Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2091-2100
Страницы: « 1 2 ... 208 209 210 211 212 ... 298 299 »

Сақтандыру рыногы.
1. Сақтандыру рыногының құрылымы.
2. Сақтандыру делдалдары. Сақтандыру рыногы тұрпатының мінездемелері.
3. Сақтандыру қызметі ерекше тауар ретінде.
  Сақтандыру қызметіне сұраныс пен ұсыныстың көлемдеріне қарай ішкі, сыртқыжәне халықаралық сақтандыру нарықтарын бөлуге болады.
  Ішкі сақтандыру нарығы – нақты сақтандырушыларды қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметіне тікелей сұранысы бар жергілікті нарық.
  Сыртқы сақтандыру нарығы – ішкі нарық шеңберінде орналасқан және осы аймақтан тыс жерлердегі аралас сақтандыру компанияларына да бейімделген нарықты айтады.
Экономика | Просмотров: 1812 | Загрузок: 372 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Тәуекел ұғымы және оның экономикалдық зардаптары.
1. Тәуекел: түсінігі, функциясы, қайнар көздері, жіктемесі.
2. Тәуекелді бағалау.
3. Тәуекелді басқару негізі.Тәуекел менеджмент.
4. Тәуекелді шектеу нысандары- диверсификация, эккаутинг, шектеу, сақтандыру, хеджирлеу, валюталық келісім.
Сақтандыру қызметі – экономикалық қатынастардың белгілі бір саласы, ерекше әлеуметтік – экономикалық орта. Бұл салада сатып алу және сату объектісі ретінде сақтандыру қорғанышты болады және сұраныс пен ұсыныс қалаптасады. Сақтандыру қызметінің дамуының объективті негізі күтпеген келеңсіз жағдайлардан зиян шеккендерге ақшалай көмек көрсету арқылы ұдайы өндірістің тоқтаусыз қызметін қамтамасыз етудің қажеттілігі. Сақтандыру нарығын ақша қатыастарын ұйымдастырудың түрі ретінде қарастыруға болады және де бұл қатынас қоғамның сақтандыру қоршағанын қамтамасыз ету үшін сақтандыру қорын қалыптастыру мен бөлу мақсатында іске асырылады.
Экономика | Просмотров: 3053 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Сақтандырудың жіктемесі.
1. Сақтандыру жіктемесінің қажеттілігі.
2. Сақтандыру жіктемесінің негізі.
3. Қауіп түрі және сақтандыру объектісі бойынша жіктеме: салалары, қосалқы салалары және түрлері. 
Кооперативтік сақтандыру- мемлекеттік емес ұйымдастыру түрі. Ресейде кооперативтік сақтандыру 1918 жылы қызметін бастады. Осы жылы «Бүкілресейлік Кооперативтік Сақтандыру Одағы» құрылды. Кооперативтік сақтандырудың қайта өрлеуі 1988 жылы Кооперация туралы Заңның қабылдануына байланысты болды.
  Дәрігерлік сақтандыру – сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық түрі. Негізінен бұл денсаулықты қорғауда халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғау түрі ретінде қолданылады. Дәрігерлік сақтандырудың субъектілері ретінде азаматтар, сақтандырушы, сақтандырушы дәрігерлік ұйым, дәрігерлік мекеме қызмет жасайды. Сақтандыру объектідері сақтандырудың экономикалық мүдделерімен барлық белгілерінің материалдық иесі болып табылады.
Экономика | Просмотров: 1406 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Сақтандырудың экономикалық мәні және қалыптасуы.
1. Сақтандыру ісінің бастаулары.
2. Тәуекелді сақтандырудың алғы шарты.
3. Сақтандыру түсінігі: қазіргі қоғамдағы оның қажеттілігі, мәні, функциялары, қағидалары, сақтандырудың экономикалық табиғаты.
  Сақтандыру классификациясының барлық звеносы сақтандырудың екі түрін қамтиды. Олар:
1. Міндетті сақтандыру.
2. Ерікті сақтандыру.
  Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді.
  1997 жылы Қазақстан Республикасы міндетті сақтандыру ауылшаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді.
Экономика | Просмотров: 1829 | Загрузок: 99 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Сақтандыру курсына кіріспе.
1. Сақтандыру курсының маңызы.
2. Сақтандыру қатынастарының объектілері мен субъектілері.
3. Сақтандыру пәнінің басқа экономикалық пәндермен өзара байланысы.
  Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнацында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған.
  Б.ғ.д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді. 
  1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақатндыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. 16 ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты «Акт» деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді.
Экономика | Просмотров: 921 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

       Басында 3 бет сақтандыру туралы қысқаша реферат, қалғандары сканерден өткізілген , толықтай сақтандыру туралы, қателер абр арасында... 


Сақтандыру - әлеуметтік, қоғамдық тәуекелділіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Нарықтық рефориалардың бастапқы кезеңдерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардын пайда болуына әкелді. 
    Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатысушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған елдердің заңдарында сақтандыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірулер беріледі. 
Экономика | Просмотров: 4229 | Загрузок: 344 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Саз әлемінің сардары

А.Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. 1933 жылдың ақпанынан басталған еңбек жолы қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуы, дамуы және өркендеуі жолында алтын әріптермен жазылған жемісті беттеріне айналды. Бұл кезең жаңадан қаулап пайда бола бастаған оқу, мәдени-өнер ордаларының құрылуы мен кәсіби ұжымдардың қалыптасу кезеңі болатын. Бүгінгі таңда құ­рылғанына 70, 60 жыл толған республикалық деңгейдегі: Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт-аспаптар оркестрі, Жамбыл атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория және сол оқу орнындағы қазақтың халық аспаптар кафедрасы,  Ұлттық ғылым академиясы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрамындағы Өнертану секторы қазақ  мәдениетінің ірі қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың тікелей араласуымен және жетекшілік етуімен өмірге жолдама алған ұжымдар. 

