Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 31.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1431-1440
Страницы: « 1 2 ... 142 143 144 145 146 ... 298 299 »

Тәңкі би Қаржауұлы

Тәңкі шешен 1763-65 жылдар шамасында туып,1830 жылы Кіші (Арал) Қарақұмда қайтыс болыпты.Тәңкінің батырлығынан шешендігі басым болса керек.Ел әңгімелеріне бүгінге дейін Тәңкі шешен аталады.Арғы бабалары Сарғасқаның Метейі.Көрнекті ақындардың бірі Молдахмет Дабылов өзінің шежіре дастаныңда:
...Метейден Тәңкі шешен сайрап туды,
Билікті талай дауда алған жығып,-депті.
Тәңкі өзі турасында:
«…Ей,Алла тіл,жағыма бердің ерік,
Несіне қимағанның маған көрік»,
-деп өзінің бет-бейнес-бейнесінен хабардар етсе,екінші бір шумақта:
«Тары да бітеді бұл жерге.
Арпа да бітеді бүл жерге.
Бірақ Тәңкі би бітпейді бұл жерге»,
деп өзінің ерекше адам екенін тағы да білдіріп өтеді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 836 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тұяқ Елқондыұлы - шешен, би.  Тарақты руының беделді кісі. Ол кісінің туған-өлген жылы туралы нақты мәлімет жоқ. Оның Тарақтының қыздарынан туған атақты адамдар туралы жыры:
Қаз дауысты Қазыбек би,
Ол да менің жиенім.
Қаракерей Қабанбай,
Ол да менің жиенім.
Қанжығалы Бөгенбай
Ол да менің жиенім.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 851 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тұрым би

Қаңлы Тұрым би Шуақ ұлы 1890-91 жылдарда өмірге келіп,1928-29 жылдары Болтай өңірінде қайтыс болды.
Аппаз биде көп сөз есітіп,іштей шамырқанып жүрген қаңлы Тұрым,Сауранбай бидің ел билеуге жарайтынын сезіп,елді біріктіріп,оның болыс болуына ықпал жасапты-деседі.
Тұрым биден жеткен сөздер:
…Шайтан шабыра көп болад,
Жегенің шөп болад.
Буйырса бір-екі түйір ет болад,
Әр адамның астында темірден мінген ат болад.
Ағайын бір-біріне жат болад.
Сөйлейтін қағаз болад.
Тұрым би қайтыс болғаннан кейін ел ішіде: "Тұрым кетті - бақ кетті",- деген сөздер қалыпты.
Асқар Тоқмағамбетов өзінің кітаптарында Сыр елін, әсіресе Қараөзектегі билер қатарына Тұрым биді қосып, оның ел билігіне араласқан нақты мысалдармен өрнектеген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 948 | Загрузок: 100 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тоқболат би.

Тоқболатты биді кейде хан деп те атайды. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасында өмір сүрген. Қаракетенің Қарабазары, Қарабазардан-Байбөрі, одан Қожамжар. Қожамжардан-Тоқболат, тағы басқа ұрпақтары бар.
Тоқболат туарда Қожамжарға Қыдыр әулие аян беріп, «үшінші ұлыңның атын Тоқболат қоярсың,оған бақыт қонар, халық сыйлап құрметті тұлға болар», - деген халық аузында аңыздар қалған. Қармақшы өңірінде «Тоқболат атамыз би болды,би болды емсе хан болды»- деген сөз бар.Тоқболат өз заманында Кете руының бетке ұстар айтулы басшысы болғандығын «Тоқболат» деген жер атауы дәлелдей түседі.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 756 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тана (Тана мырза) Тілемісұлы (1803-68) - Құнанбайдың замандасы, құдасы. Т-ның әкесі Тілеміс Байжігіт-Мұрын елінің атақты биі болған. Оның немере қызы Тектіге Құнанбайдың баласы Ысқақ үйленген. Одан Кәкітай туған. Т. Мұрын еліне, Құнанбай өз еліне бір жылда (1844) болыс болып сайланған. Т. Лепсі аймағының Шұбар ағаш деген жерінде орыс-қытай шекарасы туралы комиссияның мүшесі ретінде (1858) құжатқа қол қойған. Оған поручик (1868) шені берілген. Т. Ертіс ө-ніне таяу жердегі Көкпектіде мешіт салдырған. Мешіттің ашылу тойына Құнанбайды да шақырған. Сол тойға Құнанбай Абайды да ертіп барды деген деректер бар. Абай ел басқару ісінде Т-ның тәжірибесін де пайдаланған.

