Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 1471-1480 |
Страницы: « 1 2 ... 146 147 148 149 150 ... 298 299 » |
Байжан биӨз қатарынан асып туғанн әкелі-балалы Байжан және Сартай билердің есімдері 300 жылдан бері ұмытылмаған емес. Қандай бір саяси кезеңдерде бұл билердің халқына жасаған қызметі, елдің елдігін сақтауға белсене араласқан игілікті істері халық жадынан шықпаған. |
Байдалы Бекшеұлы (1725 — 1820) — би, шешен. Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданын қоныс еткен. Кейін Көкшетау, Баянаула, Ерейментау өңірлерінде тұрған. Байдалы би — Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі, хан кеңесінің мүшесі. Кейін Уәли ханға би болған. Жастайынан ауыл арасына билік айтып, ел ісіне араласқан. Байдалы биден "Алыс не, жақын не?” деп сұрағанда: "Жақын — ажал, алыс — білімді мен білімсіздің арасы” деген жауап; "Ағайынға қадірім жоқ — бетімді көреді, әйеліме қадірім жоқ — етімді көреді”; "Панасы жоқ таудан без, пайдасы жоқ байдан без”; "Ақсақалға жарасар аузындағы тобасы, бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы” деген нақыл сөздер қалған. Байдалы Бекшеұлыдан Сабдалы, Дербісал, Байғара (шешелері — Қасқарау), Балтақара, Баби, Майкөз, Қосдәуір (шешелері — Маңқан) атты ұрпақ тараған. Қабірі Қарағанды облысы Молодежный ауданында.
|
Бабас Бурабайұлы - би, XVI ғасырда өмір сүрген, жоңғар-қалмақтарға қарсы көтерілісте қол бастаған. Торғай өңіріндегі Бабас көлі, Бабастың бос қыры деген жер аты осы Бабас бидің есіміне байланысты қойылған. Шығу тегі - Арғынның Ермен атасынан. Баласы Мерген Бабасұлы (1671-1754) - батыр, би, көсем сөздің шебері. XVIІ ғасырда өз руын басқарған. Шақшақ Жәнібекпен бірге жоңғарларға қарсы жауға шапқан. Ел аузынан жетикен дерек бойынша, Мерген оның лақап аты. Бұл атауға атқан жеріне қалт еткізбей дөп тигізетін мергендігіне байланысты ие болған. Баймырза Мергенұлы (1741-1829) - батыр, ру басшысы, жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған қолбасшы. Емельян Пугачев көтерілісін қолдаған.
|
Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты шешен биі, әрі төкпе ақын. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады: ... "Семей облысының Жарма, Аякөз, Таскескенаудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқан шешендігіне орай "Қу дауысты Құттыбай" деген атпен белгілі болған. Құттыбайдан Байғара, Боран, Ботақара, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге жүйрік, шешен болғандықтан бұл төртеуін ел арасында "Бас ауыл" деп атаған. Сол төрт Құттыбайдың Байғарасынан туған Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендігімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен екен. Зираты Аягөз ауданының "Ақши" кеңшарының жерінде. Ақиық ақынның ғасыр жасағанына оның: Екі қырық, бір он бестен асып тұрмын, Аяқты апыл-тапыл басып тұрмын, - дейтін өлең жолдары куә болады" [3]. Ақтайлақ биден тарайтын Әкімбай, Кеңсебай, Жарасбай, Сабырбай ұрпақтары бүгінде өсіп өнген. Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында еңбек етеді. |
Асылбек Сүйіндікұлы (т.-ө. ж. б.), Абайдың замандасы, ақынның ғашығы Тоғжанның туған ағасы. Тобықты руының бөкөнші табынан шыққан би, кезінде болыс болған. Абайдан біраз жас үлкен. Ол Абайды аса қадір тұтқан. Өзінің қайын жұрты сыбан Сабырбай ақынның ауылына қонаққа ертіп барған. Сол жылы Абай Қуандық, Сабырбай қызымен танысады. Бұл оқиға Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында барынша қанық суреттелген. Асылбек пен Абай екеуара өлеңмен хат жазысып тұрған. Кейіннен ру арасындағы қырғи қабақ жайларға байланысты аралары суып кеткен. Оған Зағипа Әбдіқызының оқиғасы себеп болған. Зағипа өзінің сүйген жігітін менсінбей, басына бостандық сұраған. Абай ояз арқылы қызға еркіндік алып береді. Алайда бұл істің соңы үлкен дауға ұласып, ел арасында іріткі туып, жаугершілікке ұшыратады, біраз адам Итжеккенге айдалады. Зағипа құса болып, екі жылдан кейін дүниеден өтеді. Бұл жәйт «Абай жолы» эпопеясында Мәкен-Дәрмен арасындағы махаббат желісіне арқау болған.
|
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
Мазмұны
1 Ғалымдар зерттеуі
2 Өмір сүрген кезеңі
3 Толғаулары
4 Философия дүниетанымы
5 Дереккөздер
Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
|
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Мазмұны
1 Өмірбаяны
1.1 Тауке ханның басқару кезінде
1.2 Абылай ханның басқару кезінде
2 Шешендігі
2.1 Ескерткіштер
3 Пайдаланған әдебиет
4 Тағы қараңыз
|
Андас Стамбекұлы (шамамен 1804 — 07 — 1924 — 27) — би, батыр. Қарасай батырдың ұрпағы.[1] Саурық батырдың туған ағасы. 18-19 ғ-да Жоңғар, Қоқан хандарының шапқыншылықтарына ұшырап, олармен ұзақ шайқасқан шапырашты тайпасы біраз күйзеліп, кейбіреуі ата қонысынан көшіп кетуге мәжбүр болған. Бабалары қол бастап, ел басқарған А. ата жолын қуып, ат жалын тартып мінгеннен өзінің күш-қайратын шашыраған елді ұйыстыруға жұмсады. Ағайындарын ата қонысына қайтару мақсатымен төменгі Талас бойына дейін барып қайтқан. Өзінің бауырлары Сұраншы, Саурық батырлармен бірге елін сырт жаулардан қорғап, халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. А. ел ішінде "Қара қылды қақ жарған” әділдігімен танымал, аға би атанды. Оның бұл қасиетін Сүйінбай ақын "Андастың әділдігі жұртқа болар, үш жүздің бас тәуібі Құртқа болар” деп жырлайды.
|
АББАС (Аппаз) Жарасбайұлы (шамамен 1925/30, бұрынғы (Перовск уезі, Қараөзек болыстығы – 1922, Арқа өңірі) – белгілі би. Әкесі Бекназар 1800 ж. Сыр өңіріне келіп, тұрақтап қалған. АББАС 1868 – 88 ж. құрылған Қараөзек болысын басқарды. 1888 жылдан би әрі қазы болып, ел билігіне араласқан. Би хақында «Дала уәлаяты» газетінде, «Айтыс» кітабының 2-томында (1965), Кіші жүз шежіресінде, «Тереңөзек тарихында», АББАС Тоқмағамбетовтың «Жыр күмбезі» (1975) романында кеңінен сипатталған. Орталығы мемлекет мұрағаттың қорында біршама деректер (4 қор, 1 тізбе, 4070 іс) бар.
|
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
Оған төмендегідей құжаттар жатады:
1. сенімхат
2. кепілхат
3. өтінім
4. тапсырыс
5. келісімшарт
6. еңбек шарты
7. шарт
8. еңбек келісімі
ҚОЛХАТ, СЕНІМХАТ, КЕПІЛХАТ – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.
|