Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1841-1850
Страницы: « 1 2 ... 183 184 185 186 187 ... 298 299 »

1. Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы
2. Жоспарлау мен болжаудың методологиясы
3. Жоспарлау жүйесі және жоспар мен болжаудың түрлері
4. Мемлекеттің даму жоспарлары


       Экономиканың обьетивті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің бөлінісін   толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. «Анти-Дюринг» еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: «Өндірістегі анархия енді қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады» деп жазды. Өз заманында К. Маркс та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыруға шақырды.
Экономика | Просмотров: 4338 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр
Биология | Просмотров: 2474 | Загрузок: 132 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ЖӘҢГІР  ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
    
Н.Құрманбекова, С.Байтілен, К.Мәкенов
Диқан орта мектебі, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, Тараз мемелкеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
           
Күні  кешеге дейін еліміздің, тарихынан  кесіп тұрып  орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының  атын атап олардың есімдерін  құрметтеу былай   тұрсын  оларды ескеруден  де  қалдық. Оған  себеп жетпіс жылдан  астам билік  құрған  кешегі  Кеңестік  идиологияның  әсері  болатын. Шындығында  да  олар  ескеруге  лайықсыз  ба  еді? Осындай  тарихи  тұлғалардың  бірі Жәңгір хан  Бөкейұлы  еді. Жәңгір  хан кім? Қандай  саясат ұстанды? Халқына  қайыр- шапағаты  тиді  ме ?- деген сауалдарға  жауап  іздеген   болсақ оған  тарихи  деректер былай  деп  жауап береді. Тарихи  деректер Жәңгір  ханның отарлаушылар саясатынан  халқын   қорғаушы , еліне  мәдениет  пен  білім, мұсылман  дінінің  нұрын себуші   хан ретінде көрсетеді.  Сонымен  Жәңгір  хан кім? 1845ж Бөкей  хан  өлгеннен  кейін  ханының тағын  өз  баласы  Жәңгірге  өсиет еіп  қалдырды, ал  ол кәмелетке  толғанға   дейін  уақытша  басқаруда  өз  туған інісі  Шығай  сұлтанға  тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда  патша  Жәңгірді ішкі  Орданың  ханы  деп  тану туралы  грамотаға  қол  қойды,  ол 1824  ж 26 маусымында Оралда  ертедегі  рәсім  сақтала  отырып  патшалық  өкімет  орындарның  бақылауымен  ол  хан  болып  жарияланып, 20  жылдан  астам  уақыт билік  етті.[1]
Әр  нәрсенің  әділдігі  керек, патша  үкіметі  Жәңгірге, оның  балаларына  да  орысша  білім,  тәрбие  беріп  көп  үміт артты. Қазақ  даласын отарлауда  жан-жақты білімді, ақылды, мәдениетті Жәңгір  сияқты тұлғаны  қолға  ұстаудың  қаншалықты  пайдалы  екендігін  патша да генерал-губернаторлар жақсы  біледі. Сол  үшін де Жәңгір  атақ-абыройдан  кенде  қалған  жоқ. Хан  тағына  отығызу  салтанатында  48 дүркін  зеңбіректен  оқ  атып, Орал  даласы  дүр сілкінді. Салтанатқа  қатысқан зиялы  қазақтарды  сый-құрметтен құралақан  қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік  тарту етті.    Бірнеше ординдермен хан өңіріне жарқыратты.Қазақтың  тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. 
Тарих | Просмотров: 1930 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

ЖӘҢГІР ХАН ЖӘНЕ ҚАЗАН УНИВЕРСИТЕТІ

 "Қараңғылық халден шығатын кез жетті...”

1826 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып, І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты. Ағасы Шөкі Нұралиевті, немере ағасы Қайыпқали Есімовті, арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұл­тан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті. Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы – Фатима ханшаны бірге ала барды. Ресейдің қол астында отырып, сырт мемлекет деңгейіндегі депутациямен келген Жәңгірді үкімет хаттамалық дерлік рәсіммен қабылдап, Еуропа билеушілеріне лайықталған сый-құрметтің бір ұшығын көрсетуге мәжбүр болды.
Тарих | Просмотров: 1106 | Загрузок: 197 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жердің жалпы ерекшеліктері

  Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген.
  Жер қыртысыныңда ерекше граниттік-метоморфты қабат қалыптасқан. Мантиядан бөлінген газдар арқылы алғашқы атмосфера мен гидросфера пайда болған. Жер бетінде табиғи алғашқы жағдайлардың қолайлы болғаны сонша, планеталар қалыптасқан соң миллиардтаған жылдардан кейін өмір, тіршілік пайда болды. Жер бетінде өмірдің пайда болуы тек қанажер планетасының болу ерекшелігімен ғана емес, сонымен бірге Күн көзінен қолайлы арақашықтықтың дамаңызы бар. Себебі Күн көзіне планеталар жақын орналасса, онда жылу мен жарық мөлшері көп болады да, кез келген жамылғы (жер беті) судың қайнау температураснан жоғары болады. Ал жылуды аз қабылдайды да, өте қатты суынып кетеді. 
Физика,механика | Просмотров: 1727 | Загрузок: 124 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жер планетасының эволюциясы

Жерді  Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейді.

