Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 31.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1421-1430
Страницы: « 1 2 ... 141 142 143 144 145 ... 298 299 »

Үкі Би (туған-өлген жылы белгісіз) — би, Кіші жүздің әлім руынан шыққан. Қара халықтан шықса да тілге шешендіктің арқасында көп жылдар бойы төбе би болған. Үкі би Жәңгір ханныңкеңесшілерінің бірі болған Қазы бимен құрдас. Кейбір дерек көздерінде 96 жасында дүние салған деп көрсетілген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 979 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Қарымбай Әулие, Қарымбай Тәттібайұлы (1732 – 1822) – би. Жалайыр руының андас (толымбек) әулетінен. Әкесі Тәттібай батыр жоңғарларға қарсы соғысқан. М.Тынышбаев өз еңбегінде Абылай хан жасағында болған Тәттібай батыр, оның ұлы Қарымбай би жөнінде деректер береді. Қарымбай Әулие әрі сәуегей әулие болған. Ол Ескелді бимен және Балпық бимен бірге Қаратал, Көксу, Желдіқара өңірлерін мекендеген халықты егін егіп, отырықшылыққа көшуге үндеген. Тоғандар қаздырып, егін салдырған. Қарымбай Әулиеге арнап ел-жұрты 2003 ж. Қаратал өзенінің бастоғанына жақын тұстағы "Қорғантөбедегі” зиратына кесене орнатты. Әулие жайындағы деректер Р.Толымбекұлының "Жалайыр” шежіресінде, Қ.Қараманның, О.Исмайылұлының еңбектерінде кездеседі.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 916 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Қазанғап Сатыбалдыұлы - 1771-1856 жылдары өмір сүріп, 1843-1848 жылдары Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, сондай-ақ бәсентиін елінің төбе биі болған. Ұрпақтары Бердәлі Қазанғапұлы 1812-1842 жылдары өмір сүріп, Баянауыл Сыртқы Округінің аға сұлтаны, би; Момынбек Қазанғапұлы 1810 жылы туылып, 1843-1863 жылдары Баянауыл болысының басшысы; Нөгербек Қазанғапұлы (1812-1882) 16 жылдай Баянауыл Сыртқы Округінде қазы; Арон Нөгербекұлы (1846-1895) 15 жылдай болыс болған. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 863 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Қаба би

Мазмұны  
1 Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны
2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыздар
2.1 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз
2.2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз
3 Пайдаланған әдебиет
Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны

Қаба Абайділдаұлы 1804 жылы қазіргі Алматы облысы Нарынқол ауданы Сарыбастау ауылының Түзкөл-Қолтық жеген жерінде дүниеге келген. Сексенге қараған жасында 1884 жылы қайтыс болған. Бейіті сол ауданның Лайлы деген жерінде. Қазақ шежіресінде Қаба бидің тегі арғы бабалары Бәйдібек би одан Албан, оның ішінде Әлмерек би, одан Құрман, одан Қара батыр /Сөгетіде мазары бар, басына Қара батыр деп жазылған. Оны Сіргелілер иемденіп жүр/, одан Малыбай би, Одан Еренші, одан Абайділда,одан Қаба би таралады. Ол бби ғана емес, қырғыз -қазақ, қытай -қазақ арасындағы жер, шекара дауын шешкен қоғам қайраткері әрі ақын, жырау болған адам. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 902 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Ғафур Қалбыұлы (1827, Маңғыстау өңірі – 1880, Түрікменстан) – би, мәмілегер, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі.
1866 – 1867 жылдары Төмен адай дистансасын басқарып, адайлардың Хиуа хандығымен бейбіт қатар өмір сүріп, сауда-саттық жасап тұруы жайында келіссөздер жүргізді.
1870 жылы Маңғыстау көтерілісіне қатысып, патша өкіметімен күресте Хиуа ханының көмегіне арқа сүйеуге тырысты. Бірақ Хиуа хандығы әскери көмек көрсетпеді. Көтеріліс жеңіліс тапқан кезде Ғафур көтерілістің басқа басшыларымен бірге Хиуа хандығы жеріне қоныс аударды.
1873 жылы Хиуа хандығын патша өкіметі жаулап алды. Патша өкіметі Ғафурдың адай руының беделді биі екенін ескеріп, халықты өзіне қарсы қойып алмау үшін оған кешірім жасады. Болыстыққа сайланған Гафур ел ішінде имандылықты уағыздап, мешіттер салуға басшылық етті. Каспий теңізінен қазақтардың орыстармен бірдей құқықта балық аулау керектігін жергілікті өкімет орындарынан талап етіп, орындаттырды. Маңғыстауға келген әр түрлі ғыл. экспед-ларға қолдау көрсетті.
1880 жылы Ашғабадқа іссапармен бара жатқанда кенеттен қайтыс болды. Маңғыстаудағы атамекені Қарашажыға әкеліп жерленген.
1999 жылы Ғафурдың зиратының басына ұрпақтары кесене тұрғызған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 840 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлихановтың әкесі.[1] Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері. Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834 – 44), Құсмұрын (1844 – 53), Көкшетау (1857 – 68) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853 – 57 ж. Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. Уәлиханов оқу-ағарту және ғылымның рөлін жоғары бағалады, ғалымдармен, саяхатшылармен, декабристермен жақын қарым-қатынас орнатып, Орыс географиялық қоғамының ғалымдарына қазақ халқы мен даласы жөніндегі ғылыми, этногр. материалдар жинауға көмектесті. Уәлихановтың жинаған жәдігерлері мен мәліметтері Мәскеудегі көрмеге қойылып, С-Петерургте өткен шығыстанушылардың 3-Конгресінде көрсетілді. 1868 ж. полковник шенінде отставкаға шықты. Этнографиялық топтама үшін жинаған жеке заттары Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы және Гамбург мұражайларында сақтаулы. Қалтқысыз қызметі үшін Ресейдің бірнеше орден, медальдарымен марапатталған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1133 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр (шамамен 1780, Қазығұрт бөктері – 1870, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – белгілі би, батыр. Ел ішіндегі шежіре әңгімелерде Ұлы жүз албан ішінде қоңырбөрік руының сарықұл аталығын Шормақтың басқарғаны айтылады. 19 ғасырдың басында Жетісу қазақтары жоңғар шапқыншылығынан кейін есін жинап, атақоныстарына орала бастады. Осы уақытта қазақтар мен қырғыздар арасында жерге, мал барымтасына қатысты даулар аз болмаған. Осындай қақтығыстардың бірінде аз ғана қолмен қырғыз жасағына қарсы тұрған Шормақ қырғыздың бас батыры Қарабатырды жекпе-жекте өлтірген. Осыдан кейін қырғыздың бұғы руы мен қоңырбөріктер арасында үлкен дау болып, әрең басылған. 1998 ж. Қоңырөлең ауылынан Жаркент қаласына шығар жол бойында Шормақ қабірінің басына ұрпақтары ескерткіш орнатты. 
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 948 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Шегір би


