Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2982 Показано материалов: 1391-1400 |
Страницы: « 1 2 ... 138 139 140 141 142 ... 298 299 » |
Шәкіров Астанқұл (1.4. 1922, Өзбекстан, Әндіжан қаласы - 11.1.1945, Украина, Калининград облысы Нестеров ауданы Калинин поселкесі) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы желтоқсан айында шақырылды. 75-гвардиялық атқыштар полкінде (З-Беларусь майданы 11 -гвардиялық армия 26-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 111. 1944 жылы 15 шілдеде алғашқылардьщ бірі болып Алитус қаласының оңтүстігінде Неман өзенінен өтті. Оң жағалауда бірден ұрысқа кірісіп, басқа бөлімшелердің өзеннен өтуіне кедергі жасап, үздіксіз оқ атып жатқан жау пулеметін жойды
|
Арқалық батыр (18 ғ- дың ақыры - 19 ғасырдың басы, ҚХР, Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы) - батыр. Жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста даңқы шыққан. Абақ Керей төресі Әжі Когедай ұлына наразы топты бастатан. Бұл күресте оған калмақтың Қарамертен, Қоңқа деген батырлары қосылған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз әңгімелер, жырлар көп сақталған (қ. «Арқалық батыр»). Ж.Шанин пьеса жазып, сахнаға қойған (1924 ж. Семей).[1]
|
Аралбай (1712, Жаркент өңірі — 1752, Шу бойы)[1] — қазақ-қалмақ соғысының батыры, елші. Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Хангелді батырлардың үзеңгілесі. Ұлы жүз ханы Жолбарыстың орыс бодандығын қабылдайтыны жөнінде Әбілқайыр ханға жіберген елшісі. А. 1733—34 ж. Петербургке Ресей патшасы Анна Иоановнаға жіберілген Ералы сұлтан бастаған елшіліктің құрамында болды (қ. Ералы сұлтан елшілігі). 1740 ж. Жетісу, Талас өңірінде қалмақтармен болған шайқастарда қол бастап, ерлігімен көзге түскен. Шу бойындағы осындай соғыстардың бірінде қаза тапқан.
|
Арал батыр (18 ғ.) — қолбасы. Қалмақтарға қарсы соғыстарға қатысқан. Кіші жүздегі Кете руынан. Әжібай би Балпашұлының інісі. Жоңғарларға қарсы Абылай хан бастаған ұрыстарда көрсеткен ерліктері Олжабай Нұралыұлының "Сабалақ” дастанында суреттелген. Ол Кіші жүздің 10 мыңға дейін жеткен біріккен қолын басқарған Арал баты қазақ елінің Ресейге бодан болуына қарсы болды. 1738 ж. Әбілқайыр ханды қолдаған ру басылары Ресейге бодан болуға екінші рет ант бергенде құжатқа қол қоюдан бас тартқан. А.б. Жемнің төменгі ағысындағы Бақашы әулиенің қорымына жерленген.[1]
|
Анфилофий Петрович Шилков (14.3.1917, Ресей, Түмен облысы Исет ауданы Турушево селосы - 1990, Екатеринбург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, батарея командиpi. Орыс. Қаржы-экономикалық техникумын бітіріп, Амур облысының Благовещенск қаласында бухгалтер болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1938 жылы және 1941 жылдан әскери борышын өтеген. 1938 жылы Хасан көлі маңындағы кақтығысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың ақпан айында келді. 624-жаяу әскер полкінің (Беларусь майданы, 42-армия, 137-жаяу әскер дивизиясы) зеңбірекшілер командирі Шилков Беларусьтің Гомель облысы Жлобин ауданы Доброгоща державасы үшін болған шайқаста танкіге қарсы ататын гранатамен батареяға баса көктеп келе жатқан жаудың ауыр танкісін жойды. Жараланған батарея командирінің орнына басшылық жасап, айналдыра қорғаныс ұйымдастырды.