Планеталардың газ – шаңды бұлттан пайда болуы

 Жер Күнді 30 шақ/сек жылдамдықпен айналады. Протопланеталық газ-шаңды бұлттарда да заттардың осы айналу жылдамдығы сақталған. Центрге тартқыш күштердің әсерінен, бұлттағы қатты бөлшектер бір - бірімен соқтығысып, бір – біріне жабысып, қар түйіршіктері секілді жинақталып ірі ірі денелер түзген. Планетамыздың массасының "жинақталып” түзілу үрдісі басында аса үлкен жылдамдықпен жүреді. Сағат сайын Жерге орта есеппен алғанда 10-15 млрд тонна метеорит заттары түсіп отырды. Жер орбитасынан шаңның көтерілуі жер массасының өсуін бәсеңдетті. Көрсетілген үрдіс әлі күнге дейін өте баяу болса да орын алуда. 
Физика,механика | Просмотров: 1934 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а. Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс;
ә. Көзбен көрген көріністер;
б. Құпия өлім мен "Желтоқсан оқиғасындағы” өкімен рөлі.
в. "Қазақ ұлтшылдығы”.
III. Қорытынды.

I. Кіріспе.
"Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы. 
Желтоқсан оқиғасының "дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды. 
Бүгіндері Желтоқсан көтерілісі жайында әркім әртүрлі ескеліктер айтады. Кейбір елге белгілі азаматтарымыз "Мен сол кезде жастардың жағында болдым” деп сайрап жүр. Ал, оған қарсы басқа кісілер "Ол партияның қол шақпары болған” деп уәж айтады. Кімге сенеріңді білмейсің.
Сол бір қиын қыстау күндерде тоқырау кезеңінің жан дайшаптары жоғарғы басшыларының сойылым соғып, оқиғаның анық-қанығына бармай-ақ халықты ұлардай шулатты емес пе?
Тарих | Просмотров: 4843 | Загрузок: 339 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жаппас Қаламбаев (1909-1970) мектебінің қобызда ойнау әдіс-тәсілдері, әуендік құрлыс өзгешілігі.
      Қаратау күйшілік мектебі дегенде домбырашылық  пен  қобызшылық өнер қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады. Күйшілік дәстүрге келсек – Қаратау күйлері, Арқа орындаушылық үлгісінің өзінше дамыған бір арнасы болып табылады. Қаратауға сонымен қатар  қобыз өнері де қонған жер. Қаратау шертпе мектебінің негізін қалаған  Сүгір Әлиұлы, өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын терең  меңгерген, өз сазгерлігімен күй өнерін  жаңа  белеске көтерген  дарын иесі. Ол  Ықыластың төл шәкірті ретінде осы екі аспапты да  тең меңгерген. Мұндай феномен Сүгірдің шәкірті – Жаппас Қаламбаевқа да қонып, әрі қарай жалғасын тапқан. 
 Сонымен, төлтума қобызшы Ж. Қаламбаев, Сүгір мектебінің  дәстүрін жалғастырушысы болып саналады. Сонау көне заманнан бізге дейінгі қазақтың аспаптық музыкасын  жеткізіп, аманат еткен  халық аспаптар оркестрінің алғашқы құрамындағы орындаушылардың бірі – Жаппас Қаламбаев.    «Қобыз қазағымның, ата-бабамның өнері, ғажайып дарыны екен. Сондықтан халқым алдында өтелмеген қарызым көп, шамам келсе соны өтей бермекпін», - деп айтатын Жаппас .
     Ж. Қаламбаев 1909 жылы  1 – ші қаңтарда Шымкент облысының Созақ  ауданына қарасты Талап ауылында өмірге келеді. Қоршаған табиғи көркем  өңірі,   халықтың бай  музыкасы, оның табиғи дарынының  оятып дамуына дәрісін тигізді. Жаппастың өнерге  деген  ықыласы  жас  кезінен байқалды. Ол жасынан сезімтал, ізденімпаздығымен көзге ерекше  түседі. Жаппастың  кіші  қызы Құндыздың  айтуы бойынша: - Әкемнің атасы – Қасымбек он саусағынан өнер тамған кісі болатын,  домбырада күйлерді шебер орындайтын, неше түрлі   музыкалық аспаптар жасап өзі гармонмен  ән шырқайтын.  Баласының  бойындағы өнерге деген құштарлығын байқаған әкесі, өзі жасаған домбырасымен  ән – күй үйреткен. Алты жасынан бастап әкем домбыраны  шебер меңгеріп  ойнайтын,  күйлерді  бір естігеннен – ақ  жылдам жаттап алатын.    Ал, әжем – Жібек,  күміс көмей әнші, ауыл аймаққа беделді, сыйлы  болған адам.   Осы атаммен әжемнің  өнерге деген сүйіспеншілігі менің әкеме  дарыған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2217 | Загрузок: 126 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Жапония

      Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
      Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді. 
      Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан.
География | Просмотров: 2438 | Загрузок: 120 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

УДК 621.311.24

ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Д.Бұхарбаева А.К.Ершина
Қазақ мемелекеттік қыздар педагогикалық институты, Алматы қ.

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. 
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.
Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген
Тарих | Просмотров: 1247 | Загрузок: 145 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1821-1830 1831-1840 1841-1850 1851-1860 1861-1870 ... 2971-2980 2981-2987