Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2071-2080
Страницы: « 1 2 ... 206 207 208 209 210 ... 298 299 »

Авторитарлық режим

Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел — билік пен билік құрудың қажетті құры- лымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жа- сап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағыну- шының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай- тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Тарих | Просмотров: 1357 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Электромагниттік индукция

Тоқтардың магниттік әсерлесуі , электр тоғының магнит өрісін тудыру қабілеті ашылғаннан кейін көп ғалымдар кері процесс – магнит өрісі әсерінен электр тогын тудыру мүмкіншілігін іздестірді . Осы мәселені 1831 жылы М.Фарадей алғашқы болып шешті . Ол өткізгіштен жасалған катушканың ішіндегі магнит өрісі өзгергенде , катушкада ток пайда болатынын анықтады. Бұл құбылыс электромагниттік индукция деп аталады.

Электромагниттік индукция нәтижесінде пайда болатын электр тогын индукциялық ток деп атайды .
Физика,механика | Просмотров: 8668 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Экологиялық индикация (орыс. Экологическая индикация) — экология ғылымы салаларының бірі. Экологиялық индикацияға өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көліктің, басқа да әр түрлі салалардың мұқтаждарымен және адамның тіршілік ортасын сақтау қажеттілігімен тығыз байланысты теориялық және практикалық мәселелердің үлкен тобы кіреді. Экологиялық индикацияның міндеті — ландшафтың кейбір құрауыштары мен элементтерінің ерешеліктерін анықтау және олардың өзгеру бағытын нақты жағдайда тіршілік етуші организмдердің түр құрамы арқылы айқындау. Экологиялық индикация топырақ типтерін диагностикалау және топырақ түзу процесі бағытының өзгеруін, су мен ауаның сапасын анықтау үшін, пайдалы қазба байлықтарды, әсіресе шашыраңқы орналасқан, әдеттегі геологиялық және геофизикалық әдістермен табылмайтын кендерді іздеуде кеңінен қолданылады.[1]
Экология | Просмотров: 2280 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Кіріспе
Салық -  бүгінгі күннің өте  өзекті мәселесі. Еліміздің
экономиксының өркендеп , халық тұрмысының жақсару негізінен салық  үлкен роль атқарады.
Салық кодексін дайындап -  жасаушылар халықтың салық  мәдениеті мен  кәсіборын  басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден  әлде қандай  тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп  жүргүзуге мүмкіндік берсе,  салық  төлеушінң салықшымен тікелей байланыс   орнатуына жол ашады. Тиімділігі – жолай бұрмаланбай  электронды құралдар арқылы тура есепке  алынады. 
Сондықтанда  салық  төлеу барысында  әр түрлі келеңсіз  жағдайларға ( тамыр – танысқа арқа сүйеу,  салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық  жүргізуші субьектілер мен  халық табысының қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы  дамыту және оны  тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.
Салық қоғам  өміріндегі орның айрықша  екенін  өз  жұмысымызда сөз етпекпіз.
Экономика | Просмотров: 3470 | Загрузок: 309 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

       
Кіріспе.
     

     Салық мәселесi мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс.Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер. 
     Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында. 
     Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
      Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп,дамуының негiзi болып табылады.Адамзат дамуыныңбүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi,игерiлдi,мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi.Мемлекет құрылымының өзгеруi,өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен,жаңаруымен қабаттаса жүредi. 
-      Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң  және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.   

Экономика | Просмотров: 5165 | Загрузок: 284 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Салық мәні,мазмұны және элементтері 
            Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
            Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. 
            «Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономика | Просмотров: 1102 | Загрузок: 201 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Сақтандырудың экономикалық мәні.

1.1. Сақтандырудың даму тарихы.
1.2. Сақтандыруда қолданылатын түсініктер мен ұғымдар.
1.3. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі қаржының рөлі.