|
Хименко Андрей Максимович (7.12.1915, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы - 6.10.1944, Польша, Магнуш қаласының маңы,Подолье ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардиялық атқыш жауынгер. Украин. 1927 жылы Бішкекке қоныс аударған. Мұнда ол пошташы, «Союзпечать» агенттігінде бухгалтер болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың қазан айында шақырылып, майданға 1942 жылдың ақпан айында келді. Ол Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс, З-Украина, 1-Беларусь майдандарында болды, Холм қаласы (Ресей, Новгород облысы) үшін болған ұрысқа және 1942 жылы Демян гитлер топтамасын қоршауға алып құрту операцияларына, Харьков және Полтава облыстарын азат етуге, сонымен қатар 1943 жылы Запорожье қаласы маңындағы шайқастарға, кейіннен 1944 жылы Никополь плацдармын істен шығару және Апостолов қаласын азат ету, Березнеговато-Снегирев және Брест- Люблин операцияларына қатысты.
|
Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873 -18.5.1919) — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.
7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызfды
|
Аман Смағұлұлы Шабдарбаев (1.8.1950 жылы туылған, Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылы) - генерал-лейтенант (2002). ҚР ҰҚК-нің төрағасы (2005), Қазақ дене тәрбиесі интитутын (1974), КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары мектебін (1977), ҚазПИ-ді (Қаз- ҰПУ) (1996) бітірген. 1976- 87 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарды. 1992-95 жылы ҚР Президентін қорғау қызметі бастығының орынбасары, 1995-97 жылы Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының орынбасары, 1997-2002 жылы ҚР ҰҚК-нде «Арыстан» қызметінің бастығы, Президент қауіпсіздігі департаментінің бастығы, 2002- 05 жылы Президентті қорғау қызметінің бастығы қызметтерін атқарды. 2005 жылдан қазіргі қызметінде. 2-дәрежелі «Даңқ» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[1]
|
Аман байбатырұлы (т.-ө.ж.б.) — 1812 жылғы орыс-француз соғысының батыры, ақын. Ресей тарихында Отан соғысы аталатын бұл соғысқа қазақтың Нарынбай Жанжігітов (Георгиев кресінің толық иегері), Майлыбаев, Яков (Жақып) Беляков (шоқынған қазақ), Қарынбай Зындәуітов сынды есімдері белгілі-белгісіз жүздеген батыр жігіттері қатысты.[1] Солардың ішінде А. башқұрт полкінің құрамында Наполеон армиясымен шайқастарда асқан ерлігімен танылды. Оның есімі, әсіресе, Лейпциг қ. үшін болған ұрыстан кейін кеңінен мәлім болды. Ол ат үстінде ұрыс жүргізу, садақ, қылыш пен найзаны бірдей жақсы меңгеру шеберлігімен батыр жауынгерлер саналды. Орыс деректері А-ды Париж қ-на алғашқылардың бірі болып кіргендердің қатарында атап көрсетеді. 1814 ж. 19 наурызда М.И.Кутузовтың армиясы Парижге салтанатпен енгенде, таңдаулы әскер сапында қазақ сарбаздары А. мен Жанжігітов те болған.
|
Алтынайұлы Қарасай (1598-1671) — қазақтың қаһарман батыры, әйгiлi қолбасшысы, есiмi Шапырашты руының ұранына шыққан аса көрнектi тарихи тұлға. Қарасай батыр Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Суықтөбе тауының етегiнде Қарасаз деген жерде дүниеге келiп, Арқа жерiнде Көкшетау үшiн болған қанды шайқаста ауыр жараланып дүние салған. Топырақ Көкшетау алабындағы айыртау сiлемiнiң Құлшынбай деп аталатын төбесiнен бұйырған. Қасына өзiнiң қанды көйлек досы арғын Ағынтай батыр жерленген. Қос арыс-шапырашты Қарасай батыр мен арғын Ағынтай батырға және олармен бiрге қанды шайқаста қаза болған сарбаздарға қос күмбездi кесене орнатылған (1999).
|