Шегір би (туылған және өлген жылдары белгісіз) — 19 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген би. Орта жүз найман ішіндегі бағаналы руынан. Әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін бағаналының төрт босағасының бірі атанып, елді ауызбірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Шегір биге айтқызатын болған. Батырлар ұрысқа аттанарда арнайы келіп,Шегір биден бата алған. [1] Шегір Би әділдігі мен дуалы ауыз шешендігі үшін Найман Бағаналының төрт босағасының бірі атанған. Руы — Бағаналынын Ақтаз бұтағы. Еддіауыз бірлікке, татулыққа шақырған. Жасы үлкен билердің өзі күрделі мәселенің төрелігін Ш. б-ге айткызатын болған. Батырлар ұрысқа атғанарда арнайы келіп, Шегір биден бата алған. Шегір бидің: «Қасиетті Кәдіраға, Ұлытаудың күн сүйген шығысын сізге, батыс бетін Бабыр көкеме, теріскейін Сандыбай ағама, өзіме оңтүстік-шығысын еншіге бөлдім» дегені, соңдай-ақ «Ұлытау жерін құдай жаратты, бөлуін Шегір болді» деген сез ел жадында сақталып қалған. 

Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1372 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Шаншар Бұлбұлұлы (16-17 ғ.), қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ хандығының нығаюына, ұлттың бірлігіне өлшеусіз қызмет еткен тұлға «Шаншар абыз» атанған. Ол Арғын тайпасының «бес Мейрам» тобына жататын Қаракесек руынан тарайды. Шежіреде оның ата-тегі төмендегі ретпен тарайды: Қаракесек — Ақша — Бошан — Таз — Бұлбұл — Шаншар. Шаншар — қазақ тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар — Келдібек, Бертіс, Қаз дауысты Қазыбек, Бекболат, Алшынбай, Еспенбет тәрізді билер мен бектердін, Тәттімбет, Мәди, Айтбай, Балта, Ғаббас тәрізді өнерпаздардың түп атасы. Бұл жайлы Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың т. б. шығармаларында жазылған. Есім және Жәңгір хандар билік құрған 17 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүздің төбе биі болған Шаншар. Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналдыру жолында күресті. Сөйтіп, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Ташкент, Науаи облыстарының жері Есім хан дәуірінде Қазақ ордасының құрамына енгізілді. Есім хан Әлібек (Ұлы жүз), Шаншар (Орта жүз) және Жидебай (Кіші жүз) билердің қатысуымен заңдар жинағын шығарды. «Есім салған ескі жол» атанған оған қазақтың тұрмыс дәстүрі мен салт-санасын реттейтін талап және тәртіп баптары енді. Қазақ хандығыньң ішкі және сыртқы жауларына қарсы күрестегі өлшеусіз еңбегі мен жеке басының ерлігі, шешендік-билік қасиетіне кермет белгісі ретінде Есім хан оған биліктен тайған Тұрсын ханның үш қызын — Айбике, Нұрбике, Қызданбикені берген. Кеңес дәуіріне дейін олардың әрқайсысы бір-бір болыс ел болып отырса, ұрпақтары әлі де Айбике — Шаншар, Нұрбике — Шаншар, Қызданбике — Шаншар тұқымымыз дейді. Шаншар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1162 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

Уәли би

Уәли би Итенұлы 1798 жылы өмірге келіп 1881 жылы 83 жасында дүниеден қайтқан. Оның сүйегі Қорқыт ата қорымына қойылған. Оның бейітіің бір бөлігі 1950 жылға дейін сақталған, бірақ одан кейінгі кезде дария шайып Сырдарияға құлап кетеді.
Уали бидің ата тегі Байұлы - Алтын - Көзала - Ораз - Айдар - Тілеуке - Дербісәлі - Итен. Итеннен Құлты, Уәли, Жақсылық және Тәспенбет туады.
Орыс патшаларының қазақ жерінің орталау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайық өзенінің бойына, арқаға ауып келе бастайды. Сол кезде Итен де Құлты, Уәли деген балаларымен бірге кәзіргі Ақтобе облысына көшіп келеді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 822 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1401-1410 1411-1420 1421-1430 1431-1440 1441-1450 ... 2971-2980 2981-2987