Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 1581-1590 |
Страницы: « 1 2 ... 157 158 159 160 161 ... 298 299 » |
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АБАЙ ДӘСТҮРІ
Даурбекова Ширинкуль Седазымқызы
Б. Момышұлы атындағы №44 орта мектеп. Шымкент қаласы
″Туады ерлер, ел үшін″
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кетпейді естен асыл ер,-
деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.
„Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін.
„Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы.
Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер, балдай
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа
Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, –
деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған.
„Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын.
Қаршадайынан-ақ жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады.
Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді.
|
Қожа Ахмет Ясауи (? – 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш.
|
Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – "Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұлып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: "Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.
|
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспинрантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
|
Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
|
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Диссертациялық жұмыста ірі энциклопедист ғалым, қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының – сөз өнерінің теориялық сипаты жөніндегі тұжырымдары талқыланып отыр. Ол тұжырымдар ғалымның 1926 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде баяндалғаны белгілі. Жұмыста ғалымның теориялық пайымдары негізінен ХХ ғасыр басындағы ресей және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымының контексінде (Б.В.Томашевский, В.М.Жирмунский, А.И.Белецкий, Г.О.Винокур, Ю.Н.Тынянов, Р.Якобсон, В.Кайзер, Г.Г.Гадамер, В.Б.Шкловский, М.М.Бахтин, Цв. Тодоров, Р.Уэллек және О.Уоррен, Ю.М.Лотман, М.Гаспаров) талданады. Сонымен қатар, қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық және әдістемелік тәсілдері де бұл диссертациялық жұмыста қамтылды. «Әдебиет танытқыштағы» әрбір категорияның табиғатын ашу барысында бүгінгі әдебиет теоретиктерінің (В.Шмид, Е.Фарино, В.Е.Хализев, С.Н.Бройтман, Н.Д.Тамарченко, И.В.Силантьев, О.А.Клинг, Д. Каллер, В.И. Тюпа, С.Н.Зенкин т.б.) зерттеу тәсілдері де назардан тыс қалмады. Зерттеу барысында ғалымның сөз өнерін зерттеуге арналған әдістемелік ұстанымы басшылыққа алынды. Негізінен мұндай тәсілдің яғни, «Әдебиет танытқыштағы» жүйенің сақталу себебі пән талабынан шығып отыр. Кітап басындағы «Аңдату» тарауындағы өнердің жүйесінен бастап, драманың қасиеттеріне дейінгі аралықта – А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің ішкі спецификасын жан-жақты аналитикалық талдаудың озық үлгісін көрсетеді. «Әдебиет танытқыштағы» бұл зерттеу жүйесі бүгінгі күн талап тұрғысынан да шығып отыр.
|
Жуырда терминтану саласында өнімді еңбек етіп жүрген белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының "Алаш және терминтану”, "Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның "Алаш және терминтану” атты монографиясы қазақ терминологиясы ХХ ғасырдың 1910-30-жылдарына арналып, аталмыш саланың даму, қалыптасу кезеңдері, негізгі ерекшеліктері, сипаты, басшылыққа алынған ғылыми қағидаттар жан-жақты зерттеліпті.
Бұл кезеңде терминологияны жасау мен қалыптастыруға Алаш зиялылары қызмет еткендіктен, кітапта Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Халел Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жұмахан Күдерин, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Мұхтар Әуезов сынды қазақ зиялыларының ұлттық терминологиялық қорды байытып орнықтыруға ұстанған бағыт-бағдарларды саралай келіп, олардың әрқайсысының терминжасам тәжірибесі мен ғылым тілі жөніндегі көзқарастарына жеке-жеке тоқталады. Соның негізінде ХХ ғасыр басында ұлт тілінің ұшан-теңіз байлығын пайдалана отырып, терминологияны қалыптастырудағы қазақ зиялыларының қарым-қабілетін тайға таңба басқандай көрсетіп отырады. Бұл бүгінгі термин жасаушыларға үлгі боларлық іс деп білеміз. Тілтанушы ғалымның бұл зерттеу еңбегінде ұлттық терминқор мен терминтанудың ғылым ретінде даму тарихының тұтас бір кезеңі терең қарастырылып, жүйелі байламдар жасалыпты.
|
Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауда¬ны -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта тенізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шы¬ғыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
|
Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.
|
Австралия (лат. australis — оңтүстік) — оңтүстік жарты шардағы құрлық. Ол 10°41' оңт. ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11' оңт. ендіктегі оңт.-шығ. мүйіске дейін және 113°05' шығ. бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34' шығ. бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мүхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур т-дері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — Австралияның үлкен шығанағы.
|