Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 19.11.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2983
Показано материалов: 1821-1830
Страницы: « 1 2 ... 181 182 183 184 185 ... 298 299 »

Кіріспе
Жұмыссыздық әлемдегі  орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблеммасы адамдармен тығыз-байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерін аныктайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды.
Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.
Экономика | Просмотров: 2042 | Загрузок: 72 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Жұлын ми сұйықтығын зерттеу тарихы

Цереброспиральды сұйықтығын зерттеуді 2 кезеңге бөлуге болады:
1) сұйықтықты тірі адамнан және жануардан алғанға  дейін;
2) Алғаннан кейін.
Бірінші кезең анатомиялық болып табылады. Ол кезде физиологиялық көзқарастар сұықтықпен тығыз байланысты жүйке жүйесінің анатомиялық қарым-қатынасына негізделген.
Бұл қорытындылар негізінен мәліметтерге жүргізілген зерттеулерге сүйген. Бұл кезеңде (ликвор) жұлын сұйықтығының анатомиясы және физиологиясы туралы көптеген құнды мәліметтер алынды. Бірінші болып ми қабаттарын қатты және жұмсақ ми қабаттарын, ми беткейіндегі тамыр торларын, қатты ми қабаттарының синустарын және олардың қосылуын ашқан б.ғ.д. ІІІ ғ. Герофил Александрийскийден кездестіреміз. Осы ғасырда Ерозистрат ми  қарыншаларын және бүйір қарыншаларды ІІІ қарыншамен байланыстыратын тесіктерді ашқан. Ликвар аймағын ашқан Гален болып табылады. Ол алғаш ми қабаттарын және ми қарыншаларын терең зерттеген Гален бойынша мида 2 қабат болады: жұмсақ (membrana fenius) миға жабысқан және көп тамырлары бар және тығыз (membrane dura) қаңқаның кейбір бөліктеріне жақын жатқан жұмсақ қабат қарыншаларға енеді. Гален айтуы бойынша омыртқа жотасының қозғалыс барысында қорғап тұратын 3-ші қабат болады. Гален ми қабаттары арасында қуыс барын тесікке шығарада, бірақ ол пульс әсерінен болады деп ойлайды. Гален айтуы бойынша алдыңғы қарыншалар артқы (IV) қарыншаларымен байланысады. Қарыншалардың артқы, бөгде заттардын тазаруын мурын жи таңдай шырышына бағытталған тесіктер арқылы іске асады. Бірақ Гален қарыншалар ішінен сұйықтық таппаған. Оның пікірінше олар жануар жанымен толтырылған.
Биология | Просмотров: 1156 | Загрузок: 72 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі

Координаттардың экваторлық жүйесі. Жер бетіндегі кез келген елді мекеннің географиялық координаталармен бір мәнді белгіленетіні сияқты, шырақтардың аспан сферасындағы орны экваторлық координаттармен анықталады. Олармен  таныспай тұрып, «аспан экваторы» және еңкею дөңгелегі» деген ұғымдарды енгізіп алайық.
Аспан сферасының центрі арқылы өтетін және  дүние осіне перпендикуляр жазықтық аспан сферасын QWQ1E үлкен дөңгелегі – аспан экваторы бойымен қиып өтеді. Аспан экваторы көкжиекпен шығыс (Е) және батыс (W) нүктелерінде қиылысады. Барлық тәуліктік параллельдер орналасқан.
Дүние полюстері мен бақыланатын  шырақ арқылы өтетін аспан сферасының үлкен дөңгелегі шырақтың еңкею дөңгелегі деп аталады.
Аспан экваторының жазықтығынан еңкею дөңгелегі бойымен есептегендегі шырақтың бұрыштыққашықтығы шырақтың еңкеюі деп аталады. Еңкею градуспен, минутпен және секундпен өрнектеледі. Аспан экваторы аспан сферасын солтүстік және оңтүстік жарты шарларына бөледі. 
Физика,механика | Просмотров: 1524 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Бір естелік

86-ның ызғарлы желтоқсанындағы дүрбелең халық көкейінде әлі жаңғырып тұр. Уақыт алға жылжыған сайын кезінде айтылуға тыйым салынған шындықтар там-тұмдап болса да, оқиғаны көзбен көргендердің аузымен айтыла бастады. Жастардың зиялы қауымға деген сенімсіздігі де сол кезде қалыптасты. Ызғарлы желтоқсан оқиғасының басы-қасында болған жастар аға буынды "алаңдағы жастарды қолдамады, қорғамады, керісінше бірге жазаласты" деп әлі күнге дейін кінә артса, сол кездегі оқиғаға жаны ауырып, жастарға араша түскен бірлі-жарым зиялы қауым өкілдерін әлі күнге құрметпен еске алысады. Сол құрметке ие азаматтардың бірі – ақын Жұбан Молдағалиев. Ақынның "Желтоқсанның көргенше он алтысын, Бір күн бұрын батсамшы батар күнмен" деген жүрекжарды шындығы ауыздан-ауызға жететін бүгінгінің аңызына айналғандай. Жұбан ағаның осы азаматтығын көзбен көрген ақын Ақұштап Бақтыгеерева өз естелігінде төмендегі жайттарды тебірене отырып әңгімеледі. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1543 | Загрузок: 123 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Жүсіпбек Елебеков

