Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 2011-2020
Страницы: « 1 2 ... 200 201 202 203 204 ... 298 299 »

Қазақтар

Қазақтар— ұлт, Қазақстан Республикасының байырғы және негiзгi халқы. Қ-дың ҚР-дағы саны 8,3 млн. (1999), әлемде 12,4 млн. Түркi тiлдерiнiң солт.-батыс қыпшақ тiлдерi тобына жататын қазақ тiлiнде сөйлейдi. Ислам дiнiнiң сүнниттiк бағытын қабылдаған. Оған дейiн шаман дiнiнiң негiзi болған тәңiрге, аруаққа сиыну нанымдары орын алды. Қ. тұрантектес расаның негiзгi өкiлi. Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз. 
Тарих | Просмотров: 1553 | Загрузок: 139 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанның энергетика жүйесі

    ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА ЖҮЙЕСI — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеум. инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы. 

Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экон. және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр т. ж. бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өз-нiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр ст-н салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр ст-ның құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту з-ты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын з-ты iске қосылды. 
География | Просмотров: 2585 | Загрузок: 117 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

 «География және табиғат»
журналы - №2
Наурыз – сәуір- 2008 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары
Сабақтың мақсаты:  
1. Білімділігі: жер бедерінің дамуы және геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбалардың байланысы ой қозғау
2. Дамытушылық: пайдалы қазбалардың өндірілуі және тиімді пайдалануы 
3. Тәрбиелігі: тұрмыс , тіршілікте пайдалану
Сабақтың әдісі: әңгіме, кластер стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының физикалық картасы, 
                                         коллекция «Пайдалы қазбалар».
География | Просмотров: 6544 | Загрузок: 510 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі

     Оқу-ағарту жүйесi. Қазақстан жерiнде, әсiресе, оның отырықшы аудандарында орта ғ-лардың ерте кезеңiнде-ақ (7 — 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, дiни бiлiм беретiн ортадан жоғары оқу орындары жұмыс iстей бастаған. Ертедегi Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркiстан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкiрт бiлiм алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенiң түкпiр-түкпiрiне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзiмi 4 жыл, оқуға жетi жастан бастап қабылданған, кейбiр ауылдық жерде 7 — 9 жастағы балалар бiрге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бiтiргенi үшiн балаға ресми куәлiк беру тәртiбi сақталмаған. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1348 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан республикасының 
ордендері 
«Отан» ордені 
«Отан» ордені 1993 жылы тағайындалған. Аталған орденмен мемлекеттік және қоғамдық қызметінде экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, мемлекеттік құқық қорғау және әскери қызметтегі демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. 

І-ші дәрежелі «Барыс» орденінің жұлдызы 
«Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасының мемлекеттігі мен егеменділігін нығайту ісіне ерекше еңбек сіңіргендер, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы мәдени–қоғамдық қызметі үшін, халықтар арасындағы достықты нығайтуда, ұлттық өзара мәдениет бірлігін жетілдірудегі еңбегі үшін марапатталады. «Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады. Орденнің 1-ші дәрежесі жұлдызша мен аспалы жолақтан тұрады. 
География | Просмотров: 1217 | Загрузок: 228 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы, климаты

 
 

 
    Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi. 

    Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай. 
География | Просмотров: 2394 | Загрузок: 124 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанның ең ежелгі қаласы
Сонымен жылқы жылының күзінде Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы өткізіледі. Бұл жөнінде дүниежүзілік құзырлы ұйым ЮНЕСКО шешім қабылдаған болатын. Осыдан екі жыл бұрын түркі дүниесінің, қазақ мемлекетінің рухани астанасы Түркістанның 1500 жылдығы тойланған болса, ендігі кезек Таразға келіп отыр. Ал Тараз - әлемге ежелден Үлы Жібек бойындағы сауда-саттығы дамыған, салмақ өлшеу құралы — таразы ойлап табылған шаһар қолөнер, керамикасы, алтын, күміс, зергер бұйымдары, сұлу ару қыздары, қайтпас қайсар жауынгерлері, ғұлама, ойшылдары, ақындары арқылы белгілі қала еді.
География | Просмотров: 6858 | Загрузок: 147 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанның ежелгі қалалары

