Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 30.12.2019
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1461-1470
Страницы: « 1 2 ... 145 146 147 148 149 ... 298 299 »

Ерубай би Жолдыбайұлы шамамен 1789-1862 жылдар аралығында өмір сүрген. Үш жүзге аты мәлім болған, тура би атанған. Руы Тама, Әліп бұтағынан тарайтын Дәулеткелді Байболат дейтін атадан. Ерубай би туралы ескі көзді, кәрі құлақты қариялар айтқанда ол кісінің ақыл ойының жетіктігі, парасат көзінің кеңдігі, қиыннан қиыстыратын тапқырлығы, ұшқыр ойдың иесі екендігі, көрегендік, сәуегейлік қасиеттері ерекше айтылады. Ерубай мен Жөгінің Кедей атасынан шыққан Қазанғап шешен ақылдасып, елдің сорына біткен Хангелді болысты орынынан түсірмек болады. Осыны естіген Хангелдінің бойына қаны қатады. Осы екі аралықта Қазанғап қайтыс болып кетеді. Оның өсиеті бойынша асты Ерубай басқарады. Бұл жөнінде хабардар болған Хангелді жалған хабар беріп, астың бәйгесі 100 торы ала жылқы, 100 ақ бас қой деп жариялап жібереді. Сонымен қатар Жөгі атасының балаларына Ерубайға көмектеспеуді қатты қадағалап тапсырады. Асты өткізерден бір күн бұрын ғана естіген ас иелері қатты сасып, Ерубайдан көмек сұрайды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 921 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Дөңес би (1844 — өлген жылы белгісіз) — би. Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасынан шыққан.

Он сегіз жасынан қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауылында қажылық, билік еткен. Дөңес жастайынан өзінің аталас туысы Жақайым Мыңбайұлы Жетес (1835-1907) биден көп жол-жосық тәрбие алады. Ол Жетестен жиырма шақты жас кіші, Қарасақал Ерімбет жыраумен (1844-1916) құрдас, замандас болатын дейді. Дөңес би сол атыраптағы Жақайым Жетес, Шөмекей Бақа, Әлім-Матай Үмбет, Нұрғожа, Шөмен, Самұрат т.б. билермен талай билік, дау-дамайға қатысып, өзінің әділ төрелігі, адамгершілік, парасаттылығымен ел құрметіне бөленген азамат.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 911 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Бәйеке Жазыбайұлы (1820, Тарбағатай, Тоқта - Барлық тауы - 1890, Қытай, Іле аймағы, Текес ауданы Ешкілік тауы) - би, мәмілегер. Бала кезінде медреседе білім алған. 16 жасынан ел билеу ісіне араласып, шешендігімен, зеректігімен жұртқа танылған. 1845 жылы қызай руына би болып сайланды. Бәйеке 1860 - 80 жылдары қызайларды Тарбағатайдан Іле өңіріне көшіріп әкеліп қоныстандыруға басшылық етті. 1879 жылдары Қытай мен Ресей қазақтары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында өткен бірқатар жиындарға Қытайдағы қазақтардың өкілі ретінде қатысты. Бәйеке би Цинь патшалығының ауыр езгісіне, ұлттар арасындағы теңсіздікке қарсылық білдіргені үшін Іле генерал - губернаторының бұйрығымен жазаланып, бір жылдан кейін қаза болды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 759 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды. Бәбидің баласы Ақша 1732 жылдың 7 ақпанында Әбілқайыр ханмен М.Тевкелевке келіп, өздерін бидің жібергенін, бұрынғы наразылық ниетінен бас тартқанын, жасақтарын тарататынын жеткізеді. «Бұдан былай ханмен тілмаш осы топтың ауылдарымен бірге болып, еш алаңсыз көшіп-қонуларыңа болады»,-деп айтады. Бірақ олар Бәби бидің ауылына баруға қорқады. Өтінішіне ден қоймаған елшіге қарсы Бәби жасақ жинап, інісі Байқараны атып өлтірген башқұртты қолына беруді талап етеді, болмаса елшіні өлтіретінін айтады. [1]

