Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 31.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1441-1450
Страницы: « 1 2 ... 143 144 145 146 147 ... 298 299 »

Сатыбалды биҚоңырат тайпасының маңғытай руынан. Жастайынан алқалы топта билік айтып, бала би ретінде аты шығады. Ел аузында сақталған аңыздардың бірінде Ұлы жүздіңдуалы ауыз биінің бөркін еншіліп, сол бөрік арқылы бақ қонған дейді. Кейін бөрікпен бірге билік кеткенін сезген Ұлы жүз азаматтары Сатыпалды бидің қызын өздерінің бір ұлына айттырып, сол арқылы бөрікті өзіне қайтарып алған екен.[1]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 659 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Сапақ (Сопақ) би Әлімнің Төртқара руының Оразгелді тармағына жатады. Сапақ Сапай баласы шамамен 1774-1775 жылдарда өмірге келіп, Арал ауданында өз атымен аталатын «Сапақ» атты жерде 1859-1860 жылдары дүниеден өткен. Сапақ биде – Шөңкі, бейіс, Есенжол, Аманжол атты ұрпақ тараған.

Сапақ биге сәлемдесуге келген інісі Жетеске: «Шырағым, бір-екі күн еру бол, осы Қарақұмда ағайын-туғандарым бар, бірге аралайық»,- депті. Елемес Жөненұлы қонақтарды күтіп алып, қонағасында сояр қойға бата сұрапты. Сапақты жасы үлкен болса да Жетеске қарап: «Жетес жаста болсаң да алыстан келген қонақ едің, осының батасын сен бер»,- дейді. 

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1076 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау.
Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.
Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 2112 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Мәмбет би Бұлғақұлы

Ауыз әңгіменің артында шындық оқиғалар тізбесі жатады. Ол өткен тарихымыздың ауыздан-ауызға тарап жеткен шежіесі – жазба таихты егізі. Сондықтан да әрбір ел аузындағы әгімелерді ой елегінен, таихи деректер сүгісгнен өткізіп баып пайдаланганда ғана – рухани байлық болмақ.
Ел ішінде есімі аса құрметпен аталатын, сар далаың сар жолынан үзіліп естілетін аыз бен шыдық иесінің бірі – Шөмекей Мәмбет аталық. Мәмбет аталық есімі Сыр мен Қыр арасында жиі айтылып жүрсе де, бүгінгі баба айтқан ұлағатты сөздері мен тәрбиеге байланысты кеестері, атқарған қызметтері туралы жетімсірей жетке сөздер ғана бар.Мәмбеттің адамкершілігі мен ақылдылығына тәті болған халық оның есіміне аталықты қосып беріпті. Аталық Шығыс елдерінде оның ішінде қазақ еліндеде қамқоршы, ақылшы деген мағынаны береді. Нақты айтсақ бұл атақ ханның ұлдарын тәрбиелеуші дегенді білдіреді. Кейіннен ханың сарайындағы шендік атаққа айалған. Ел басшыың отбасына аталық кеңес беру, екіің бірінің қолынан келе бермейтіндігін ескерсек, Мәмбет бабаның ірі түлға болғанын пайымдауға болады. Мәмбет әрдайым кіші жүз ханы Әбілхайырдың қасынан табылып, оның көрші орыс патшалығымен қарым-қатынаста болуыа атсалысты.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 756 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

 Мәдімар Райымбекұлы (1864 – 1923, Әулиеата уезі Көшеней болысы) – қоғам қайраткері.

Мазмұны  

1 Өмірбаяны

2 Жетістіктері

3 Сілтемелер

4 Пайдаланылған әдебиеттер

Өмірбаяны


Әулиеатада молдадан, Ташкентте медреседе оқыған. 19 жасында Көшеней болысы болып сайланған. Мәдімар әділдігімен, тазалығымен аты шыққан. Көрші қырғыз елінен, Оңтүстік Қазақстаннан, Арқадан келіп Әулиеатадан әділдік іздегендер Мәдімар болыстың алдына баратын болған. Ел ішінде Мәдімар айтты деген өлеңдер, шешендік сөздер көп. Олардың бірсыпаралары жинастырылып бастырылды (Я.Шынәсілұлы. «Мәдімар болыс», М.Райқұлов «Бестерек шежіресі», т.б.). Райымбекұлы – реформаторлығымен аты шыққан болыс. Байзақ датқаның ісін жалғастырып, көптеген каналдар қаздырып (Райымбек бөгеті, Белқожа каналы т.б.) елді отырықшыландырған, егіншілікке, басқа да кәсіпке үйреткен. Жалғыз атты атанған кедей болыс өзі үй-жай салдырған. Кейіннен ол мектеп үйі болған.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 864 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Мүсірәлі Алыбайұлы (1837 - қ. ж. б.) - Абайдың құдасы. Дүзбембет-тобықты болысының адамы. Ақынның баласы Мағауияның әйелі – Дәмегей осы Мүсірәлінің қызы. 1877 ж. Мәмбетей-тобықты болысы Бұғылы, Шаған болыстары болып 2-ге бөлінгенде Мүсірәлі Бұғылы болысының басқарушысы болған. Абай үстінен арыз жазушылар ИбраҺим (Абай) Құнанбаев Мүсірәліні өз құдасы болған соң болыс қойғызып отыр деп кінәлайды. Мүсірәлінің ел басқару ісінде әділ болуына, халқына дұрыс қарауына Абайдың ықпалы көп болған. Оның Қарамола сьезі жайлы, Абайға байланысты шығармалары 1961 жылғы жинақта жарияланды. Бұл естелік Абайдың қоғамдық, қайраткерлік қызметі жайында аса құнды деректер береді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 673 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