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1004 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тайбағар Тұрланұлы (1827, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қазыбек бек темір жол станциясы – 1881, сонда) – би, Ұлы жүз шапырашты руының әжіке тармағынан шыққан. Ақын, әншілердің қамқоршысы болған. Ол өзінің сыралғы досы, атақты әнші Дәурен сал Құдабайұлына араша түсіп, бар малын құн өтеміне төлеу арқылы өлім жазасынан аман алып қалғаны ұшін ел ішінде "мырза” атанған. Тайбағардың шешендігі мен әділеттілігін Сүйінбай жоғары бағалаған. Ол Тезек төремен айтысында: "…менің бауырым – Тұрланның жалғыз ұлы, Мықты болсаң жеңіп көр Тайбағарды” деуі Тайбағардың шешен адам болғанын білдіреді. Аягөзде өткен құн дауында Қанай батырды өлім жазасынан алып қалған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 742 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тазабек Пұсырманұлы (1800, Алматы облысы Райымбек ауданы Қарқара өңірі – 1871, Верный қаласы) – батыр, би. Албан руының жәнібек атасынан шыққан. Жетісу өлкесін Жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысқан Пұсырман бидің ұлы. 1846 жылы генерал Вишневскийдің басқаруымен Лепсіде өткен Ұлы жүз қазақтарының құрылтайына қатысып, Ресейменарадағы саяси қатынас туралы құжатқа мөрін басқан. Батыс Сібір әскери корпусының Жетісу бөлімшесінде қызмет етіп, 1859 жылы 19 қыркүйекте прапорщик шеніне ұсынылған, кейін подпоручик шеніне ие болған. Оңтүстік-шығыс шекараны қорғау ісіне қызмет етіп, "Ерлігі үшін” күміс медалімен марапатталған. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын түсінген Тазабек Пұсырманұлы қол жинап, Саурық батырмен бірге ұлт-азаттық көтеріліске қатысты. Ағайын арасындағы алауыздық пен қару-жарақтың жетімсіздігінен көтерілісшілер қырғынға ұшырады. Ресейдің жазалаушы отрядының қудалауынан кейін Тазабектің қарауындағы ел-жұртымен Қытайдағы дербес мемлекеттік құрылым – Қле сұлтандығынан баспана сұрады.Ресей мемлекетімен дүрдараз Қле сұлтаны Әлихан Ибрагимұлы Тазабектің ел-жұртымен көшіп келуіне келісім берді. Сөйтіп, 1000 үйлі түтін Қытайдың Қле алабындағы Тоғызтарау деген жерге келіп қоныстанды. Бүлікшілер бастығы Тазабекті ұстап беру жөніндегі Ресейдің үзілді-кесілді талабын орындаудан Қле сұлтандығы бас тартты. Осыны желеу еткен генерал-губернатор Г.А. Колпаковский бастаған орыс әскерлері 1871 жылы көктемде Қле өңірін басып алады. Олар Тазабекті тұтқындап, Верный қаласының түрмесінде өлтіреді. М.Әуезовтің "Қилы заман” романындағы Әубәкір Солтанбекұлы, 1916 жылы Қарқара (Албан) көтерілісіне қатысқан атақты Жақыпберді батыр Тазабектің немерелері.


Қазақ әдебиеті | Просмотров: 762 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Тіленші Тоқбайұлы (1746 – 1844) – батыр, би әрі шешен. Әкесі Тоқбай, атасы Бертіс Қожығырұлы қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен танылған. Тоқбайұлы еліміздің батыс бөлігін Еділ Қалмақтарынан азат ету шайқастарына қатысқан. Жорықтарда өзінің қаһармандығымен даңққа бөленген, мыңбасылыққа тағайындалған. Көптеген түйіні қиын мәселелерді реттеп, халық арасында шешендік талантымен танылған. Тоқбайұлы қазақ халқының тәуелсіздігі жолында Марал Ишан Құрманұлының орыс отаршылдығына қарсы жүргізген күресіне қолдау көрсеткен.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1133 | Загрузок: 115 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Сүйінғара Үргенішбайұлы (1756 – 1841) – батыр, би. Кіші жүздің адай руының мұңал тармағынан шыққан. Ресей империясының, Хиуа хандарының, түрікмен билеушілерінің үстемдігіне қарсы күрескен. 1831 жылы Орынбор әскери губернаторы граф П.П. Сухтеленге орыс тұтқындарын қайтарып, өзі басшылық жасайтын маңғыстаулықтардың атынан Ресеймен достықта болатыны жайлы сенімхат жазған. Граф Сухтелен өзінің ризашылығын хат арқылы білдіріп, батырға қылыш сыйлаған. Сүйінғара 1837 жылы Жайықтың шығыс бетіне өткен Исатай-Махамбетке қол жинауға көмектескен. Сүйінғараның інісі Кежінің, балалары Бүркіталы, Сатыбалды, Көтібардың ерлігі, қыздары Айсалқам мен Жансалқамның қайғылы тағдыры туралы ел аузында аңыздар көп сақталған. Батыр туралы А.Ф Рязанов пен В.Ф. Шахматовтың ғылылыми еңбектерінде, Ә.Кекілбаев, Қ.Сыдиықов, Е.Жаманбаев, Қ.Шыртанов, Ә.Спановтың көпшілікке арналған мақалаларында сөз болады. Оған А.Өтембетұлы, Ы.Шөреков жыр арнаса, М.Әбдіқалықов "Сүйінғара” атты роман жазған. Сондай-ақ Ә.Әлімжанов "Махамбеттің жебесі” романында, Кекілбаев "Күй” повесінде Сүйінғараның бейнесін сомдаған. Денесі Маңғыстаудағы Сейсен ата қорымына жерленген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 984 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Сеңкібай Қабанбайұлы  жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда батырлық, ерлігімен даңқы ерте шыққан жас батыр әрі шешен. Ол шамамен 1712-1779 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Қазақтың төбе биі үйсін Төле бидің туыс, ет жақын бауыры. Төле бабамыз Әлібектің екінші әйелі Бүркіттен, ал бәйбішесі Молбикеден Тыныбек, Ақбота, Шора туған. Тыныбектен - Абыл, Қабыл тарайды. Сеңкібайдың әкесі Қабан да батыр кісі болған екен. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1653 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1411-1420 1421-1430 1431-1440 1441-1450 1451-1460 ... 2971-2980 2981-2987