Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 1411-1420 |
Страницы: « 1 2 ... 140 141 142 143 144 ... 298 299 » |
"Батыр Баян" поэмасы
Мағжан Жұмабаев–бірнешекөркем поэма жазған құлашыкең эпик ақын. Олөззаманыныңтолғауыкүрделіжайларынхалқыныңөткентарихынжырлауарқылыкөрсетугеұмтылды. Өйткеніарттақалғанказақеліналғажетелеусолхалықтыңөзқолынан ғанакелмек. Сондықтан да халыққа күшбереросындайерлікқайнарынМағжантарихтаніздеді. Өзшығармаларындакешегіөткен батыр бабаларымыздыңерлігінжырлады. Абылайды, Кенесарыны жырға қосты.
|
Айтолқын - ерте заманда Отан үшін, елінің тәуелсіздігі үшін жау қолынан қаза тапқан батыр қыз.
Айтолқынды мәңгі ұмытпау үшін халық оған арнап әдемі сүр тастан сәулетті күмбез орнатқан. Ол күмбез Ақтөбе облысы Терісбұтақ өзенінің бойында орналасқан.
Айтолқын туралы халық аузында айтылатын аңыз-жырлар да аз емес. Оның кей бірі орыс тіліне де аударылған.( "Тургайская газета",1896,№1)
|
Абылай Уәлибақыұлы, "Қанiшер Абылай" - XVII ғасырдың басында Сауран мен Түркiстанды билеген қазақ сұлтаны,батыр.Үргенiш өңiрiнде туған,Жәдiк әулетiнен."Батырлығымен ,батылдығымен аты шығып,сол үшiн де қанiшер деген қаһарлы да,құрметтi атаққа ие болған" деп жазған Шоқан Уәлиханов. Абылай Кiшi жүз бен Орта жүздегi қазақ руларының бiр бөлiгiне билiк жүргiзген. Ресей империясы 1614 жылы Тобылдың дуанбасы И.С.Куракинге Абылаймен келiссөз жүргiзудi тапсырады. Абылайға Сiбiрдегi орыс қамалдарына шабуыл жасаған қалмақтарға қарсы соғыс одағын құру ұсынылып,оның есесiне қазақтарға Сiбiр қалаларындағы сауда-саттыққа қатысуға рұқсат берiлетiндiгi алға тартылады. Бiрақ Ресей қалмақтармен де астыртын келiссөздер жүргiзген. Осы себептi Абылай сұлтан мен орыстар арасындағы қарым-қатынас нәтижелi болмаған. Абылай қан майданда қаза тапқан.
|
Taл қалқан - қалқанның бір түрі. Талдан өріліп жасалған қалқан үлгілері өте ертеде пайда болған. Талдың шыбықтары тері астарға өріліп, шеттері терімен көмкеріледі. Осындай Тал қалқандардың қалдықтары батыстағы скифтерге, Алтайдағы сақтарға қатысты археологилық материалдарда кездеседі. Олардың пішімі төртбұрышты болып келеді. Талдың шыбықтарынан жасалған қалқандар моңғолдарда да болған. Бұл қалқандар дөңгелек, конус тәрізді болып, тал шыбық дөңгелене өріледі де, шыбықтар шие сияқты түрлі-түсті жүн жіптермен оралады. Шыбықтар тері не мата астарға, жіппен, шегемен бекітіліп, беттеріне үлкенді-кішілі темір күмбезшелер орнатылады. Бұл үлгідегі қалқандар - көне сақ, скифтердің Т.қ-дарының дамыған үлгісі. Мұндай қалқандарды көшпелі халықтар түркі заманында да қолданған. Т.қ. орта ғасырларда шығыста кең тараған.[1]
|
Бабас Бурабайұлы - би, XVI ғасырда өмір сүрген, жоңғар-қалмақтарға қарсы көтерілісте қол бастаған. Торғай өңіріндегі Бабас көлі, Бабастың бос қыры деген жер аты осы Бабас бидің есіміне байланысты қойылған. Шығу тегі - Арғынның Ермен атасынан. Баласы Мерген Бабасұлы (1671-1754) - батыр, би, көсем сөздің шебері. XVIІ ғасырда өз руын басқарған. Шақшақ Жәнібекпен бірге жоңғарларға қарсы жауға шапқан. Ел аузынан жетикен дерек бойынша, Мерген оның лақап аты. Бұл атауға атқан жеріне қалт еткізбей дөп тигізетін мергендігіне байланысты ие болған. Баймырза Мергенұлы (1741-1829) - батыр, ру басшысы, жоңғар шапқыншылығы кезінде қол бастаған қолбасшы. Емельян Пугачев көтерілісін қолдаған. [1] [2]
|
Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған.
