Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1951-1960
Страницы: « 1 2 ... 194 195 196 197 198 ... 298 299 »

   Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып  жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.
   Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым – қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.
  Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:
1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);
2) полемикалық (дауласу) сөз;
3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция). 
 Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше,сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.
Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3402 | Загрузок: 108 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОЖ 809.43.2:801.4

ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ

А. Б. Жолшин 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.            

Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз. 
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2464 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Ербол Әбдірәсілов 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
Ұлттық университетінің доценті, 
филология ғылымдарының докторы

ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ
«АЛАШ» КЕЗЕҢІ

Терминологиялық сөздіктер тарихын сөз етер болсақ, оны «алаш» зиялыларының қайраткерлік қызметімен байланыстырмай өту мүмкін емес. Мысалы, қазақ терминографиясындағы алғашқы сөздіктердің қатарына жатқызылып жүрген сөздіктерге алаштықтар шығарған, 1927 жылы жарық көрген Н. Қаратышқановтың «Пән сөздері»  мен 1931 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Атаулар сөздігі» жатады. 
Алғашқы терминологиялық сөздіктер ретінде бұл екі сөздіктен басқа да сөздіктер өзіндік мүмкіндігімен терминографиялық еңбектер тарихына кіре алады, бұл сөздіктер белгілі бір қызметі жағынан терминография тарихында қарастырылып, терминографиялық еңбектің қызметін атқарған сөздіктер ретінде бағалана алады. Мұндай сөздіктердің қатарына 1925 жылы Мәскеу қаласынан жарық көрген Қ. Кемеңгерұлының басшылығымен құрастырылған «Қазақша-орысша тілмаш» пен 1926 жылы Қызылорда қаласынан басылып шыққан «Орысша-қазақша әскерлік атаулар» сөздігі жатады. 
Тарих | Просмотров: 1342 | Загрузок: 56 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)


2005-10-28: 
СЫР БОЙЫ БАТЫРЛАРЫ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА
 
Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен Ташкентті уақытша басып алды.

Ел бiрлiгiн нығайтқан майдан
Тәуке ханның Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы аудандарды қосып алуы, қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық-саяси құрылысына ықпал жасағаны белгiлi. 
Бұл кезде Еуразияның саяси картасы өзгерiстер үстiнде болатын. Ресей шығысқа, Қытай батысқа қарай бағыт ұстана бастаған. Бiрқатар тарихшылардың айтуынша, жоңғар шапқыншылығының басталуына осы екi алып империяның жымысқы саясаттары себеп болған сияқты. 
Тарих | Просмотров: 1100 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОК (УДК) 940. 2 (574)

ҚАЗАҚ ТАРИХЫ – ТҮРКІЛЕРДІҢ ДАЛАЛЫҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ

Ж. Исахметұлы, А.Е. Жұрынбай
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,
Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта  даярлау институты, Тараз қ.

Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы  орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі – қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.
Сонымен түркі әлемінің, оның ішінде Қазақ елінің әлемдік тарихтағы орны қандай? Ол оған не қосты, қандай өрнек салды? Тағылық-варварлық-өркениет (дикость, варварство, цивилизация) сияқты сатылардан өте алды ма? Әлде А.Тойнби айтқандай, тұрпайы (примитивтік) қалпында қалды ма? Шығыс халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір цивилизациясын атайды.
 «Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, - оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче, чем можно было полагать ранее.
Тарих | Просмотров: 1407 | Загрузок: 123 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Зерттеудің өзектілігі. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі. 
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты. 
Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрінің қатар дамып, қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру, қоғамның, тілдік ұжым мүшелерінің сөз мәдениетін көтеру "сөз мәдениеті” деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған гуманистік, әлеуметтік жауапкершілік болып табылады. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3031 | Загрузок: 275 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ поэзиясындағы жыраулық дәстүр

Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.
Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 4032 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

УДК 828.215.121.22.01

АҚЫН ЖӘНЕ ДОМБЫРА. 
ПОЭЗИЯДАҒЫ ДОМБЫРА БЕЙНЕСІ

А. Абсаттарова 
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ
 гимназия-интернаты, Павлодар қ.               
Қазақ ұғымында ақын деген сөздің мағынасы кең. Академик  Радловтың, профессор Мұхтар Әуезовтің айтуларына қарағанда ақын деген сөздің түпкі мағынасы «ағын», «ағылудан» шығуы ықтимал.
Е. Исмайлов қазақ поэзиясында ақынды шығармашылық  қызметіне қарай екі жікке бөлген. Бірі, өлеңді домбырамен суырып салып айтатын немесе жазып шығарса да  жаттап әнге қосып айтатын импровизатор халық ақындары, екіншісі, оқыған, білімді, өлеңді жазып шығаратын жазба ақындар. Ал Әл Фараби болса ақындарды үш топқа бөлген. Ұлы ұстаз өлең жазатындардың үшінші тобын тума қабілеті де жоқ, жоғарғы екеуіне еліктеумен ғана жүретіндер деп атаған. [ 1, 17, 18б]
 Домбыра - қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жіті таныстырар асыл мұрамыз. Орыс ғалымы В.В. Виноградов: «Археологиялық олжалардың (қабырғадағы сурет, күйдірілген сазтерракта) ішінде кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын тұтынылған қос ішекті аспаптың бейнесі айрықша назар аудартады...Бұған бүгінгі күнгі ең тектес, ең жақын аспап ретінде қазақтың домбырасы мен қырғыздың комузын жатқызуға болады» дейді. Бұдан домбыраның қазақ ұлты пайда болған кезде-ақ аспап болып қалыптасқандығы көрінеді. Домбыра өз бойына көптеген пәндік сапаларды жиыстырады. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, күйші, композитор Жасарал Еңсепов домбыраның екі ішегін қағып, әуен шығару, бір мезгілде поэзияға қосып, нәтижесін көрсету – логика, күй сезімінің мәнін жеткізу – философия деп тұжырымдаған. Бұдан біз қазақтың көне заманының және қазіргі  таңдағы күйшілердің соншалықты талантты болғанын, осы сапаларды кешенді түрде бір мезгілде көрсеткен тума дарындылықты аңғарамыз. [2, 109 – 112б] 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1061 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ өнері

