Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1861-1870
Страницы: « 1 2 ... 185 186 187 188 189 ... 298 299 »

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

Мұртаза Жүнісұлы БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы


ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМ

Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.
Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, жеп-ішу, жұмыс істеу, байлық тілеу, меншік жинау, араласу, ғылым іздену, тазалық, жыныси қажеттер т.т. осылардың күллісі де жұмыр басты пенденің бәріне қажетті нәрселер. Ислам жыныстық қатынасты шектемейді, не болмаса дін жолында жүрмек болғандар үйленбесін, жанұялы болмасын демейді, қайта, үйленуді, балалы-шағалы болуды, жанұя мен қоғамды сақтауды насихаттайды. Тек, адамның жаратылысымен пайда болған әр түрлі қажеттіліктерін халал жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан, зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды лағынеттейді.
Тарих | Просмотров: 4618 | Загрузок: 68 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ұртаза БҰЛҰТАЙ
Философия ғылымдарының кандидаты,
Дінтанушы, мәдениеттанушы

ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ[1]

Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы рөлін пайдаланғысы келеді. Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік, мәдени һәм экономикалық уақиғалардың негізінде діни факторлардың бар екенін айту жаңсақтық болмас. Әсілі, дін осы салаларға бағыт-бағдар беретін күштің бірі, тіпті ең бастысы. Қоғам құрылымының анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі болып табылады.
Заманауи әлеуметтану ғылымдарынан социология, психология, антропология, мәдениеттану, философия, филология, саясаттану, өнертану дінді зерттеумен шұғылданады. Бұлар дінге әлеуметтік феномен, қоғамдық уақиға және қоғамға пішін беретін құдірет ретінде қарайды. Халық арасында кең таралған хұрафи сенімдер мен ырым-секемдердің өзі қаншалықты әсерлі екені баршаға белгілі. Діннің мәдениетті қалыптастырушы басты күш екеніне дау жоқ. Әсіресе, бүгінгі өтпелі кезеңде азаматтардың өзін-өзі танып-білуі, ортақ ұлттық мұраны қалыптастыруы және ХХІ-ғасырдағы халқымыздың өсіп-өркендеуінің басты құралы дініміз.
Маркс еңбектерінде идеология мәселесіне өзін жетектеген күштің дін болғанын жазған. Мұндай жағдайды Людвиг Фейербахтың (Ludwig Feuerbach, 1804-1872) еңбектерінен де табуға болады. Мысалы, Фейербахтың ой жүйесі сезім арқылы білінетін нәрселердің ғана бар екендігіне негізделуші еді. Сол себепті Құдайдың барлығын растайтын нақтылы дәлел болмайынша Оның барлығын дәлелдеуге болмайды деген философ. Фейербах дін әкелген дәлелдерді ғылыми айғақтарға жатқызбай, жай қараңғы сенім қатарына қосқан. Сөйтіп, ол Карл Маркс пен Фридрих Энгелске (Friedrich Engels, 1820-1895) қатты ықпал жасаған. Осы материалист-атеист Фейербах философиясының әсеріне шалдыққан адамдар бізде де жеткілікті. Маркстің дінді «халықтың апиынына» теңеуі және Гегельдің «құқық философиясына сын» атты мақаласы осы сарында жазылғаны белгілі. Маркстің пікірінше дін адамды белгілі қағидалардың құлына айналдырады, діннен ада болған адам осы алданыштан да азат болады. Мұнымен, Маркс дін мен идеологияның арақатынасын мойындайды. Дегенмен Маркстің йаһұди (еврей) және христиан қоғамда өскенін және оның пікірлеріндегі дін туралы ойлардың осы екі дін төңірегінде шоғырланғанын айта кеткеніміз жөн.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1629 | Загрузок: 102 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Дискурс

Дискурс ұғымы XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап философияда кеңінен қолданыла бастады. Тұңғыш болып «дискурс» ұғымын Ю. Хабермас өзінің «Коммуникативтік компетенция теориясына дайындық» атты еңбегінде қолданған болатын. Содан бері бұл термин батыстық философияда кең қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде қалыптасқан нормалар, ережелер және негізгі құндылықтар жинағынан тұратын идеологиялық тіл. Ондағы идеология деп отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.
Дискурс — тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1515 | Загрузок: 114 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Джон Локктың педагогикалық теориясы
 (1632-1704)

Саяси-әлеуметтік және философиялық дүниетанымы.

