Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 11.4.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2981
Показано материалов: 1621-1630
Страницы: « 1 2 ... 161 162 163 164 165 ... 298 299 »

Адамбаев Балтабай Әбдірахманұлы (24.9.1919, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылы — 12.10.1990, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, фольклоршы. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы педагогика училищесін (Жамбыл, 1947), Қазақ Мемлекеттік ун-тін (1951) бітірген. Қазақстан Ғалымдар Академиясының әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылым қызметкері болды (1957 — 1986). Филология ғылымдарының кандидаты (1962). "Сырларым” (1959), "Ақбөбек” (1962), "Аманат” (1972), "Тұлпардың ізімен” (1983) аталатын өлең жинақтары, "Мәди” (1969), "Жауынгер жолы” (1978) повестер мен деректі әңгімелер кітабы жарық көрді. Қазақ халқының ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы — шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. Шешендік сөздердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы "Шешендік” (1969), "Халық даналығы” (1976), "Қазақтың шешендік өнері” (1984), аталатын моногр. зерттеу еңбектері шықты. "Қазақ ертегілері” (1962), "Шешендік сөздер” (1967), "Ел аузынан” (1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. 1-дәрежелі "Отан соғысы” орденімен марапатталған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 773 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Бауыржан Момышұлы(audio (?·тыңдау)) (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.[1]
Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколам тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады [2].
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 6282 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы.[1] Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа повестсі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965).
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 16361 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

ДОСЫМОВ Сейітқазы (5.5. 1943, Жамбыл облысы, Талас ауданы. Үшарал а. – 1997, Алматы) – жазушы. Шымкент сауда техникумын (1963), Қазақ ұлттық ун-тінің журналистика ф-тін (1969) бітірді. 1969 – 76 ж. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. «Директорлар», «Ащы мен тәтті» повестері Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-ттің, Қазақстан комсомол одағының және «Жалын» баспасының бірлесіп ұйымдастырған байқауында бәйгеге ие болған.[1]
Пайдаланылған әдебиет

 Қазақ Энциклопедиясы, 5-том
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 577 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының редакторы, 1989 — 93 жылдары Шыңжаң теледидарында редактор қызметтерін атқарған. 1993 жылы сәуірде Қазақстанға көшіп келіп, Алматы қаласына қоныстанған. 1995 жылдан ҚазМУ-де дәріс оқиды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 817 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Эдуард Джилкибаев - 1938 жылы 11 маусымда Мәскеу қаласында туған.[1]
1961 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген. Мектепте, көркемсурет училищесінде ұстаздық еткен. Халық театрында режиссер, Суретшілер одағында аға референт, Қазақ теледидарында Бас редактордың орынбасары, «Нива» журналында редактор болған. Қазір «Казахстанская Правда» газетінде бөлім меңгерушісі. Алғашқы мақалалары 1956 жылы жарық көрген.
Шығармашылығы

«Мартовский снег» («Жалын», 1980), «Долгая работа» («Жазушы», 1990), «Любовь хулигана. Сергей Есенин и Августа Миклашевская» («Московский издательский дом», 2000), «Собственность автора» («Жібек жолы», 2000) атты кітаптары жарық көрген. Жазушы Ж.Тілековтің «Сквозь огонь войны», Н.Ақышевтің «Необыкновенное лето» кітаптарын, Т.Мамасейітовтің әңгіме, повестерін аударған.[2]
Пайдаланған әдебиет

" Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
 Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 576 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Несіп Жүнісбайұлы, спорт журналисі, жазушы, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы һәм Жоғары ұлттық дәрежедегі төрешісі, спорт тақырыбына жазылған бірнеше кітаптың авторы. Несіп Жүнісбайұлы 1994 жылдан 2006 жылға дейін қазақ журналистері арасынан алғаш болып Азия спорт журналистері одағы атқару комитетіне, Азия олимпиадалық кеңесінің баспасөз комитетіне мүше болып сайланған, көрнекті спорт қайраткері.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 621 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.
Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.
Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 774 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

Жұбан Молдағалиев (5.09.1920 жылы туған, Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылы) — қазақ ақыны, жауынгер,Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, "Мен Қазақпын" поэмасының авторы.
Мазмұны  
1 Өмірбаяны
2 Мен - қазақпын
3 Жұбан Молдағалиев шығармашылығы
4 Сыртқы сілтемелер
5 Дереккөздер
Өмірбаяны

Оралда ауыл шаруашылық техникумын (1940) бітіріп, 1940-47 жылы Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысына қатысты.
Одан кейінгі жылдары: "Лениншіл жас" (1948-52), "Қазақ әдебиеті" (1955-56) газеттері мен "Жұлдыз" журналы (1958-63) редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағында (1953-54; 1963-71; 1 секретары) қызмет іетеді. Алғашқы өлеңі ("Ленин тірі") Орал "Комсомол ұрпағы" газетінде (1939) басылды. Тұңғыш жинағы "Жеңіс жырлары" деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Жұбан Молдағалиевтің көптеген поэмаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 4801 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

КЕНЕБАЙ Жұмаш Айтжұманұлы (Жұмаш Көкбөрі) – Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері. Өлеңмен жазылған «Аягөз» атты тарихи романның, «Аққу-жүрек», «Бастау», «Қарлығаш», т.б. жыр жинақтарының, 1990 жылы Алманияның Мүнхен қаласындағы «Азаттық» радиосынан бір сағаттық радиоинсценировка ретінде эфирден таратылған 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісі туралы елімізде тұңғыш рет жазылған (Хасен Оралтай басқарып тұрған жылдары «Азаттық» радиосынан жыл сайын эфирге беріліп тұрды) «Зобалаң» дастанының авторы, дарынды ақын. Барша түріктілдестердің ортақ ұлы тұлғалары туралы, әрқайсысы 30 минуттан тұратын «Түрік даналары» атты 40-қа жуық телебағдарламаның және «Алаш» арыстарының бүгінгі ұрпақтары туралы «Тұлпардың тұяғы», «Дара тұлғалар», «Абай тойынан кейінгі ойлар» атты тізбекті телебағдарламалардың (1992-1999 жылдары өзі осы «Қазақстан» және «Алатау» телеарналарында бас редактор қызметін де атқарған) авторы әрі жүргізушсі болған - белгілі тележурналист. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 733 | Загрузок: 107 | Добавил: Admin | Дата: 27.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1601-1610 1611-1620 1621-1630 1631-1640 1641-1650 ... 2971-2980 2981-2981