Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2041-2050
Страницы: « 1 2 ... 203 204 205 206 207 ... 298 299 »

ӨМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ

Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.
Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 5187 | Загрузок: 142 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

"ӨЛЕҢГЕ ТОҚТАМАЙДЫ ШАЛ ДЕГЕНIҢ"

Шал ақын аталып кеткен Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы жерiнде Азат темiр жол станциясының маңында 1748 жылы дүниеге келген. Әкесi Құлеке қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi. Анасы - атақты Төле бидiң қызы. Құлеке мен оның ағасы Тiлекенiң соғыстағы ерлiгi жайлы әңгiмелер ел iшiнде күнi бүгiнге дейiн айтылады. 
Құлеке жайында Алматы мұрағатында нақты деректер де сақталған. Ол 1742 жылы Орта жүз атынан Россия қол астына қарау тұралы ант берушiлердiң бiрi болған. Абылай хан атынан Ресей мемлекетiне елшiлiкке барғаны туралы деректер сақталған. Ресей үкiметiнiң ресми деректерiне қарағанда Орта жүз Атығай руының Бәйiмбет, Құдайбердi тайпалары Есiл бойына қоныс аударады. Бұның iшiнде Құлеке батырдың да ауылы болады. Бұлар келгенде Есiл бойы естектердiң қарауында екен. Естектермен жер үшiн болған соғыста Құлекенiң ағасы Тiлеке батыр қаза табады. Ағасының кегiн алған Құлеке Есiлден естектердi ығыстырады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2403 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Нұрсұлтан Жүсіпов
Өзбекстан мемлекеттік әлем 
тілдері университетінің докторанты, 
филология ғылымдарының кандидаты

ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМ – ШЕКСІЗ ДҮНИЕ 
(Өзбекстандағы қазақтар жайында)

Ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі басқа жерде, я өз Отанында бөлек ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа сіңіп кетеді. Сондықтан халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу (әсіресе мектепке дейін және мектепте). Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады.  
Көп ұлтты Өзбекстан Республикасында жасайтын қазақ елінің ұлттық сана-сезімі бекем, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрді сақтау өте жоғары деңгейде дамыған. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2149 | Загрузок: 119 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ, ОНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

БегалиевТ.Б., Р. Е.Әжібаева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді. 
 Мәселен, "Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі” ( 1, 615 ), яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.
"жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі” (2, 43)
"Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы” (3,334)
"Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” (4,126) 
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. 
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып  ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес. 
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2837 | Загрузок: 137 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

ОТБАСЫ – КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы.
Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты.
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.
Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады.
Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.
Шығарма | Просмотров: 77314 | Загрузок: 1199 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

ОТБАСЫ – ОТАНЫМЫЗДЫҢ ОШАҒЫ
 
                                      Отбасында адам бойындағы  асыл 
                                            қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
                                            Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 
                                  туған-туысқандарына деген 
                                  сүйіспеншіліктен басталады.
                                                                                      Н.Ә.Назарбаев       

Көшпелі және рулық-тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3086 | Загрузок: 280 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОК  (УДК) 940. 2 (574)

ОТАРШЫЛДЫҚ  САЯСАТТЫҢ  ТҮРКІ  ӨРКЕНИЕТІНЕ 
ТИГІЗГЕН КЕРІ   ӘСЕРІ 
(Профессор Ә.Б Тұрсынбаевтың зерттеулері негізінде)
 
Б.Қ . Таңатаров
Тараз  мемлекеттік педагогикалық  институты, Тараз қ.
                                                                                                                                                          
"Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады.  Еліміздің  ұлттық   тәуелсіздік   алуы – қазақ   халқының   тарихи   даму  жолына  қатысты  жаңа  көзқарастар  туғызды.  Бұл  көзқарастардың  негізі – қазақ  қоғамы  дамуының  жолы  да  халықтар  мен  мемлекеттердің  қалыптасуына  ортақ  сипаттарымен  байланысты  екендігінде.                 
        Қандай  да  болмасын  мемлекет   сыртқы  басқыншылыққа  қарсы  күрес  пен  ұлттық  тәуелсіздік  және  әлеуметтік  теңдік  үшін  күрес  үстінде  қалыптасып,  жетіледі. Кеңес  дәуірінде  қалыптасқан  сыңаржақ  ұғымдар  бізге  осы  түркі  әлемінің  тарихи  шындығын  мойындатпайтын  еді.  Себебі,  халықтың  ұлттық  тәуелсіздік  үшін  күресін,  отарлау  басқыншылығына  қарсы  наразылықтарын,  ұлтшылдықтың  тар  шеңберіне  тығып,  тарихи  фактілер  жайында  теріс  қорытындылар  жасауға  тырыстық. Соның  арқасында,  өз  еркімізбен  отар  болуға  құлшынған  ел  болып  көріндік. В.Лениннің  сөзімен  айтқанда  жабайы,  жартылай  жабайы,  қазақ  халқы  ұлы  орыс  халқының  көмегімен  ғана  ел  болып, көшпелі  тұрмыстан  отыршылыққа  ауысты,  орыс  мұжығынан  жер  өңдеп,  егін  салуды  үйрендік,  бұрын  екі  пайызы  ғана  хат  танитын  халық  Ұлы  Қазан  төңкерісінен  соң  ғана  жазу  мәдениетіне  ие  болды.  Осындай  жалған  тұжырымдар  бүкіл  түрік  әлеміне  қалай  ықпал  еткенін  бүгін  әркім- ақ  көріп  отыр.  Яғни  отаршылдықтың негізгі  мәселелеріне  қатысты  сыңаржақ  тұжырымдар  жасауға  әкеліп  соқтырады. Осы  проблеманың  өзекті  мәселелерін  шынайы  зерттеуге  тырысқан  ғалымдар  қуғын - сүргінге  ұшырады,  тарихи  зерттеулердегі  жаттанды  біржақтылық  тарихшыларға  өз  көзқарастарын  ашып  айтуға  мүмкіндік  бермеді.  
Тарих | Просмотров: 1328 | Загрузок: 100 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОЖ  940. 5 (574)
Б 12

ОТАНЫМЫЗДЫҢ АЗАТТЫҒЫ АҒА ҰРПАҚТЫҢ АРМАНЫ БОЛҒАН

А.Т. Рахымбаева
М.Әуезов атындағы № 33 орта  мектебі, Тараз қ.

 Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ  әлемі.
Таңдандарды жан-жағымды -  бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

Атам қазақ  аңсағаны еркіндік,
Сақтау  үшін азаттықты  бекіндік,
«Қастығы  жоқ  қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың  символымыз » сертім нық.

Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап  қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай  ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін,  жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына  қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 936 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Зерттеудің өзектiлiгi. Жалпытүркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктерімен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де жалпытүркілік табиғатын сақтап келе жатқан қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек – ҮІI-ІХ ғасырлардан жеткен көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Орхон, Енисей, Талас ескерткiштері тiлi түркi жазба тiлiнiң бiзге жеткен ең көне нұсқасы болғандықтан қазіргі барлық түркі тілдеріне тән басты фонетикалық, грамматикалық заңдылықтардың бағыт-бағдарын, өткен кезеңдердегі қалып-күйін, ортақ лексикалық жүйенің дамуын айқындауға мүмкіндік береді. Көне жазба мұралар тілінің лексикалық құрамы, фонетикалық жүйесі мен морфологиялық, синтаксистік құрылымы, стильдік ерекшелігі қазіргі түркі тілдерінен де көрініс тауып отыруы тек табиғи-генеалогиялық сабақтастықты ғана көрсетіп қоймайды, жалпытүркілік рухтың, тілдік сананың беріктігіне де дәлел бола алады. Түркi халықтарының ұлттық-мәдени болмысын, тарихи-әлеуметтiк сипатын танытуға қызмет ететiн жалпытүркiлiк танымды жаңғыртып, түркi жұртшылығы арасындағы рухани үйлесiмдiлiк пен тарихи тұтастықты сақтауға жол ашады. Бұл көне түркi жазба мұраларын зерттеудiң тек түркiлiк тiлтану ғылымында ғана емес жалпы түркi әлемi аясындағы өзектi мәселе екенiн көрсетедi.
География | Просмотров: 5576 | Загрузок: 543 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

                             Орталық Қазақстан аумағы 

Аумағы – 428 мың шаршы км
Құрамы – Қарағанды облысы
Халқы – 1411,7 мың адам
Халқының тығыздығы 
1 шаршы км-ге 3,6 адамнан
Қала халқы – 86%
ҚР халқының 11%-дан астамы тұрады

Географиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады,
ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды .
География | Просмотров: 4171 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 2021-2030 2031-2040 2041-2050 2051-2060 2061-2070 ... 2971-2980 2981-2987