 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемл. төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады. 
География | Просмотров: 3171 | Загрузок: 107 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Даму перспективалары
Қазақстан арқылы  "солтүстік-оңтүстік"  ғажайып географиялық дәлізі өтеді: Ресейдің негізгі ағаш ағыны оңтүстік бағытта Қазақстан арқылы өтеді (Сібірдің шикізат базасы және Қытайдағы сату нарығы). Кейіннен экспорттау шикізатты дайындаудан бастап тереңірек және қалдықсыз қайта өңдеудің  қосылған құнының  біріңғай  тізбегінің принципін жүзеге асыру, сатылас-интеграциялық құрылымын құру үшін тереңірек қайта өңдеудің логистикалық база мен кәсіпорынды құру мүмкіндігі. 
Қазақстанның ағаш өнеркәсібі кешені синергетикалық  әлеуетін   иеленеді: кешендік жағдай  кезінде, сондай-ақ кластерлердің құрылуы кезінде алдыңғы қатарлы технологияның құрылуына және одан әрі  дамуына жол ашылады. 
Экономика | Просмотров: 1232 | Загрузок: 122 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанның ғылымы және ғылыми мекемелері

     Ғылым және ғылыми мекемелерi. Қазақстанда ғылыми ой-пiкiрдiң тууы ежелгi замандардан бастау алады. Археол. зерттеулер мен жазба деректер бiзге Жетiсуда, Орт. және Шығ. Қазақстанда 6 — 8, 9 — 11 ғ-ларда-ақ болған ежелгi қалалар мен қоныстар мәдениетi туралы деректер бередi. Бұл мәдениеттiң иелерi өз көркемөнерiн, қолөнерiн және жазуын жасаған жергiлiктi түркi тайпалары: оғыздар, қарлұқтар, қимақтар, қыпшақтар едi. Орта Азия мен Қазақстанның 8 — 11 ғ-ларда араб халифатына кiруiне байланысты өлкеде ислам дiнi таралып, мәдени өмiрде араб мәдениетiнiң ықпалы күшейе түстi. Бат. Еуропадағы латын тiлi сияқты араб тiлi халифат аумағында халықар. әмбебап тiлге айналды. Алайда жергiлiктi мәдениет пен тiл сақталып қалды. 

    Араб мәдениетiн жасауға және дамытуға халифаттың бiр кездегi арабтар жаулап алған елдерiнен шыққан көптеген талантты ғалымдары барынша белсене қатысты. Орта ғасырлардағы қалалар өздерiнiң базарларымен және қолөнершiлерiмен ғана емес, сонымен бiрге ақындарымен, ғалымдарымен, суретшiлерiмен, бай кiтапханаларымен, оқу орындарымен де дүние жүзiне мәлiм болды. Қалалардың арасында Үндiстан мен Қытайдан Еуропаға қатынайтын "Жiбек жолы” деп аталатын сауда керуен жолының геогр. және экон. жағынан аса маңызды торабында, Орта Азия мен Қазақстанның отырықшылық-егiншiлiк аудандарының түйiскен жерiнде орналасқан Отырар (Фараб) қ. ерекше көзге түстi. Отырар кiтапханасы қолжазба кiтап қорының байлығы жағынан Египеттегi Александрия кiтапханасынан кейiнгi аса iрi кiтап қоймасы болды. Отырарда ұлы ғалым Әбу Наср әл-Фараби дүниеге келдi. Ол аса зор ғыл. мұра — жүзден астам iрi еңбектер қалдырды. Орта Азия мен Қазақстан қалаларынан Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Абдаллаһ әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Жафар ат-Туси, Рудаки (860 — 941) және басқа көптеген ғалымдар шықты. Хорезмимен бiрге әйгiлi астрон. кестелердi жасауға қатысқан астроном әрi математик — Ғаббас әл-Жәуһари (9 ғ-дың 1 жартысы), сондай-ақ, оның замандастары — Ысқақ әл-Фараби және 40 мың сөзден тұратын араб тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiн жасаушы Исмаил әл-Жауһари әл-Фараби танымал болды. 
Тарих | Просмотров: 1118 | Загрузок: 121 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1991-2000 2001-2010 2011-2020 2021-2030 2031-2040 ... 2971-2980 2981-2987