Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1971-1980
Страницы: « 1 2 ... 196 197 198 199 200 ... 298 299 »

ӘОЖ: 82.085.800.879(574).
Д16

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТӨРТ ТҮЛІК МАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Ф. Қ Кенжеқұлова, Г.Ж.Даниярова
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазақ тіл білімі ғылымында тұрақты тіркестерді тақырыптық топтарға бөліп, оларды әр түрлі бағытта қарастыру кең үрдіс алып келеді. Кез-келген тілдік құбылыстың, соның ішінде тұрақты тіркестердің табиғатын оның тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына байланысты да қарастырған дұрыс секілді.
Жалпы орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып, бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркестер дейтініміз белгілі. Осы тұрақты тіркестердің тақырыптарына үңілетін болсақ, алуан түрлі. Сол тақырыптардың ішіндегі төрт түлікке қатысты қолданылатын тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамаларына тоқталсақ. Қазақ тілі этнолингвистикасы жайында А.Т.Қайдар: «Этнолингвистика»- этностың инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы[4,15б],- деп нақты, әрі тұжырымды анықтама береді. Жан-жануарлар атауларынан қалыптасқан тұрақты тіркестерді этнолингвистика тұрғысынан зерттеу, яғни олардың материалдық мазмұнын, тілдік табиғатын, халықтың өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, рухани-мәдени өмірі, әдет-ғұрпы негізінде сипаттау болып саналады. Жан-жануарларға соның ішінде, төрт түлікке байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестеріне үңілмес бұрын, төрт түлік ұғымына көңіл бөлсек; түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малын қосып, «төрт түлік мал» деп ата-бабаларымыз атап кеткен. Бұлардың сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды Ойсылқара, Қамбарата, Зеңгібаба, Шопаната, Шекшеката деп атаған. Атаулардың ертедегі қалыптасқан ұғымдық мағынасы өте кең. Бұл атаулар ұлтымыздың тарихымен тікелей қатысты, ұлт болып қалыптасудан көп ілгері ру, тайпамен сабақтас жатқан атаулар. Төрт түлік малды оның «иесі», «киесі» бар деп нанып, оларға жалбарынатын, киелі ақ нар, киелі ақ боз айғыр, киелі көк бұқа, киелі көк қошқар деп ат қою салты болған. «Малымның құты» деп, еркек малдан белгілі бір айғырды, бура немесе лөкті, қошқарды қастерлеген де салт болған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 4127 | Загрузок: 119 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОК 413. (342) 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ МӘНМӘТІНДІК НЕГІЗІ

А.С. Әлібаева 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Тіл-тілдегі сөйлем құрылымды фразеологизмдер мақал-мәтел және мақал-мәтел емес коммуникативтік фразеологизмдер болып екі үлкен жүйеге топтасады. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдер өзінің дербестігі жағынан мәнмәтінде жеке хабар беруші сөйлем түрінде қолданылады. Мақал-мәтел фразеологизмдердің арасында дәстүрлі, классикалық сөйлем құрылымдыларымен қатар, грамматикалық жақтан ұйымдасуы тұрғысынан формальды түрде сөйлем ретінде танылатындары да бар. Синтаксистік тұрғыдан сөйлем ретінде танылатын тұлғалардан өзге, мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің қатарында грамматикалық жақтан аморфты құрылымдар да кездеседі. Олардың қатарына әр түрлі мақсатта қолданылатын, бір мүшесі кем тұлғалар жатады, мысалы: Тисе-терекке, тимесе- бұтаққа ; Адамына қарай сәлемі т.б.
Тұлғалану құрылымына қарамастан, мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің грамматикалық жақтан сөйлем түрінде қалыптасқандарының да, сөйлемнің қызметіне және құрылымына  формальды түрде жауап беретіндерінің де атқаратын қызметі шындық болмыстың әйтеуір бір жағын хабарлау. Тілде дайын күйінде қолданылатын, өзіндік ішкі астарға құрылған семаникасымен сипатталатын құрылым ретінде ұйымдасқан мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің қызметі сөйлем ретінде танылады. Егер мақал-мәтелдік құрылым коммуникативтік қызметпен байланыспаса, ондай мақал-мәтелдің грамматикалық құрылымы мен синтаксистік формасы сөйлем анықтамасын формальды түрде атқарып тұр деген сөз. Мысалы, мақал-мәтелдердің эллипсистік қолданысы, олардың құрамында тұрлаулы  мүшелердің түгел болмауы т.б. сияқты құрылымда қалыптасуы, олардың сөйлем анықтамасына формальды түрде жауап беретіндігін көрсетеді. Мақал-мәтелдер парадигмасының негізіне де грамматикалық категориялардың морфологиялық көрсеткіштері алынады, сондай-ақ, сөйлем ретінде, мақал-мәтелдердің синтаксистік формалары мен құрылымы олардың парадигмасы болып табылады. Өйткені, мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің синтаксистік парадигмасы әр түрлі сөйлем үлгілері бойынша ұйымдасады. Сөз шеберлері оларды өзгертпей де, өзгертіп те қолдана береді. Мақал-мәтел коммуникативтік фразеологизмдердің арасында өзгертіп қолдануға икем тұратындары көбіне екі сөзден тұратын сөз тіркесі түріндегі үлгілері (сыныққа сылтау, сұлуынан жылуы т.б.), жай сөйлем түріндегі  құрылымдылары (пәледен машайық қашыпты, суға кеткен мал қармайды т.б.). Мысалы : - Бүлінген елден бүлдіргі алма дегені қайсы ? Бөтен болса бір сәрі (М.Ә.). Жанталасып жүріп тапқан ақшаң, мұқтажыңның біріне жетсе, біріне жетпейді. Қысқа жіп күрмеуге келе ме ? (С.С.).
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1103 | Загрузок: 115 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

  Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. 
     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта  құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының  24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік  кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының  1 жұлдызында қолдануға енгізілді. 
    Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың  бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған. 











     Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
     Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.
Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;
   Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.
География | Просмотров: 1488 | Загрузок: 131 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) және Халықаралық аудиттің стандарттарына (бұдан әрі – ХАС) көшу қажеттілігін мемлекеттің жалпы саясаты және Қазақстанда нарықтық экономиканы құруға бағдарланған реформалардың стратегиясы айқындайды.
Осы Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 
9 тамыздағы № 233 - өкімімен бекітілген Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын жедел енгізу жөніндегі 2006 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес дайындалды.
Осы Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамытудың негізгі үрдісіне талдау жасалады, алдағы жылдарда оны дамытудың жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті реттеудің қолданыстағы жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістерді енгізу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен аудит саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.

География | Просмотров: 1764 | Загрузок: 123 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы, туризм, туристік нысандар

     Туризм. Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қ-нда тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк к-нде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды. 
География | Просмотров: 2707 | Загрузок: 122 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары

    Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. 

    Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады. 
География | Просмотров: 1228 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі

Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерiн көрсетушiлер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерiн жаулап алған Араб халифаты ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал еттi. Сөйтiп, көшпендi деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесiн, оның iшiнде спортты дамытуға көңiл бөлгенi байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерiмен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерiмен айналысу арқылы өздерiнiң рухани байлықтарын жетiлдiрiп, толықтырып отырған. Халық өзiне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерiн, әр түрлi дене жаттығуларын үнемi жетiлдiрiп келген. Әр рудың, әр жүздiң, әрбiр хан мен бай-манаптың, болыс-бектiң өз балуаны, өз мергенi, өз сәйгүлiгi болған. Олар бәйге-жарыстарда iрi рулардың намысын қорғаған 
География | Просмотров: 1545 | Загрузок: 116 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан опера өнерінің негізін салушы 
сахна жұлдыздары

2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді). Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды. 
Тарих | Просмотров: 1794 | Загрузок: 130 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан  мен  Германия              

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапар¬мен келген еді. Әр сапардың, әр кез¬десудің өзіндік орны бар. Әсіре¬се, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан На¬зар¬баев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредер¬мен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақ¬тас¬тығын әрі қарай дамытуға қа¬тысты мәселелерді талқылады. Со¬ны¬мен қатар, Президент Германия¬ның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездес¬ті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петер¬бургте өткен "Үлкен сегіздік” сам¬ми¬тінде Германияның жаңа Фе¬де¬ралдық канцлері Ангела Меркель¬мен кездескен еді. Кездесу қоры¬тын¬дысында Қазақстан Прези¬денті¬не Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақыр-ту түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бой¬ын¬ша, бүгінде Қазақстан мен Гер¬ма-ния арасында түсініспеушілік ту¬дыратын проблемалар жоқ, халық¬аралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған пози¬ция¬лары жақын. Мысалы, Қазақ¬стан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Герма¬ния Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр¬аға¬лық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан. 
География | Просмотров: 1612 | Загрузок: 118 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚСТАН ҚҰСТАРЫ



ШЫРША ҚАЙШЫАУЫЗЫ - тау өзеніненжағалай өсетін ағаштарда жиі кездесетін торғайдың бір түрі. Қоректері- қыста пісетін шырша тұқымдары. Шырша қайшыауызының тұмсығы атына сай айқасып тұрғандықтан, ол оның жемін оңай алуына көмектеседі. Бұл құстың ерекшелігі- көктемде жұмыртқаламай, керісінше қақаған қаңтар айында жұмыртқалап, балапандарын шығарады. Қоректі олаоға үнемі аталығы жеткізіп отырады. Ал аналығы балапандарын ұядан қашан ұшырғанша шықпайды. Олар балапандарын жемсауында,ы жібіген қарағай тұқымын құсып беру арқылы асырайды. Сәуір айында балапандары өздері қоректенетін болады.
География | Просмотров: 1176 | Загрузок: 114 | Добавил: Admin | Дата: 22.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1951-1960 1961-1970 1971-1980 1981-1990 1991-2000 ... 2971-2980 2981-2987