А.Жұбановтың жетекшілігімен музыкалы-драмалық техникум жанынан ашылған қазақ фолклорын ғылыми тұрғыдан зерттеу кабинеті алғаш құрылған күнінен бас­тап, Алматыға кең-байтақ республиканың түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаз­дардың орындауындағы ән-күйлерді нотаға түсіріп қор жинай бастады. Жазылып, жиналған бұл халықтың баға жетпес музыкалық байлығы халықтың өлмес мұрасы болып келер ұрпаққа қалды. Ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру шеберханасы ұлт аспаптар оркестріне қажетті музыкалық аспаптар, домбыра мен қобыз, өзге де халық аспаптарының үлгілерін жинап, сол үлгіде жасау және олардың сапасын жетілдіру жұмыстарын жолға қойды. Кәсіби оркестрге сапасы жоғары музыкалық аспаптар қажеттігін уақтылы түсінген А.Жұбанов бұл мәселеге де ерекше мән береді. Осы саланың жауапкершілігін өз мойнына алған ол шеберханаға композитор Е.Брусиловскийді және ұлт аспаптарын жасаушы шеберлерді жұмысқа шақырды. Олардың қазақ музыка өнерін дамытуға, "қара домбыраның” үні жетіліп, әуезінің, дыбыс бояуының, диапозонының өсіп, бүгінгі таңдағы орындау мүмкіндігі мол аспапқа айналуына сіңірген еңбектері өзінше бір тақырып.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1194 | Загрузок: 197 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Заманынан озып туған азамат еді
Сағат Әшімбаев туралы

 

Қоғамды қозғайтын, адам санасын өзгертетін тұлғалар болады. Олар өзінің қата­рынан, заманынан озық туады. Өткен ғасырдың алпысыншы – сексенінші жылда­рының арасы қазақ руханиятына дарындыларды үйіп-төгіп беріп-ақ еді. Өкініші, со­лардың көбінің ғұмыры қысқа болды. Орыс әдебиетінің бағына туған Писарев секілді құйрықты жұлдыздай жарқырап жанып, ағып түскен жарықтарымыздың бірі – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, ұлттық сананың өсуіне үлкен үлес қосып кеткен асылымыз Сағат Әшімбаев еді. 

Мен Сағатқа сабақ берген, оны жақсы білген кісілердің бірімін. Сағат та заманынан озып туған азамат еді. Кездескен кезде қынабынан суырылған жалт-жұлт еткен қы­лыш елестеуші еді көзге. Қай ортаға барса да сыйып жүре беретін, өзінің пікірін бүкпесіз ашық айтатын, оппонентін лезде ашық пікірге шақыратын. Бұл, сірә, көп оқып, көп тоқығанынан болар. "Мына мәселе туралы көзқарасыңыз қалай?.. Өзім былай ойлаймын”, – деп "әу” деп ауыз ашқаннан-ақ ұршықша үйіріп, жіпсіз жетелеп, ағыл-тегіл текті сөзге бұрып әкететін. Жатсыну, тіксінуді білмейтін, аңқылдаған ақпейіл көңілдің тереңіне сүңгігендей әсерде болатынбыз. Қалай шүйіркелесіп, тіл табысып кеткеніңді білмей қалатынсың.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2123 | Загрузок: 299 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

САБАҚТАСТЫҚ

Алаш идеялары және тәуелсіз Қазақстан мұраттары

 Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметі және оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және та­­нымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ. 

Арнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар жыртылып айырылады. Соған қарамастан, бұл кітаптардағы бірталай тарихи де­ректер мен құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1333 | Загрузок: 219 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ

М. Абизенова, М.Х Коржумбаева
Б.Ахметов атындағы Павлодар  педагогикалық коледжі, Павлодар қ.


Кейіпкерлердің тілдік мінездемесін бір – бірімен салыстыра талдау, табиғат суретін, кейіпкерлер портретін жасаудағы автор шеберлігіне нақты мысалдар келтіріп талдау жасау. Ғалым Б. Шалабаевтың пайымдауынша "Қай жазушының болмасын шығармаларының тілін талдауда жүзеге асырылуға тиіс маңызды шарттардың бірі – салыстырмалы талдау жүргізу... [1.35.]. Сондай – ақ Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде – бір өрнек – өмір
Суреті жоқ және болуыда мүмкін емес (З.Қабдолов) десек, онда сол адамның алуан сезімін, мінез – қылығын, типі, қимыл – қозғалысын, жүріс – тұрысына дейін бейнелеуде жазушылық шеберлік тұратыны ескерлуі керек. Сонымен бірге жазушының тілдік қолданыстары шығарманың идеясы мен мазмұнына, композициялық құрлымына қарай әсері барын да ажырата білу қажет. 
Жазушы Сұлтанмахұмыт Торайғыровтың "Қамар сұлу” романын башылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін , мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1998 | Загрузок: 223 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2071-2080 2081-2090 2091-2100 2101-2110 2111-2120 ... 2971-2980 2981-2987