 


Елебеков Жүсіпбек (1904-1977) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі. Қарағанды облысында туған. Елебеков бес жасынан ән айтуды бастаған. Ән өнеріне оны ағасы Ж. Балғабайұлы баулиды. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. Елебеков музыкалық фольклордың талантты насихаттаушысы болып табылады. Халық композиторларының шығармалары ("Ардақ”, "Айтбай”, "Құлагер” және т. б.) Елебеков репертуарының негізін қалайды. Абай әндерін де ол аса шеберлікпен орындаған. Қазақ драма театрының сахнасында ол Жапал бейнесін (М. Әуезов "Еңлік-Кебек” ) , музыкалық театр сахнасында Әлібек (М. Әуезов пен И. В.Коцыканың "Айман-Шолпаны”), Төлеген (Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі”) бейнелерін сомдады. Елебеков өнері көңіл - күй иірімдері, сезім байлығымен ерекшеленеді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 896 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889-1931)

 


Аймауытов, Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2781 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ 
(1889-1931)

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.
Өмір жолы. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 675 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Рақымжан Тұрысбек
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университетінің профессоры, 
филология ғылымдарының докторы

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ – ӘДЕБИЕТ СЫНШЫСЫ  

Ұлттық сөз өнеріне, оның өрісті өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан – Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби мұра мен оны зерттеу ісіне, тарих пен таным арнасына, сын мен сыншы сипатына биік талап, жоғары жауапкершілікпен қарады. Өз еңбектерінде бұл бағыттарға адалдық танытты.
Ж.Аймауытұлы шығармашылығының арналы саласын әдеби-сын еңбектері құрайды. Абайдың ақындық әлемі //«Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар»//, Мағжанның мұра-мирастары //«Мағжанның ақындығы туралы»//, театр табиғаты мен тағылымдары //«Қалыбек әртіс», «Сауық кеші», «Театр кітабы туралы»//, сөз өнерінің сырлары //«Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиет мұралары»//, әдеби мұра мен оны зерттеудің түйінді тұстары //«С.Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар», «С.Торайғырұлының жиналған сөздері»//, т.т. әдеби-сын  еңбектерінде ұлттық мұрат пен руханият ісінің көкейкесті мәселелері, талант табиғаты мен дара дарынның сырлы сипаттары, көркемдік құпиясының  мың сан иірімдері терең танылады. Сондай-ақ ұлттық сөз өнерінің көкейкесті мәселелері, ақындық өнердің тарихы мен тағылымдары, сахналық туындылардың табиғаты мен жекелеген тұлғалардың тағдыр-талайлары да кең көлемде сөз етіледі. Ең негізгісі, ұлттық сөз өнерін бар асылдан да жоғары қояды, ондағы ел өмірі мен тарихына, тағдыры мен тағылымына құрметпен қарайды [1. 110-290].
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 788 | Загрузок: 98 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының 
педагогикалық идеялары

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.


Жүсіп Баласағұни.

Түркі халықтарының көрнекті өкілдерінің бірі, бұл кезеңнің рухани мәдениеті тарихында өзіндік із қалдырған, қазақ топырағында дүиеге келген. Оның өмірбаяны жөнінде бізге жеткен мағлұматтар жоқтың қасы. Ата-жөніне қарағанда, Баласағұн қаласында (Жетісу) өңірінде туып-өскені хақ.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 7148 | Загрузок: 110 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

Жүсіп Баласағұни еңбектеріндегі халықтық
педагогика мәселелері

Ж.БАЛАСАҒҰНИДЫҢ ізімен немесе одан тәуелсіз қорытындылар арқылы ғылымның және білімнің маңыздылығы мен пайдалылығы идеясын Махмұд Қашғари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, Имад ад-дин Әбу-л Қасым Әл-Фараби, Реванди Хорезми, Сайф Сараи да дәледдеген еді. 
Бұл ойлардың ерекше өзгешеліктері ғылым мен өнер, мәдени құндылықгар әрбір халықтың туған тілінде, халық оқымыстыларының, халыққа шын ықыласпен берілген білімпаз адамдардың күшімен жасалуы қажеттілігіне назар аудартулары болып табылады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 639 | Загрузок: 218 | Добавил: Admin | Дата: 24.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1801-1810 1811-1820 1821-1830 1831-1840 1841-1850 ... 2971-2980 2981-2983
Новости музыки