Атақты Балқы Базар Төребай биге арнаған көңілқосында:
...Өтетілеу, Сарытай,
Мөңке, Қылыш би өтті.
Бес бозғұлдың баласын,
Наһандай өрге сүйреген,-
Деп тегін айтпаса керек.
Ел арасында Өтетілеу бидің күзді күні Арқада қайтыс болып, кейіннен Сырға әкелініп, Ер Сейтпенбет әулиенің қасына жерленгені айтылады. Орынбор губерниялық хатшысы Бегловтың мәлімдеуінше Өтетілеу би 1845 жылы дүние салған. Өтетілеу атында жер-су аттары бар.
|
Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған.
Атақты Балқы Базар Төребай биге арнаған көңілқосында:
...Өтетілеу, Сарытай,
Мөңке, Қылыш би өтті.
Бес бозғұлдың баласын,
Наһандай өрге сүйреген,-
Деп тегін айтпаса керек.
Ел арасында Өтетілеу бидің күзді күні Арқада қайтыс болып, кейіннен Сырға әкелініп, Ер Сейтпенбет әулиенің қасына жерленгені айтылады. Орынбор губерниялық хатшысы Бегловтың мәлімдеуінше Өтетілеу би 1845 жылы дүние салған. Өтетілеу атында жер-су аттары бар.
|
Әнет баба (1628 – 1723) – "Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша "Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың ауыр шартына амалсыз көнген Әнет баба: "Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын” деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел "Ақтабан шұбырындыға” ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып жерлейді. Әнет бабаның Жаубасар, Есболат, Шақа есімді ұлдары болған. Бұлардан бұрын ержеткен 5 ұлы қалмақтармен соғыста қаза табады.[1] Әнет бабаның бәйбішесінен туған бес баласы Ақтабан шұбырынды бола-тұғында қалмақтың оғынан өліпті. Олардан нәсіл қалғаны мәлім емес. Мұнда сол бәйбіше баласы - Байболат дегеннің Балуан, Бақай деген екі баласы бесікте келген екен, соның Балуанынан тұқым жоқ. Бақайдың балалары өсіп-өнген. Әнет бабаның басқа әйелдерінен Жаубасар, Есболат, Шақа деген ұрпағы бар. Әнет тек Тобықтыға ғана емес, исі қазаққа қадірменді қарт баба, қазақтың әйгілі төбе билері Төле, Қазыбек, Әйтекелерге, "көмекей әулие" атанған Бұқар жырауға батасын берген.
|
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
|
Үмбет биҮмбет Ғалиев 1818-ші жылдары туылып кейбір жазбаларда 1888 жылы, ал басқа мақалаларда шамасы 1893-94 жылдары қайтыс болған деп айтылады. Арал бойының халқы биді "Үмбет молда" атап кеткен. Себебі ол діни имандылық жолында біраз еңбек еткен. Заман ағымына қарай ел басқару ісіне қарай бет бұрыпты. Ол әділ билігімен бірде шешендік сөзімен айналасындағы дау-жанжалдарды шешіп көзі тірі кезінде «Пірлі би» аталған.Үмбет бидің есімі Қазалы уезінің түрлі бөлімдеріне арналған құжаттарда 1865-1866 жылдарда кездеседі. Бұл кезең әлі болыстық басқаруға көшірілмеген кез болатын. 1866-67 жылдардың бірнеше құжаттарыда "Зауряд хорунжий Үмбет Ғалиев" деп қол қойған жерлері бар. 1868 жылы алғашқы Ақторғай болысын Үмбет Ғалиұлы басқарған. Болыстықтың негізін Төртқара руының адамдары құрған.1875 жылдың мамыр айындағы Қазалы уезі бастығының бүйрығымен 66 адам әр түрлі сыйлықтармен марапатталады. Солардың 57 тізімінде Үмбет Ғалиұлының 3 санатпен мерепатталған. |