1.1. Сақтандырудың даму тарихы.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру  сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты  себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауәп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады. 
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. 
Экономика | Просмотров: 1783 | Загрузок: 275 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Сақтандырушының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету.
1. Сақтандырушының кірістері мен шығыстары.
2. Қаржылық нәтиже.
3. Сақтандыру операцияларының салық салу ерекшеліктері.
  2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Республикада 70 сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асырады.
  Ұлттық сақтандыру нарығының жалпы көрсеткіштері баяу да болса өсіп келеді. Жалпы сақтандыру нарығының жай-күйін талдаған кезде нақты жағдайға көз жеткізу үшін сақтандыру сыйлық-ақысының жан басына шаққандағы орташа көлемі мен олардың елдің жалпы ішкі өнімі көлемінен қосатын үлесіне назар аудару керек. Осы ыңғайда қалдарсақ, 2000 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақының жан басына шаққандағы көлемі 380 теңгеге жуық, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша 3 теңгеден кем болады. Ал сақтандыру сыйлық-ақысы көлемінің жалпы ішкі өнімге қатысты 0,3 пайыз шамасында ғана. Бұл деректер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін елдердің көрсеткішімен салыстыруға келмейді. Оларда сақтандыру сыйлықақысы халықтың жан басына шаққанда, орташа алғанда шамамен 1800 АҚШ долларын және тиісінше ішкі жалпы өнімнің 8,5%-ін құрайды. Біз үшін мұндай көрсеткіштердің ауылы тым алыста. Бұған қарап сақтандыру қызметі экономикада және халықтың өмірінде әлі маңызды ролге ие бола қоймағанын байқаймыз.
Экономика | Просмотров: 975 | Загрузок: 124 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Шет мемлекеттердегі сақтандыру.
1. Шет елдерде сақтандыру ісін ұйымдастыру.
2. Сақтандырудың негізгі түрі және нысаны.
3. Сақтандыру қызметінің даму тенденциясы.
4. Әртүрлі мемлекеттердегі сақтандырушылардың өзара іс-әрекеттері және өзара байланысы.

  Сақтандырудың дамуы коммерциялық ұйымдардың және халықтың бір жағынан сақтандыру қызметінің дәрежесіне байланысты. Сондықтан да бұл үшін «Сақтандыру мәдениетінің» қатысуымен құрылған және түсіндірілген жұмыс қажет. Сақтандыру бірте-бірте сөзсіз басқаның ішінен біздің өмірімізді табады. Яғни күнделікті бір нәрсенің ерекше белгісіне тұрады. (зейнетақы есптері мен банктік есеп –айырысулар, РНН және т.б.) 
  Қазіргі кезде сақтандыру ұйымдырының банктік мекемелерімен, жинақтаушы пошта жүйелерімен және несиелік ұйымдармен ынтымақтастығы үлкен үміт күттіреді, яғни бүгінгі күн үшін республиканың барлық аймағында сақтандыру өнімдерін тартуға, инфрақұрлымын дамытуға мүмкіндігі бар. 
  Қазіргі жағдайда ұлттық сақтандыру нарығын кеңінен көбеюіне, сақртандыру және қайта сақтандыру жүйесінің европалық түрде енгізілуіне Қазақстан халықаралық интеграциялық және ынтымақтастыққа мүмкіндігі бар. 
Экономика | Просмотров: 1614 | Загрузок: 120 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

Ортақ сақтандыру және қайта сақтандыру
1. Ортақ сақтандыру және қайта сақтандырудың мәні және теориялық негізі.
2. Активті және пассивті қайта сақтандыру.
3. Қайта сақтандыруға тәуекелді көшіру әдісі бойынша қайта сақтандыру операциялары.
2000 жылы Республикада сақтандыру индустриясының дамуын жеделдету, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сенімділігін көтеру нақты перспективалық міндет, ол сақтандыру қызметі нарығын жақсарту ең негізгі болып табылады.
  2000 жылдың желтоқсанның 18-де Қазасқстан Республикасында «Сақтандыру туралы» Заңы және 2000 жылдың 27-ші қарашасында бекітілген Президенттің Жарлығына сәйкес 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандырудың дамуы жөнінде Мемлекеттік бағдарлама шықты.
Экономика | Просмотров: 1316 | Загрузок: 130 | Добавил: Admin | Дата: 20.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2051-2060 2061-2070 2071-2080 2081-2090 2091-2100 ... 2971-2980 2981-2987