XVII ғасырдағы Тілеу батырдың жетінші ұрпақтарының бірі – Мырзағұл Шыманұлы(1845-1906 жж), ол әрі би, әрі шешен, әрі бүкіл аймаққа беделді тұлға, болыс болған. Мырзағұл би - елі мен жері үшін күресе білген, халық қамын қорғаған үлкен ағайының бірі болған. Ол 1872-1879 жылдары Ырғыз уезіндегі Аралши болысын басқарған, 1878 жылы қазақ зиялыларының депутатциясы құрамында Санкт-Петербург пен Москваға барып, ІІ Александр патшаның қабылдауында болған, 1879-1887 жылдары Тілеу руының аға биі, 1891-1908 жылдары екі рет Шеңгелді болыстығына болыстыққа сайланған, Шалқар қаласында 2 кластық орыс-қазақ мектебін ашқан, 1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент теміржолын салуға белсене қатысқаны үшін Орынбор әкімшілігінен «Мақтау грамотасын» алған. Осындай әкімшілік қызметтерде жүргенімен, ел мүддесін көздеген. 1882 жылы маусымда өткен Орал, Торғай облыстарының болыстары мен билерінің құрылтайында шығып сөз сөйлеп, патша үкіметінің жер саясатын ашық сынаған. Отаршылдарға жер бермеу үшін күрескені себепті 1891 жылы 15 қаңтарда болыстықтан босатылып, 6 айға сотталып, түрмеде отырып шыққан. Езгіге қарсы толқулар ұйымдастырғаны үшін екінші рет сотталып, 1908 жылы Орынбор түрмесінде отарлаушылар қолынан қаза табады. Сүйегі Орынбордағы мұсылмандар зиратында. «Қазақ совет энциклопедиясында»: «Мырзағұл Шыманұлы... 1903-жылы Біршоғыр, Шалқар станциясында басталған шаруалар көтерілісін басқарды...Патша өкіметінің отарлық саясатына ашықтан-ашық қарсы шықты» [1] деп жазылған. Қарт ағайындарының естеліктерінде, Мырзағұл Шыманұлы - 7 жасынан зерек, шешен әділдікті көздеуші, ауылдың үлкендері арасында өткізілген жиналыстарды тындап, дау шешуге қатысып, билік айтқан деседі.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1133 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Қалқай ишанұлы Мамырбай 1822-24 жылдар шамасында «Қарабдал», «Абыла» атты өңірде туып, осында қайтыс болғн. Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.

Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850-51 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Ояз бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863-66 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.

Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1064 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Малтақан (1819, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы Жетібай ауылы — 1892, сонда) — бишешен. 17 жасында Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан. Малтақан шешендігімен, табанда жауап айтқыштығымен бүкіл Бөкей өңіріне әйгілі би болған.[1] [2]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 997 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Көшек батыр Ерубайұлы, Көшек Ерубайұлы - 19 ғасырда өмір сүрген батыр, шешен, би. Тама тайпасының Дәулеткелді руынан. Әкесі Ерубай би Жолдыбайұлының үлкен ұлы. Жасынан тентектігімен танылып, Атбасар уезінің оязын сабаған атағымен батыр атанған. Арқадағы ағайындарының көбеюін дәлел қылып Алшын-Жағалбайлы болысы құрамынан Таманың Әліп бұтағын бөліп алу шығартқан. Сөйтіп ол болыстықтың атауын Қарақыз қойдыртып, Қосшығұл болысқа билік әперген. Көшек үлкен дауларда әділ төрелік айтып, даудың түйінін шеше білген билердің бірі. Жағдай қиынға айналғанда астына мініп жүретін қызыл айғырды әкесі Ерубай биге жібереді екен. Оны Ерубай үйінде отырып біліп: "Әп, біәрекелді, Көшектің жаны қысылды-ау. Бармасам болмас" деп киімін кие бастайтын көрінеді. Көшектің сүйегі Ерубай бидің қасына, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сарысу ауылдық округіне қарасты Тасоба ауылының маңына қойылған. Ұрпақтары арнайы темірден қоршау жасап қоршаған. Көшек батырдың атақты Ерден Сандыбайұлының ауылына барып, сол заманның батырлары Есенқабыл, Есенбекпен ерегісіп қалатындығы туралы жақсы бір аңыз әңгімелер баршылық. Баласы Бегұлы болыс Көшекұлы да уағында көп жылдар болыс болған. Көшек батыр туралы деректер Сүлеймен Тәбірізұлының "Созақ өңірі", Пернебай Дүйсенбиннің "Үркердей болып көшкен жұрт" атты кітаптарында көптеп келтірілеген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1170 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1421-1430 1431-1440 1441-1450 1451-1460 1461-1470 ... 2971-2980 2981-2987