiрибелiк деректер жинала бастады. Мысалы М.Фарадей 1833 жылы электролиз құбылысын зерттеу барысында электролит ертiндiлерiндегi ток иондардың реттелген қозғалысы екенiн анықтады. Ал 1897 жылы Дж.Томсон сиретiлген газдардағы электр разрядын зерттеу барысында қыздырылған немесе ультракүлгiн жарықпен сәулелендiрiлген кез-келген химиялық элементтiң атомы өзiнен терiс зарядталған бөлшектердi шығатынын анықтады. Осылай алғашқы элементар бөлшек – электрон ашылды. Атом құрлысының күрделiлiгiне нұсқайтын тағы бiр бұлтартпас факт 1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев ашқан химиядық элементтердiң периодтылық заңы. Атомдық масса өскен кезде элементтердiң қасиеттерiнiң қайталануын атомның құрамына кiретiн бөлшектердiң саны өскен кезде оның iшкi құрылымының қандай да бiр ерекшелiгiнiң қайталануымен түсiндiруге болатындай.
|
Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі
Біз мектепте көбіне идеал жүйелердің заңдылықтарын оқимыз. Ең алдымен идеал газдың заңдылықтарын еске түсірейік. Идеал газ деп молекулаларының арасында алыстан әсерлесу потенциалы жоқ, әсерлесу тек молекулалар өз-ара соқтығысу кезінде ғана болатын газды айтады. Егер біз осындай газдың күй теңдеуін білсек, ол теңдеуден газда болатын процесстердің, және басқада заңдылықтарын шығарып алуға болады.
Идеал газдың күй теңдеуін ғылымда Клапейрон –Менделеев теңдеуі деп атайды. Массасы m-ге тең газ үшін бұл теңдеуді былай жазады:
PV= (m/м) RT (1)
Мұндағы Р-газ қысымы, V-көлемі, Т-температурасы, м-газдың бір молінің массасы, Дж/(моль. К)-универсал газ тұрақтысы – Больцман тұрақтысымен Авогадро санының көбейтіндісінен тұрады.
|
Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі
Біз мектепте көбіне идеал жүйелердің заңдылықтарын оқимыз. Ең алдымен идеал газдың заңдылықтарын еске түсірейік. Идеал газ деп молекулаларының арасында алыстан әсерлесу потенциалы жоқ, әсерлесу тек молекулалар өз-ара соқтығысу кезінде ғана болатын газды айтады. Егер біз осындай газдың күй теңдеуін білсек, ол теңдеуден газда болатын процесстердің, және басқада заңдылықтарын шығарып алуға болады.
Идеал газдың күй теңдеуін ғылымда Клапейрон –Менделеев теңдеуі деп атайды. Массасы m-ге тең газ үшін бұл теңдеуді былай жазады:
PV= (m/м) RT (1)
Мұндағы Р-газ қысымы, V-көлемі, Т-температурасы, м-газдың бір молінің массасы, Дж/(моль. К)-универсал газ тұрақтысы – Больцман тұрақтысымен Авогадро санының көбейтіндісінен тұрады. Соңғы келтірілген k,N -шамалары да барлық газдар үшін тұрақты болғандықтан R-ді универсал тұрақты деп атайды. Егер де біз газдың тек бір молін ғана қарастырсақ, онда Клапейрон-Менделеев теңдеуін мына түрде жазамыз:
PV=RT, (2)
Өйткені m=м.
Енді мысал үшін газда болатын кейбір процесстерді сипаттайтын теңдеулерді осы (1) немесе (2) теңдеулерден шығарып көрейік.
|
Б. ӘБІЛДАҰЛЫ, облыс әкімінің, штаттан тыс кеңесшісі
И. ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымының кандидаты, ТарМУ ғылыми зерттеу орталығының жетекші маманы
Облыс әкімі С. Ә. Үмбетовтің тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасына барған сапарда Тараз тарихына байланысты алып қайтқан кітаптардың бірі — атақты парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың «Жами-ат-Тауарих» атты үлкен шығармасының ксерокөшірмесі еді. Бұл кітапты Иранды жаулап алып билеген Шыңғыс хан ұрпақтарының бірі Сұлтан Махмұд Ғазан ханның дәрігері әрі уәзірі болған Қожа Рашид-ад-дин фазлолла Хамадани хан тапсырмасы бойынша 1364 жылы жазған. Қазақ халқының аңыздарында Қазан хан ретінде белгілі бұл билеуші өз ата-баблары — моңғолдармен қатар түріктердің тарихын өзінің сарайында жатқан қолжазбалар, құйма құлақ қарттардың әңгімелері негізінде жазуды өтінген екен. Үш томдық бұл шығармада қазақ халқының құрамындағы қаңлы, қоңырат, найман, жалайыр, тағы басқа тайпалар туралы едәуір сез болады. Бұл кітаптың түркі тайпалары жайлаған алқаптар туралы тарауларында Талас өңірі жайлы да бірнеше жерде жазылған. Шаш (Ташкент), Сайрам қалалары да түркі кенттері екендігі атап айтылады.
|
Сингармонизм
Жоспар
1. Сингармонизмге жалпы түсінік
2. Буын үндестігі
3. Дауыстылардың үндесуі
4. А. Байтұрсыновтың сингармонизм туралы зерттеуі
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.
Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
|