Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 2031-2040 |
Страницы: « 1 2 ... 202 203 204 205 206 ... 298 299 » |
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) – Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Бәрінен бұрын адам көзқарасындағы төңкеріс Италияда басталды (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.
|
Данте
Данте Алигьери (май 1265. Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады.
|
Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті
Данте
Данте Алигьери (май 1265. Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады.
|
ҚҰБЫЛЫС
Қазақстанның экономикалық даму перспективаларының болашағы оның жер қойнауындағы орасан зор табиғи байлықтарымен байланысты екендігі жасырын емес десек, өткен XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарының ортасында геологиялық тұрғыдан Қазақстан аумағы "ақтаңдақ” болып есептелді және Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің шын мәнінде барлығы дерлік бар екендігін дәлелдеу үшін Сәтбаевтың және оның мектебінде тәрбиеленген қазақстандық геолог-ғалымдар мен өндірісшілердің көп жылғы жанқиярлық еңбегі қажет болды. Бүгінде шетелдік инвесторлар өздерінің қаржыларын осы жер асты байлығымызға және біздің салыстырмалы түрде осы байлықтың дамыған өндіруші және өңдеуші өнеркәсібіне салуда. Осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ Қаныш Имантайұлы: "Біздің табиғи байлықтарымызды ақылға қонымды пайдалану ғана халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін, оның экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайды”, деп айтқан болатын. 1926 жылдан бастап Жезқазғанда ресейлік академиктер Усов пен Обручевтің шәкірті болған жас тау-кен инженері Қаныш Сәтбаевқа зерттеушілердің шағын отрядымен рудалардың барланған қорын төрт жүз елу есе арттыруға мүмкіндік туып, әлемдегі ірі мыс кенішінің атағын әйгіледі. Ал 1934 жылы күзде ең алдымен Мәскеуде Жезқазған проблемалары бойынша КСРО Ғылым академиясының сессиясын өткізуге (сол кезде Қазақстанда ғылым әлі өркендей қоймаған кез), содан кейін сессия қорытындыларына сүйене отырып, КСРО ауыр өнеркәсібінің халық комиссары Серго Орджоникидзенің қабылдауында болып, Жезқазған мыс қорыту комбинатының, Жезқазған кеншілер қаласының және оған баратын темір жолдың құрылысы туралы мемлекеттік шешім шығартуға қол жеткізеді.
|
Сәтбаев Қаныш
(1899-1964)
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым Павлодардағы орыс-қазақ мектебінде, Семей мұғалімдер семинариясында, Томск технология институтының тау-кен факультетінде білім алған. Мұғалімдер семинариясында Ж.Аймауытов, М.Әуезов сынды көрнекті қайраткерлермен бірге оқыған. Ш.Құдайбердіұлымен тығыз байланыста болып, оның шығармашылығын жоғары бағалаған. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің іс-әрекетіне қолдау білдірген.
|
ҚАҺАРМАН ҚАЛИБЕК
Қашан, қайда болмасын бодан елдің тарихын отаршылдар жазып, ұлттық құндылықтарын да отаршылдар безбендеп отырды. Патшалы Ресей мен кеңестік кезең тұсында қазақ халқының тарихы мен рухани құндылықтары да солай болды. Соның кесірінен ата тарихымыз бен ана мәдениетіміз теріс түсініктердің, ақтаңдақ тақырыптардың қоймасына айналғаны жасырын емес. Тек азаттықтың ақыр айдынына шығып, екі тізгін, бір шылбыр өз қолымызға тиген күннен бастап, тоталитарлық жүйе санамызға сіңіріп кеткен теріс түсініктерді жөнге келтіріп, тарихымызды түгендеудің қамына кірісе бастадық.
Иә, азат елің, өз отаның болғанға не жетсін?! Бүгінде жер бетінде өмір сүріп жатқан күллі қазақтың болашағына, тағдыр-талайына қатысты бір-ақ жер бар. Ол – өлі аруақ, тірі ағайынның қара шаңырағы, ортақ Отаны – Қазақстан! Сөздің осы тұсында академик С.Сартаевтың: "Қазақ мемлекеті тек Қазақстанда тұратын қазақтардың ғана мемлекеті емес, ол сонымен қатар дүниежүзіндегі қазақтардың ұлттық мемлекеті. Сондықтан да ол бүкіл дүниежүзіндегі қазақтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуі және қорғауы қажет”, – деген парасатты пайымы ойға оралады. Демек, исі қазақтың жоғы осында түгенделіп, бары осында базарланбақ. Солай болып та жатыр.
|
3 тамыз 1936 – Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл
Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
|
Қарасай Алтынайұлы батыр
Қарасай Алтынайұлы – Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Қарасай батыр Қарғалы, Ұзынағаш, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларындағы ұрыстарда жау шебін бұзып, суықтөбе басына туын тіккен. 1929 жылы жазда Шапырашты қолы Жайық бойынан шаршап келіп, тыныстаймыз ба деп Асы (Алматы облысы) жайлауында жатқанда, ойраттардың олжалап кете салу мақсатымен қараша айында Іледен өтіп шабуыл жасауы Қарасайды атқа мінгізді. Қарасай аяқ-астынан басталған ұрысқа екі мың қол жиып, осы қазір Қарасай ауылы тұрған ойпатта ойрат тайшысы Банжұрды тас талқан етті. Қоян-қолтық айқаста көбі қырылған қалмақтар Іледен қайта өтуге мұршасы келмей, Сөгетіге қарай қашты.
|
Алтынайұлы Қарасай батыр
(1589-1671)
Алтынайұлы Қарасай (1589-1671) – қазақтың қаһарман батыры, әйгілі қолбасшысы, есімі шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнекті тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегінде Қарасаз деген жерде дүниеге келіп, арқа жерінде Көкшетау үшін болған шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы Айыртау сілемінің Құлшынбай деп аталатын төбесінен бұйырған. Қасына өзінің қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс - шапырашты Қарасай мен арғын Ағынтай батырға және олармен бірге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбезді кесене орнатылған (1999).
Қарасай батырдың шыққан тегі ұлы жүз шапырашты. Шежіре дерегі бойынша, Шапырашты Шам (Ыстық), одан Малды, Желді, Қалды есімді үш ұл туады. Малдыдан Екей, Еміл, Емілден Жайық пен Есқожа туады. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш есімді үш ұл туған. Алтынайдың үшінші әйелінен Қарсай батыр туған.
|
Өнер және бейнелеу
Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы Н.Ә. Назарбаев: «... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал» - деген.
|