Бидің А.Гладышевке қатысты мәліметтерінде, Елизавета патшайымға Нұралы сұлтанды хан етіп сайлау туралы жазған хаттары да кездеседі.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 768 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би) (1714-1790 жылдары) атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы. Жас кезінен өкесіне еріп билік мәслихатына көп қатысқан. Әкесі Қазыбек және Төле би, Әйтеке би тағы сондай кара қылды қақ жарған әйгілі әділ билер, хандар, бектер, сұлтандардан көп тәлім-тәрбие алған.
Ол әсіресе Абылай хан сарбаздары арасында өзінің шешен, тапқырлығы, әбжіл, алғырлығы, батырлығымен зор беделге ие болған. Абылай ханның өскери істер, жорык-жортуыл кезіндегі кеңесшілерінің бірі. Сондықтан да Абылай хан оған ерекше сенім білдіріп, шиеленіскен қиын дауларға қауіпті шапқыншы жауларға жұмсап отырған. Бекболат бидің ол сапарлары сәтті болып, үлкен абыроймен оралған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1189 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Бекарыстан Амангелдіұлы шамамен 1785-86 жылдары өмірге келген, 1867-68 жылдары қайтыс болған. Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан би. Қоқан, Хиуа бекеттерінің озбырлығына қарсы шыққан, жарлы-жақыбайларды үнемі қамқорлыққа алып, күрделі қиын мәселелерді байыппен туралықпен шешіп отырған. Елі ішінде би атанып, халықына сыйлы болған кісі.
Ел аузында там-тұмдап жеткен бидің сөздері қалған. Оның Жанғазы сұлтанды бір ауыз сөзбен тоқтатқан, түрікмен елінің барымташыларын садақ оғымен қаймықтырғанын аңыз етіп айтады. «Бір ауыз сөзбен ханды қайтарған, жалғыз оқпен жауды қайтарған Бекарыстай бабаларың болған»,- деп отырады көнекөз қариялар.
Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен би Бекарыстанға бір ауылдың аты беріліп, баба ескерткіші тұрылған. Би Қарақалпақстанның Аралмен шектескен «Мойнақ» ауданы жеріндегі «Томпақ ата» қорымына жерленген.
Мұрағат құжаттарында 1853 жылы Бекарыстан Амалдыковтың (Амандыков) Кішкене шекті руынын Асан бөлімінің Матығұл аталығынан тарайтын және ол кісінің жасының 68-де екені көрсетілген. Би туралы ауызша айтылған деректер мен жазбаша жазылғадар сәйкес келіп тұр. Жайлауы Арал бекінісі мен Қызылқұмда, қыстауы Қосаралда болған. Өзінен үлкендердің айтқанын бұлжытпай орындайтын кісі екен. Екінші бір құжатта бидің 1856 жылы 2 қыркүйекте 20 сом күміс ақшаны сыйға алғаны жазылады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 824 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Бегұлы болыс Көшекұлы - Тама тайпасының Дәулеткелді руынан шыққан белгілі тұлға. Қарақыз болысының басқарушысы. Жобамен 1858 жылы дүниеге келіп, 1929 жылы дүниеден өткен. Баян батырдың шөпшегі, Ерубай би Жолдыбайұлының немересі, Көшек батыр Ерубайұлының ұлы. Бегұлы 18 жасында болыс басқарушылығына, Қосшығұл болыс Тауасарұлы дүниеден қапияда кеткеннен соң келеді. Осы билікте қатарынан төрт сайлау ұстап тұрады. Алла тағалланың құдыретімен жасынан ел басқаруға деген дарыны байқалған екен. Көп сөйлемейтін, ержүрек, батыр сөйлейтін азамат болған. Отан құрып, отағасы болғаннан-ақ ел алдына шығып билік айтып, елді өзіне иіріп алатын қасиеттерін байқатқан. Жұмбақтап сөйлеу, не түрлі асыл сөздермен елді аузына қаратады. Жанбек болыс Торжанұлының сұрауы бойынша келесі сайлауда жеңісті Жанбекке алып береді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1004 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Басықара Би Құрманұлы

Басықара Би Құрманұлы 10-12 жасында билік айтып, әділдігімен ел ішінде көріне бастайды. Ел әңгімелерінде Басқараны бірде батыр,бірде би деп атайды. Басқараның атасы Тасым атақты батыр болған. Төртқара ғана емес Әлім руының да атағынан арттырған батыр. 1840-1841 жылдары өзінің атымен аталатын жерде қайтыс болған. Басықарадан – Бекмырза, одан Бәймен туады. Бәймен бидің, Басықараның есімдері «Қазақ-орыс қатынастары» жинағында кездеседі. Мұрағатта олардың есімдері, істеген істері жайлы қысқаша деректер жазылған. Мысалы, 1792 жылдың маусым айында басқа билермен бірге Ералы сұлтаның хан болуына қарсылық білдіргендердің ішінде Басықара бидің есімі де бар.
Басықараның тапқыр, әділ билік жасағаны ел аузында айтылады. Қазалы су торабы Басықара атымен аталады. Бүл деген бабаға үлкен құрмет. Ел аузында «Басықара басып айтады, басқа билер қасып айтады»- деген сөз бар.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1087 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Балпық би (1694 —1784 жж.) Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жалайыр елінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді би, Қабылиса (Қабан) ақынмен бірге ол да көзі тірісінде әулие саналған, 1694 жылы дүниеге келіп, Қаратал, Көксу бойында 1784 жылы қайтыс болса керек.
Мазмұны  
1 Өмірбаяны
2 Балпық би туралы жырлар
3 Шешендік сөздері
4 Қосымша
5 Пайдаланған әдебиет
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1640 | Загрузок: 97 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Байсақал керуенбасы (би)

Байсақал керуенбасы (би) XVIII ғасырмен XIX ғасырдың басыда есімі біраз жерге жайылған. Шамамен 1770-1780 жылы туылап 1850-1851 жылдаы қайтыс болған Байсақал Тілекеұлының арғы бабасы Өтетілеу би Қасқаұлы 1738 жылдың 3 тамызыда патша өқілі Татищев мырзаға ант берген билердің бірі. Тілеке Өтетілеуұлы әрі би, әрі батыр болған кісі екен. Ол хан сұлтандар ме қатар Ресей генерал-губенаторларымен сыйластықта болыпты.
1803-05 жылдардағы мұрағат құжаттарыда Бухара мен Тоцкий арасында сауда жасап, керуендің ама-сау оралуын басқаратын ағайынды Көбек, Ақсақал, Байсақал екені айтылған. Олар соымен қатар өздеріне қарасты Жаппастың (ру) 6 бөлімдерідегі 7200 шаңыраққа билік жасайтыны нақты жазылған.
Өтетілеу, Тілеке, Байсақал, оны баласы Ахмет жайында «Қазақ тарихының материалдары» Илья Казанцевтың Санкт-Петербугте 1867жылы шыққан. «Описание Киргиз-Кайсаков» атты еңбегінде және «Казахско-русские отношения в XVIII - XIX веках» кітабында, Қазақстан мемлекеттік мұағатының №4, №383, №384 қорларын да тағы басқа құжаттада сақталынған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 741 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1441-1450 1451-1460 1461-1470 1471-1480 1481-1490 ... 2971-2980 2981-2987