Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 8.4.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2932
Показано материалов: 1641-1650
Страницы: « 1 2 ... 163 164 165 166 167 ... 293 294 »

Әбдірашит Нәбиұлы Байболатов(4.6.1929 ж.т., Шынжаң Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Ақтөбе ауылы) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі. "Үш аймақ әскеріне” қатысқан. 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы "Шұғыла” журналының, 1982 ж. "Мұра” журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған. "Өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин), "Қос емен” повестер жинағы (1987, Пекин), "Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді. "Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминңдаңшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген. Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп, "Қазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.), "Қазақ қиссаларын” (12 т.), "Қазақ шежіресін” (1 т.), "Қазақ шешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.), "Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды. [1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 276 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Айсарин Әбдірахман (1898 – 1938)
Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққусақ болысы, Шоға ауылында туған. Жазушы, публицист. 1916 – 1918 жж. Троицк қаласындағы «Уазифа» медресесінде оқып, ол жабылып қалған соң, ауыл мұғалімдерінің курсын бітірген (1919).[1] 1919 – 1921 жж. Орынборда шығып тұрған «Ұшқын» және «Еңбек туы» газеттерінде әдеби қызметкер, 1921 – 1922 жж. Ә. Жанкелдиннің басқаруымен Орынбордан Семейге дейін Қазақстанның солтүстік облыстарын түгел аралаған «Қызыл керуеннің» хатшысы, 1922 – 1923 жж. Семей губерниялық комсомол комитетінде қызметкер, 1923 – 1926 жж. Петропавл уезінде халық соты, 1926 – 1932 жж.Қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, адамның бас бостандығын, сүйіспеншілік пен парасатталықты бейнелеген «Болсаң, Болаттай бол», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Айжанның азабы» (1924), «Мырзалар» (1927), «Жүрек жұмбағы» (1928), т.б. әңгімелері, «Көн құрысса, қалпына барады», «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 — 28) атты повестері жарық көрді. «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Еңбекші қазақ» газеттерінде журналист, 1923 – 1937 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Петропавл бөлімшесінің бастығы. 1938 жылы жазықсыз жаза құрбаны болған, кейін ақталды.[2]
1919 жылдан шығармашылықпен айналыса бастайды. «Айжанның азабы», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Мырзалар», «Жүрек жұмбағы», т.б. әңгімелері, «Алма өз түбінен аулаққа түспейді» (1927 – 1928), «Көн құрысса, қалпына барады» (1928) атты повестері шыққан.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 417 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.
Мазмұны  
1 Өмірбаяны
1.1 Тегі
1.2 Өмір жолы
2 Марапаттары
3 Шығармашылығы
3.1 Қан мен тер
3.1.1 Экранизация
3.1.2 Ескерткіш
4 Дереккөздер
Өмірбаяны

Тегі
Ата-тегі Арал маңын ежелден қоныс еткен. Жетінші атасы Тайқожа батыр, одан Қалдан, одан Арғынбай би, одан өз заманында асқан байлығымен танылған Сыланбай, одан туған Нұрпейіс болыс болған. Нұрпейістен Кәрім, Нәжім, Қали деген ұлдар туған. Осы үшеуі, Кәрімнен туған Әбдіжәміл төртеуі 1941-45 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бұлардан аман қалғаны Әбдіжәміл ғана. Әкесі Кәрім қыран салып саяттаған, ауылнай қызметін атқарған кісі. Соғыс қарсыңында балық колхозында істеген. 1944 жылы 21 сәуір күні Тернополь түбіндегі ұрыста қаза тапқан.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2758 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл Оңды ауылы, Маңғыстау облысы) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (), Парламент Сенатының депутаты ().
Мазмұны  
1 Өмірбаяны
1.1 Қызмет жолы
2 Отбасы
3 Шығармашлығы
3.1 Романдар
3.2 Повестер
3.3 Әңгімелер
3.4 Аудармалар
4 Марапаттары
5 Сыртқы сілтемелер
6 Дереккөздер
Өмірбаяны

Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2935 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Кіріспе
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған. 
Мемлекеттің ақша-несие саясаты нақты сектордың дамуына,нарықтың барлық субьектілерінің дамуына қажетті экономикалық,институционалды,ұйымдастырушылық         және құқықтық ортаны қалыптастыруда.
Экономика | Просмотров: 934 | Загрузок: 144 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 
1. Компания осы Стандарттың талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дайындауға және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуға міндетті. 
2. Осы стандарт 1977 жылғы шілде айында бекітілген 7-«Қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы есеп» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ауыстырады. 
3. Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасайтынына және пайдаланатынына мүдделілік танытады. Бұл компания қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының компания өнімі ретінде болатынына не болмайтынына қарамастан, бұл қаржы институты жағдайында болуы мүмкін. Компаниялар, олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, шын мәнінде бірдей себептер бойынша ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады. Тиісінше, осы Стандарт барлық компаниялардан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруін талап етеді. 
Экономика | Просмотров: 663 | Загрузок: 148 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу                                          нысандары
     Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.
     Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Экономика | Просмотров: 503 | Загрузок: 139 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Кіріспе

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Экономика | Просмотров: 2600 | Загрузок: 637 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Кіріспе

"Ақшанын пайда болуы, мәні және атқаратын қызметі” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар  бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономика | Просмотров: 356 | Загрузок: 268 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

Кіріспе

 

Ақша айналысы қазіргі нарықтық экономикада маңызды элементтердің бірі болып табылады. Себебі ақша құрылымының есебін ескермеген жағдайда халық шаруашылығы жағдайларын экономикалық саясаттың мақсаттарын анықтау және тәжірибелік іс шараларын өткізу кезінде көптеген қателіктер болуы мүмкін. Ақша айналысының тұрақтылығы оның жақсы функциялануының ерекше маңыздылығын береді.

Тарихи дамудың барысында ақша қатынастары бірнеше маңызды өзгерістер мен қиыншылықтарды бастан кешірді. Соның салдарынан ол экономикалық жағдайға үлкен әсерін тигізді. Ақша айналысы мен валюталық бағамның тұрақтылығы экономикалық жағдайлардың жақсаруының, нарықтағы тепе – теңдіктің қамтамасыз етілуінің алғышарты болып табылады.

Экономика | Просмотров: 1056 | Загрузок: 277 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1621-1630 1631-1640 1641-1650 1651-1660 1661-1670 ... 2921-2930 2931-2932
Новости музыки