Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2982 Показано материалов: 1381-1390 |
Страницы: « 1 2 ... 137 138 139 140 141 ... 298 299 » |
Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789, Тараз — 1864, Шымкент) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы батыр, Тараз аймағында елді отырықшыландыруға көп күш жұмсаған. Шыққан тегі: Ұлы жүз құрамындағы Дулат тайпасы, Шымыр руынан. Одан Бекболат, Жиенбет, Сәмбет, Мәмбет тарайды. Мәмбеттен Байзақ туған. Байзақ жасынан атбегі, құсбегі, мергендікті меңгерген. Шешен, билер, ел басқарған беделді кісілердің жанында жүрген. Өсе келе ауыл ағасы, жүзбасы, мыңбасы болған. Елді кәсіппен айналысуға отырықшылыққа арық қаздырып, егіншілік ұйымдастырған.[1] Байзақ Мәмбетұлы туған өлкесі Қоқан хандығына да, Ресейге де қарамай тұрған тәуелсіз кезде ер жетіп, ел басшысы ретінде қалыптасқан.
|
Байдосұлы Күркебай, батыр (1830-1916 жж.).
Күркебай Байдосұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды (Кеңсу) ауылында дүниеге келген. Жас күнінен жүректілігімен, асқан мергендігімен көзге түсіп, «батыр» атанған екен. Ол елін, жерін шеттен келген басқыншы, шақырусыз келімсектерден қорғап, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өмірінің көп бөлігін жортуылда өткізген адам.
Кедейлерге болысып, аштарға азық тауып беріп, қамқоршы болыпты. Зар жылағанды уатып, көкірегі қарс айырылыпты, сондықтан патшаға жақпапты. Көнекөз қариялардың айтуынша Күркебай қол мерген болыпты.
|
Байбақты Қармысұлы (1823 — 1914) — батыр. Жем өзенінің төменгі сағасы Айранкөл, Шатпакөл деген жерлерді жайлаған. Байбақты Бесқала, Қоңырат жаққа өткен кезінде Хиуа ханының жасағына алынып, қызылбастарға қарсы жорықтарға қатысқан. Бір ұрыста aдайдың Сүгір деген батырын жау қоршауынан алып шыққан. Осы ерлігі үшін Хиуа ханы оған бес қару мен ақалтеке тұқымды арғымақ сыйлаған. Байбақты 1853 — 1860 жылдары Маңғыстау, Үстірт, Жем, Елек бойы қазақтарының патшалық Ресейге қарсы көтерілісінде ерекше белсенділік көрсеткен. Доссордан солтүстікке қарай он шақырым жердегі Тасқұдықта жерленген.
|
Ақша Сартұлы (1707 — 1729) — батыр. Қойгелді батырдың інісі. [1]Әкесі Сарт Шақанұлы Ташкент маңын қыстап, қазіргі Қаратау қаласының іргесіндегі Ұзынбұлақ, Күйгенкөлді көктеуі, Іле жағасындағы Шеңгелді төңірегін жайлауы мен күздеуі еткен атақты бай болған. Ақша алғаш 1723 ж. жоңғар қалмақтарымен болған соғыста көзге түсіп, батыр атанған.[2] Тараз қаласын талқандап, қазақ байларының ауылдарына лап қойған жоңғарлар Қаратаудағы Ұзынбұлақ түбінде Өтеген батыр бастаған қазақ қолының қатты қарсылығына ұшырайды
|
Ағынтай (туылған жылы белгісіз — 1672)[1] — батыр, Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Ағынтай 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған. Ағынтай Орбұлақ шайқасында (1643жылы) Батыр қонтайшының 50 мың жауынгеріне төтеп берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болды. Шапырашты Қарасай батыр мен бірге Жәңгірді қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан. Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды "Ағынтай жұдырық” атап кеткен. Дүниеден өткеннен соң Ағынтайды Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Құлшынбай төбесіне, досы шапырашты Қарасай батырдың бейітінің қасына жерлеген.
|
Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885), Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісі басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826-1849 ж. аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен
|
Ағатай батыр (туған, өлген жылы белгісіз)[1] — Тәуке ханның Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен бүтіндігін сақтау жолындағы саясатын белсенді қолдаған қайраткер. 1836 — 38 жылдардағы Кіші жүз қазақтары көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлының арғы атасы. Есімі Беріш руының ұранына айналған. Оның саналы ғұмыры Еділ қалмақтарымен соғыста өтті. Ресей бодандығын қабылдаған қалмақтардың Кіші жүзге шабуылы 18 ғасырдың 1-ширегінде күшейе түсті. Ресей билеушілері қалмақ ханы Аюке жасақтарының күшімен қазақ хандығын әлсіретуді көздесе, қалмақтар Ресейге арқа сүйеп, Кіші жүз қазақтарын өзіне тәуелді еткісі келді. Ұзақ жылдар бойы олар Еділдегі қалмақ хандығының жерін шығысқа қарай ұлғайту ниетінен бас тартпады. Түстіктегі Хиуа хандығы да Кіші жүз жерін Ресеймен бөлісер оңтайлы жағдайды күтіп отырған. 18 ғасырдың 1-ширегінде көрші елдердің басқыншылық ниетін жақсы түсінген Тәуке хан Түркістанқаласы маңына 80 мың жасақ ұстады. Осы әскери күштің құрамында АҒАТАЙ БАТЫРдың да қолы болды. Ағатай батырдың Түркебай, Айболат, Қуат, Атабас, Боқай, Жәнібек, Серікпен есімді ұлдары болға
|
(8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы - 5.5.1986, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ. 1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде Xұсайынов жаудың 40-қа жуық әскерін жойған. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). Соғыстан кейін Xұсайынов ҚазПИ-ді (қазіргі Қаз¥ПУ) бітірді. 1949- 72 жылы халық ағарту саласында жұмыс істеді. 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы (кейіннен Жалпақтал ауданы) атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Орда атындағы мектепке Хсайыновтың есімі берілген. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған
|
АТАН Мәмбетұлы (т. — ө.ж. б., Ерейментау ауданы) — қазақ батыры. Орта жүздің Қанжығалы, арғын руынан шыққан. 18 ғ-да өмір сүрген. Бөгенбай батырдың кеңесшісі болған. Жоңғарлармен болған шайқас кезінде көзге түсіп, батыр атанған. Ерейментау тауындағы шыңға есімі берілген.
|
Асхат Өлмесұлы Шойынбаев (10.6.1959 жылы туылған, Алматы қаласы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2000). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1980), М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны (1991) бітірген. 1980-93 жылы мотоатқыштар взводы, ротасы, батальонының командирі, полк штабының бастығы болды. 1993— 97 жылы мотоатқыштар полкі командирінің орынбасары, полк командирі, 1997-2000 жылы танк дивизиясы командирінің орынбасары - штаб бастығы, мотоатқыштар дивизиясының командирі, 2000-02 жылы Батыс әскери округі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, 2002-03 жылы оқу орталығының бастығы қызметтерін атқарды. 2003-04 жылы АҚШ- та қызмет бабымен больш, 2004- 05 жылы құрама (корпус) командирі болды. 2005 жылдан Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы. Бірнеше медальдармен марапатталған.[1]
|