   1688 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болды. Ол өндірістік төңкеріске негіз дайындады. Бұл төңкеріс жаңа кезеңнің – буржуазияның үстемдік ету кезіңін жария етті, ол бұқара халықтың қатысуымен іске асты, бірақ, төңкеріс буржуазия мен дворияндардың арасындағы келісіммен аяқталды.
   Джон Локк 1632 жылы революциялық төңкеріске қатысқан адвокаттың жанұясында дүниеге келді. Ескі Вестминистрлік мектепте орта схоластикалық білім алғанынан кейін, ол Оксфорд университетіндеоқуға түседі, онда ол белгілі Декарт, Бекон, Ньютон сияқты ғалымдардың еңбектерімен танысады, жаратылыстану ғылымдарымен қызығады, медицинамен айналысады. Университетті бітіргеннен кейін Локк грек тілі мен әдебиетінің оқытушысы болып университетте қалдырылады. 1667 жылы Локк либералдық саяси қайраткер лорд Шефтсбернмен танысады, үй дәрігері және оның немересінің тәрбиешісі болып орналасады. Шефтсберн буржуазия жағында корольге қарсы күресті. Шефтсбернді және онымен бірге Локкты қуғындайды, олар амалсыздан Голландияға эмиграцияға кетуге мәжбүр болады.
   1688 жылы Локк Англияға қайта оралады, буржуазиялық қоғамда құрметті орынға орналасады. 1704 жылы қайтыс болады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1846 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) мектебінің өзіндік қасиеттері мен ерекшеліктері.
       Қазақ өнерінің бастауында үркердей аз ғана  топ ішінен айрықша табиғи талант-дарынымен  жарқырап көрінгендердің бірі  қобызшы - Дәулет Мықтыбаев.  Д. Мықтыбаев 1904 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында дүниеге келген.  
Ықыластың ең дарынды шәкіртінің бірі Тоқтамысұлы Әбікей қартайған шағында бойындағы ұлы мұра ұмыт болмас үшін қатты алаңдап, аяқ жетер төңіректен қобыз қадірін білетін өкше басар жас ұрпақ  іздеген екен. Ол іздеген Қорғалжын жағасын жайлап отырған Әупіктің ауылынан табылады. Әупік – қазақтың әйгілі қобызшысы Д. Мықтыбаевтың әкесі- өнерге жақын  және өзі от басында  да қобыз тартқан адам.
  Д. Мықтыбаев  тоғыз жасқа келгенде  қобызға қатты құмарланып жүргенін әкесі байқап, тәлім - тәрбие алсын деп, Ықыластың   Түсіпбек  деген баласына жібереді. Дәулет Түсіпбектің қолына  келгенде Ықылас әлі тірі. Бірақ қолынан күші қайтып, қобыз шылмайды екен. Талай жыл жан серігі болған қара қобызын Ықылас:  «Ашаршылықта ас болған, жаяушылықта ат болған аспабым еді»-деп маңдайына басып, өзінің  Әбікей деген ең дарынды шәкіртіне тапсырған екен»- деп жазады И. Жақанов.
Осы әңгімелерге сүйенсек,  Д. Мықтыбаев Ықылас күйлерін Әбікей, Түсіпбектерден үйреніп  ұстап қалған. Бірақ, өкінішке орай, осы кісілерді  мазаламайын деп,  Дәулет  Ықыластың  көп күйлерін  ұстай алмай қалғанын да айтып кеткен де  жөн көрдік. Көп күйлердің аттары сақталғанымен, орындайтын  үлгісі, нотаға жазылғаны қалмаған, мысалы: «Бозторғай», «Қаншайым» сияқты күйлер.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1377 | Загрузок: 108 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
1. Депозиттік операциялар түрлері
      Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивтi операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.   Коммерциялық банктің пассивтi операциялары келесi нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебiнен аударулар;
— басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
— депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
     Депозиттік операцияларды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi ережелерге негiзделедi:
Экономика | Просмотров: 1443 | Загрузок: 99 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ДАТҰЛЫ СЫРЫМ  
Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. 
Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал- губернаторы Игельстромға жазған бір хатында: «Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі» деп жазады.
Тарих | Просмотров: 1141 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

                            Дарвин Чарльз Роберт

  Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы , натуралист , биологиялық эволюцияның негізін салушы . Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым . Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше-кореспонденті еді. 
  Ч.Р.Дарвин дәрігер отбасыда туылған . 1831 жылы натуралист ретінде «Бигль» кемесіде 5 – ші жазғы экспедициясына қатысты . Экспедицияның басты мақсаты Оңтүстік Американың топографиялық суреттері еді . Экспедиция Чили , Галапагос , Таити аралдарынан , Жаңа Зеландия, Тасмания мен Оңтүстік Америкадан өтті . Галапагос аралдарында сол жерлердің флорасы мен фаунасының материктікіне ұқсастығы Дарвиннің назарын аударды . Осы мысал түрлердің өзгере алатындығын дәлелдеді .
  Англияға қайтқаннан кейін Дарвин көгершіндер мен басқа да үй жануарлардың сұрыпталуымен айналысты .
Биология | Просмотров: 4404 | Загрузок: 72 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ЖАҺАНША ДОСМҰХАМЕДОВ
(1886-1938)

1. Өмірі туралы мәліметтер
Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1246 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Нұрмұхамедұлы Жанқожа

 


Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1651 | Загрузок: 61 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1841-1850 1851-1860 1861-1870 1871-1880 1881-1890 ... 2971-2980 2981-2987