Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2614 Показано материалов: 1651-1660 |
Страницы: « 1 2 ... 164 165 166 167 168 ... 261 262 » |
Қазақтың ұлттық аспаптары.
Адырна
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Аса таяқ
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
|
Қазанғап күйші
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады.
|
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мәселесі, ауыл шаруашылығы саласының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оның жаңа мазмұны мен құрылымы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі қарастырылған. Аталмыш мәселе тарихи тұрғыда зерттеліп, оның жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты қарастырылды.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Он жылдан астам уақытта еліміздің тәуелсіздігі мен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп тануымен арта түсті. Себебі, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс».
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы – ең алдымен халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатын баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздіқ қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары [1]. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар [2].
|
ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
(1659-1765 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.
Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
|
Петрарка (1304-1374)
Франческо Петрарка (1304-1374) – көрнекті ақын, ойшыл, ғалым. Оның творчествосында Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің ерекшеліктері айқын сезіледі.
Петрарка Ареццо қаласында нотариустың семьясында дүниеге келді. Оның әкесі Петракко Дантенің досы болды. 1312 ж. Петракко семьясымен Авиньонға көшіп барады. Петрарка жас кезінен Рим әдебиетін оқиды. Әкесінің айтуы бойынша ол әуелі Монпельеде, соңынан Болонья университетінде юриспруденциямен айналысады. 1326 ж. Петрарка әке-шешесінен айырылып, юриспруденциядан бас тартады. Авиньонда ол дін қызметкері болып тағайындалып, Папаның сарайына жақындайды. Мұндағы асқан байлық пен екіжүзділікті Петрарка бірнеше шығармаларында әшкерелеген.
|
Боккаччо (1313– 1375)
Джованни Боккаччо (1313 ж. Париж – 21.12.1375. Чертольдо, Флоренцияға таяу жерде) – итальян жазушысы. Қайта өрлеу дәуіріндегі алғашқы гуманист жазушылардың бірі. Ауқатты семьядан шыққан. Әке жолын қумай, жасынан сөз өнері жолына түседі. Латын, грек тілдерін үйренеді. Творчествосының алғашқы өлеңінде ондаған лирикалық өлеңдер, көне грек, рим мифологиясын негізге алып, «Филострато» (1338), «Геляда» (1339) атты роман жазды. Бұдан соңғы «Махаббат елестері» (1342) поэмалары мен «Амето» (1341) пасторалінде, «Фьяметта» (1343) повесінде адамға, табиғатқа жаңа көзқарас баяндалады, адамның ішкі рухани байлығы мадақталады.
Боккаччоның елеулі шығармасы «Декамерон» (1350-1353) (грекше «он күн» деген сөз). Бұл итальян халық әңгімелері мен анекдоттары, француз фаблиолары, шығыс хикаялары негізінде біріктірілген 100 новелладан тұратын шығарма. Корольдар мен дінбасылардан бастап, қарапайым шаруаны да кейіпкер ете отырып, сол кездегі қоғамның шынайы бейнесін көрсетеді. Еуропада көркем әңгіме жанрының қалыптасуы мен дамуында кезеңдік шығарма боп танылған «Декамерон» дүние жүзі әдебиетінде реалистік ағымның өркендеуіне зор ықпал етті.
|
Қайта өрлеу дәуірі (Ренессанс) – Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Бәрінен бұрын адам көзқарасындағы төңкеріс Италияда басталды (14-16 ғасыр, шамамен айтқанда, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы). Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным (гуманизм қысқасы), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.
|
Данте
Данте Алигьери (май 1265. Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады.
|
Қайта өрлеу дәуіріндегі итальян әдебиеті
Данте
Данте Алигьери (май 1265. Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады. Осыдан кейін Данте бүкіл Италияны шарлап кетеді. Өмірінің соңғы 6 жылын Ровеннада өткізеді. Данте Беатриче деген әйелге ғашық болады, оның өміріне арнап жыр шығарған. Бұл жыр мен Дантенің басқа да прозалық шығармалары «Жаңа өмір» (1292) ктітабына енген. Оның моральдық, философиялық трактаты саналатын қара сөзбен өлең аралас «Пир» (1307-1308) шығармасы мол кездегі ресми тіл – латын тілінде емес, итальян тілінде жазылған. Халық тілін қорғау ниетімен «Халық сөзі туралы» (1305) атты кітап жазды. Онла бүкіл Италия үшін біртұтас ұлттың тіл жасау жөнінде пікір айтқан. «Монархия ттуралы трактатында» (1312-1313) дүние жүзі монархиялық идеалды қорғады.
|
ҚҰБЫЛЫС
Қазақстанның экономикалық даму перспективаларының болашағы оның жер қойнауындағы орасан зор табиғи байлықтарымен байланысты екендігі жасырын емес десек, өткен XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарының ортасында геологиялық тұрғыдан Қазақстан аумағы "ақтаңдақ” болып есептелді және Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің шын мәнінде барлығы дерлік бар екендігін дәлелдеу үшін Сәтбаевтың және оның мектебінде тәрбиеленген қазақстандық геолог-ғалымдар мен өндірісшілердің көп жылғы жанқиярлық еңбегі қажет болды. Бүгінде шетелдік инвесторлар өздерінің қаржыларын осы жер асты байлығымызға және біздің салыстырмалы түрде осы байлықтың дамыған өндіруші және өңдеуші өнеркәсібіне салуда. Осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ Қаныш Имантайұлы: "Біздің табиғи байлықтарымызды ақылға қонымды пайдалану ғана халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін, оның экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайды”, деп айтқан болатын. 1926 жылдан бастап Жезқазғанда ресейлік академиктер Усов пен Обручевтің шәкірті болған жас тау-кен инженері Қаныш Сәтбаевқа зерттеушілердің шағын отрядымен рудалардың барланған қорын төрт жүз елу есе арттыруға мүмкіндік туып, әлемдегі ірі мыс кенішінің атағын әйгіледі. Ал 1934 жылы күзде ең алдымен Мәскеуде Жезқазған проблемалары бойынша КСРО Ғылым академиясының сессиясын өткізуге (сол кезде Қазақстанда ғылым әлі өркендей қоймаған кез), содан кейін сессия қорытындыларына сүйене отырып, КСРО ауыр өнеркәсібінің халық комиссары Серго Орджоникидзенің қабылдауында болып, Жезқазған мыс қорыту комбинатының, Жезқазған кеншілер қаласының және оған баратын темір жолдың құрылысы туралы мемлекеттік шешім шығартуға қол жеткізеді.
|