     Өнерi. Қазақстан жерiнде кезiгетiн бейнелеу өнерiнiң алғашқы нұсқалары палеолит дәуiрiне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрiнде кездеседi. Неолит және қола дәуiрiнде тасқа бедерленген Баянауыл үңгiрiндегi (Павлодар обл.), Таңбалы аңғарындағы (Алматы обл.) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегiлген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш к-нiң солт. жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келiншектiң қасындағы екi ер кiсiнiң жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерiн мекендеген тайпалардың негiзгi кәсiбiн, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекiме суреттердiң сюжетi жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, дiни нанымға құрылған. Суреттер нобайына iшiнара қына түстi бояу жағылған. Андрон мәдениетi мұрасына саналатын геом. өрнектi қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орт., Солт. және Бат. Қазақстан аумағында жүргiзiлген қазба жұмыстары кезiнде ашылды. "Таңбалы тастағы” (Алматы обл.) б.з.б. 2 ғ-дағы тасқа бедерленген Будда бейнелерi (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекiме суреттердiң озық үлгiлерiнiң бiрiнен саналады. Осы жартастарда 16 — 17 ғ-ларда салынған суреттер де бар. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1341 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ  шаруаларының  феодализмге   және   отаршылдыққа    қарсы    күресі.  .
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның Россия құрамында дамуының екі бағыты болды. Бірі — Россияның озық экономикасы мен мәдениетініц ықпалымен қазақ кауымы шаруашылығының, мөдениетінің прогрессивтік бағытта өсуі, екіншісі — қазақ қауымының феодалдық тобына арқа сүйеп, патшалық отаршылдық қанауының күшейе түсуі, 18 ғасырда Қазақстанда феодалдық қатынас одан әрі дамыды, соған байланысты таптық, қайшылықтар да шиеленісе түсті. Феодалдық және отаршылдық қанаудың бір түрі малшы шаруалардың көші-қоныс жерлерін тарылту болып табылады.
Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтар 1756 және 1771 жылғы жарлыққа мойын ұсынбай, Еділ мен Жайық аралығындағы жайылымдық жерлерді пайдалана берді. Бірақ шаруалар соғысын басқаннан кейін бұл жерлерге  мал жаю мүмкін болмай қалды. Орал бойындағы шекара линиясы қалпына келтіріліп, қамал гарнизондары күшейтілді. Патша үкіметі сұлтандарды өз жағына тартып, солар арқылы қазақ еңбекшілерінің дүмпуін болдырмауға әрекет жасады. Өз тарапынан Нұралы хан және сұлтандар патшаға шын берілгендігін дәлелдеуге тырысып бақты.
1782 жылғы жарлық бойынша хан шекаралық басшылардан рұқсат алғаннан кейін ғана ауылдар Жайықтан өтіп, көшіп-қонатын болды. Нұралы мен оның жақын тумалары Оралдың казак әскерлерінің старшындарымөн сөз байласа отырып, көштің қоныс тәртібіне қол сұғып, ауылдарды бірігіп тонап отырды. Малшыларды ашықтан-ашық тонау, заманнан қалыптасқан көш жолдарын, қоныстарды өзгертуі ецбекші халықтың шаруашылығын күйзелтті.
Кіші жүз қазақтары көтерілісінің негізгі себебі — жер мәселесінің шиеленісуінен, патша үкіметінің қазақтарға «ішкі жаққа» (Жайық _пеп Еділ аралығына) өтуте тыйым салуы, феодалдық және отаршылдық қанаудың күшеюі, хан мен сұлтандардың, Орал казак әскерінің, патша әкімшілігінің тарапынан ашықтан-ашық тонау, зорлық-зомбылық көрсетумен болды.
Шаруалар   мен    феодалдардың арасындағы   қарама-қайшылықтар  шиеленісумен    қатар,    феодалдық    таптың өз ішінде де бплік  үшін   тартыс жүріп жатты. Дала ақсүйектері (сұлтандар) патриархалдық   феодалдық    билеушілердің  (би, старшын, батырлар)  ықпалының күшеюімен    келіскілері   келмеді.   Әртүрлі    феодалдық   топтардың   арасындағы күрес-тартыс таптық күштердің белгілі дәрежедегі ықпалына жәнө көтерілістің    барысына    әсерін    тигізді. Оның    негізгі   күші    шаруалар   еді. Көтеріліске   билер  мен   старшындар, батырлар да қатысты. Олар қаналушы халықтың   дүмпуін,   наразылығын өз мақсаттарына жұмсамақ болды. Қарапайым     шаруа       старшындар      мен батырлар қауымның мүддесін ойлайды,   сонымен   қатар,   олар   хан   мен сұлтандардың     тепкісінен    халықты азат етпек деген жалған ойда болды. Сондай-ақ,      бұлардың     бастауымен 
Тарих | Просмотров: 896 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1931-1940 1941-1950 1951-1960 1961-1970 1971-1980 ... 2971-2980 2981-2987