Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 24.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1851-1860
Страницы: « 1 2 ... 184 185 186 187 188 ... 298 299 »

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 
1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады.  Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов  қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы». 
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соғғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. 
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүк соғыстан аттанған Алматы қаласына Кеңес Одағының түпкір – түпкірлерінен алғыс хаттар барды. Невель қаласында Мәншүк атында көше бар.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 4287 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жоспар:


1) Екінші деңгейдегі банктер.
2) Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.

Екінші деңгейдегі банктер.

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық  негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай  отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады. 
Тарих | Просмотров: 1146 | Загрузок: 130 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі

 Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат. 

Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір дәуіріндегі (б.з. д. VІ-VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қимақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі наймандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы да бұрынғы кеңес кезіндегідей XV ғасырдан емес, одан арғы дәуірден - көне заманнан басталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі мәселелерінің бірі дәуірлеу болып табылады
Тарих | Просмотров: 1665 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

(Тас және қола дәуірлері)


Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.

Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана А. 1979). Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.

Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.

Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.

Соңғы палеолит -б.з.б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру). Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды. 

О дүниеге сену болды. Мәдениеті - Шығыс Қазақстанда- Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.
Тарих | Просмотров: 2341 | Загрузок: 117 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Ежелгі   дәуір   әдебиеті
Күлтегін жырлары
 
Қазақ әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. Ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. Біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. Екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. Енді осы жайттарға түсінік бере кетейік.
Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік–шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын  мекен еткен. Олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. Сөйтіп, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. Кумандар, Дешті Қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. Құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи адамдары туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. Бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. Ол жазулар дами келе Күлтегін, Тоңұқық*, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йасауи, Бақырғани, Хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 10108 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ДҮНИЕ СӨЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Мұхтар Әуезовтің бар ғұмыры ғасырлар қойнауынан жеткен қара сөз бен өлең сөздің құпия қатпарларын зерттеп, танып, көкеймен қабылдап, оның туған этносына ғана ерекше сұлу, сырлы, терең көрінетін жұмбақ қасиетіне қасиет қосып, құнарлы тілдің тұқымын егіп, жемісін сан ұрпаққа мәдени мұра етіп қалдырумен өтті. Сөзді сүюі өмірдің өзін сүюмен бірдей еді. Шынымен де, сөз – таңбалық белгі ғана емес, тіршілік символы. Біз білетін Сөз болмаса, роботқа айналамыз. Тәңірі жаратқан табиғи қалыптан айрылудың не жақсылығы бар. 

 Ұлттар тағдыры сынға түскен қазіргі техногенді, постиндустриалды заманда көркем тіл туралы мәселенің көтерілуі – маңызды қадам. 

 ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті М.Әуезов шығармалары, М.Әуезов тілінің әсемдігін, ішкі қуатын әрдайым әспеттеді. Ол үрдістің кері шегінуі әдеби дамудағы ілгерілеу болып табылмасына сенімдіміз.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 882 | Загрузок: 104 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ДҮЛДҮЛДЕР ӨТКЕН... ДҮБІРЛІ ДАЛАНЫ ТЕРБЕП

 
Жыл сайын ақпанның соңғы күндері Жамбыл мұражайында жыр алыбының туған күніне орай жиын өтеді. Ұлы ақынның ұрпақтары, қаламгерлер бас қосып, ата жайлы, оның телегей теңіз мұрасы жайлы ғибратты сөз, естеліктер айтылады. Дастарқан жайылып, ұлы ақын рухына бас иіп, дұға бағыштаймыз. Біз осы бір шараға қатысқан сайын үнемі бір өзгеше әсерде боламыз. Ең алдымен, жүз жасаған абыздың аруағын тым жақыннан сеземіз. Жаңа ғана шапанын сүйретіп, жай басып жанымыздан өтіп кеткендей. Ол басқан топырақта әлі суымай табан ізінің жылуы жатқандай. Ауада қалқып шалдың шапан исі қалғандай. Сондайда өкініш баурайды. Көзі тірісінде бала болып осы шалдың киелі шапанының шалғайына бір кіріп-шықпағаныңа өкінесің. Сөйте алған ұрпақтың бақытына қы­зығасың. Соның өзі-ақ былайғы өмірде рухани азық, жанға медет болар еді-ау! Осындайда дана тұлға, өмірде көрмегені жоқ шежіре шалдарды сағынасың. Сол шалдар қасиетті ақ дастарқан басында алқа-қотан отырып, әңгіме қозғағанда босаға жақта отырған біздің көз алдымыздан көлбеңдеп күллі дүние өтер еді-ау. Өткен ғасырмен бірге келмеске шапанын сүйретіп, көшпелі дәуір куәсіндей "дария кеуде тау мүсін” қариялар да өтіп кетіпті-ау! Біздің бала кезімізде ондай қариялар әр ауылда болушы еді. Сөйлеп кетсе табан астында тарих тіріліп қоя берер еді... Аузында дұғасы, өн бойында иманы тұнған сол қариялар ауылдың даналық қазынасындай көрінуші еді. Ал енді сол кемеңгер қариялар, арасына домбырасын көтеріп алыстан жырау келер болса, бәрі ысырылып төрден орын беретін. Өйткені, кемеңгер қариялар әр ауылда кездессе де суырыпсалма сайыпқыран жыраулар әр ауылда кездесе бермейтін. Жыраудың орны бөлек. Сондықтан да олар ескі ауылдың сағына күтетін қонағы. Кітапхана, баспасөз, театр, кино, теледидары, радиосы жоқ ол заманда ескі ауыл үшін жырау-жыршының келуі бір мереке болатын. Өнер мерекесі. Тек қана өнер мерекесі емес, сондай-ақ жеткіншек ұрпақ үшін теңдессіз мектеп, елдік пен ерлік мерекесі. Жамбыл ата естелігінен: "Ел менен жыр сұрағанда, кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес Өтеген батыр, Саурық батыр, Сұраншы батыр, Көрұғлы батыр, Алатай Жапарқұлдың жырларын айтатын болдым. Ел есіткенде ыңыранып жылайтын...”
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 831 | Загрузок: 110 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ӘОҚ  371:78.01:943.42

ДОМБЫРАМЕН СҮЙЕМЕЛДЕУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ӘН АЙТУ АРҚЫЛЫ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

М.К. Жантаева, С.Ә.Жантаев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Өткен ғасырдың аса құндылы ән-күйлері, термесі, жыры, қисса мен халықтың музыкалық шығармашылығының негізінде  жас ұрпақты адамгершілік рухта, музыкалы-эстетикалық нәзік сезімге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарып отыр.
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...», 
«Туғанда дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойныңа кірер денең...», - деген жолдарында, ұлы Абай әннің өмірдегі орнын нақ суреттегендей, қазақ халқы ән-күйді жанындай жақсы көріп, рухани жан-дүниесін ән арқылы шебер бейнелей білген. 
Ән - поэзиялық шығарма мен музыкалық әуеннен туған вокалды музыкалық шығарманың сазы. Ерте заманнан бері халық арасына кең таралып, халықтың өмірін, қуанышын, мұңын, табиғат құбылысы мен махаббатты жырлайтын ерекше жанр. 
Әншілік өнер мен музыкалық өнері, әр ұлттың ертеден келе жатқан мәдени талғамының бір арнаға құйылып, асқақты күйімен дамып отыратын көптеген ғасырлар үнінің жемісі.
Әншілік – жалпы өмірдің бүкіл дүниенің қимыл іс-әрекетін, образды бейнелейтін диалектикалық құбылыстарды адам сезімімен қабыстырып, өмір қайшылықтарының,  әсерлі дыбыстарының,  әуендерінің жиынтығы
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1552 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ДОМБЫРА АСПАБЫ

       Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік. 
        Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық (Хордофоны Средней Азии. Алматы-2006. 39-бет). Осы тұжырыммен қарасақ біздің шертпелі аспаптарымызды да шартты түрде үшке бөлуге болады. Формасы мен дауыс бояу жағынан айырмашылықтары бар аспаптың бұрыннан келе жатқан белгілі үш түрі бар, әрбір өлкенің күй өнері әртүрлі орындаушылық мектеп құрап отырғанына сәйкес аспаптарының да тұрқы (формасы) жағынан өзгешелігі бар. Арқа, Жетісу, Қаратау өңірлерінде кең тараған домбыраның  тұрқы қысқа, мойыны жуантық, шанағы бұрышталып шабылады. Жалпы көпшілік қаталықтан қалақ домбыра деп айдарлап кеткен бұл аспаптың көне түбірлік аталуы – қыпшақ домбырасы болуы мүмкін (Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты трактатында сипатталатын гипжак аспабының түбірі - қыпшақ, «Трактаты о музыке и поэзии», Алматы. «Ғылым» 1993. 430 бет), бұл шертпе күй тартуға қолайлы тоғыз пернелі аспап. Қазақстанның батыс өлкесі мен Сыр бойында тараған мойыны ұзын, алмұрт пішінді домбыраның көне түбірлік аталуы - оғыз домбырасы деген ұйғарымға жақын, он екі пернесі бар, негізінен төкпе күйлер тартылады. Домбыраның бірінші байланатын пердесінің оғыз перде (соль диез) аталуы тегін емес, шабылуы да дутар аспабына ұқсас. 
Тарих | Просмотров: 2828 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. 
Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. Сахна төрiнде орындаушының еркiндiк қалпы туралы ой қозғалады және құлағын бұрап келтiру кезiнде байқалатын адамның төрт түрлi психологиялық мiнезiн ашатын құбылыстар сөз болады. 
Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Күй мен оның әңгiмесi қоса өрiлiп, домбыра мен аңыз қатар өрбiдi. «...Алғашқы рулық замандағы бiр адам (батыр, мерген) аңда немесе жорықта жүрiп, өзiнiң басынан кешкен бiр оқиғаны руластарына айтып беруi мүмкiн. Бұл жай әңгiме. Оны естiген адамдар ендi басқа бiреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желi қосуы да мүмкiн. Ал одан естiген кiсi тағы бiреуге айтады, ол да өзiнше баяндайды. Сөйтiп, алғашқы жай әңгiме хикаяға, бiрте-бiрте аңызға айналады. Бiраз уақыт өткен соң ол аңыз бiршама көркемделiп, әпсана-хикаятқа айналуы мүмкiн. Мiне, бұл өмiр шындығына тiкелей қатысы бар...» дейдi белгiлi ғалым С. Қасқабасов. Аңыз әңгiменiң рухын күй сарыны күшейте түссе, күйлердiң сарыны аңызды әсерлеп жеткiзуге ықпал ете алады.
Тарих | Просмотров: 984 | Загрузок: 119 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1831-1840 1841-1850 1851-1860 1861-1870 1871-1880 ... 2971-2980 2981-2987