Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 26.7.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2982
Показано материалов: 1371-1380
Страницы: « 1 2 ... 136 137 138 139 140 ... 298 299 »

Бекбосынов Серікқазы (21.9.1925, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы - 22.3.1977, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы) - екінші дүниежүзілік соғыс|екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант. Қазақ. Соғыстың алдында кеңшарда жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылдың қаңтарында шақырылып, 7-армияға қарасты 99-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1944 ж. 21 маусымда 300-атқыштар полкінің алдына Свирь өзенінен өтіп (Ресей, Ленинград облысы Лодеймое Поле қ. аумағында), оң жағалаудағы күшті бекініс позициясынан дұшпанды қуып шығу міндеті жүктелді. Тапсырманы орындауға іріктеліп алынған батыл да батыр 12 I гвардияшылардың арасында Бекбосынов та болды
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 476 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бекболат батыр
1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17, Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы — Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды. Көтерiлiстi қазақ демократиялық интеллигенциясының өкiлi Тоқаш Бокин ұйымдастырды, дайындады. Жер-жердегi топтарды Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Нүке Сатыбеков, Доқожа Қашағанов, Әли Нұрғожаев, Сатай Көбегенов, Жақабай Құдайбергенов, Байхан Қазыбеков, Сатай Қарашаев, Боранбай Жантөлеев, Әлиасқар Сырабаев, Серғазы Күшiков, Сейдахмет Ысқақаов, Иса Сексенбаев сияқты халық ұлдары басқарды. Ал, солардын iшiнде Бекболат Әшекеев айрықша көзге түстi, дараланды, ерлiк көрсеттi. Себебi, ол алдына қойған мақсатынан қайтпады, халқына берген уәдесiнен таймады, танбады. «Рас, мен соғысуға шықпақ болдым, Басыңды жер астына тықпақ болдым
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 612 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Бақтыораз Бейсекбаев (1920 —1941 жж.) Жиырма бір жасында Отан үшін жанын қиған жас қаһарман Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі кешеге дейін естілмеген еді. Біз мектепте оқып жүргенде соғыстың бесінші күні жау танкілерінің легіне үшағын арнайы бүрып құлаған Гастеллоның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік. Жарты ғасыр өткенде жағдайдың басқаша болғанына көзіміз жетіп отыр.Оқиғаның жалпы сарыны былай: 1941 жылдың 26 маусымында Смоленск маңындағы Боровское аэродромынан 42-ші алыстан бомбалаушы әуе дивизиясының 207-ші полкінің алғашқы күнгі қиян-кескі үрыстан аман қалган ұшақтарының бөрі қайтадан аспанға көтеріледі. Бүл ұшудың барысында Минскіден батысқа қарай 40 шақырым жердегі Радошковичи поселкесінің аймағында немістің танк колоннасын аяусыз бомбалау жүктеледі. Көктегі гүріл мен жердегі дүрілден қүлақ тұнған шақта екі топқа бөлінген ұшақтарды капитан Александр Спридонович Маслов пен Николай Францевич Гастелло командир болған экипаждары бастады. Жаудың танк колонналарына шүйілген ұшақтар тобының алдыңғы қатарында Масловтың экипажы бар еді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 735 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757)[1] – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевның "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруғе болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1297 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

 Батыр Баян Байболатұлы- 1731 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы қайтыс болған. Таманың Дәулеткелді руынан. Әкесі Байболат та уағында елді қорғаған, жүрегі ештеңеден қаймықпайтын батыр болған екен. Баян батыр атымен танылған бірнеше батырлар болған. Абылай ханның байрақдары болған. Бірақ, "Шаңды жорыққа" қатысып, сол жорықтан қайтып келе жатқан жолда қайтыс болған батыр Баян осы кісі. Баянның мазары кешегі Қапшағай көлінің астында қалып кетті. Одан тараған ұрпақтар қазіргі Жамбыл облысы Сарысу ауданы мен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында өмір сүруде. Батыр Баянның ұрпақтары ішінде Берік Шаханұлы секілді белгілі жазушы шыққан. Берік Шаханұлы бабасы Баян Батыр туралы біршама зерттеулер жүргізіп, оның өмір жолына шолу жасады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 474 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Барсбек, алып Білге – 8-ғасырдың басында Енесайдағы Қырғыз қағандығының басқарушысы. Екінші Шығыс Түрк қағандығының басқыншыл саясатына қарсы күресу үшін өзінің Ерен-Улуг деген елшісін басшы қылып, өкілдерін Тибетке және басқа елшілерін болса Қытайға және Түргеш қағандығына жіберген. Барсбек 711-ж. түргештердің басшысы Сақал қаған м-н бірге шығыс түрк қағандығына қарсы ұрысқа даярланған, бірақ Шығыс түрк қағаны Қапаған теңізінен Көгмөн тауын асып, Барсбектің Енесайдағы ордасына қапыда қалдырған. Барсбек 711-ж. қырғын соғыста батырлықпен күресіп жатып құрбан болған. Қазіргі таңда Қырғызстанда Барсбек есімдері балаларға жиі қойыла бастады
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 501 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Барлыбай Бәсентиінұлы - Абылай хан заманында өмір сүрген батыр. Бәсентиіннің қай атасынан тарайтындығы жөнінде дерек жоқтың қасы. "Абылай туралы жырдың" Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасында мынадай дерек кездеседі.
...Тоқал терек түбінде
Айналып кеңес құрды хан.
Бәсентиінұлы Барлыбай
Омыраулап сөйлледі,
Кісі ырқына көнбейді:
- Сен көк бөрідей желдің, хан,
Тоқал терек түбінде
Аттанып кеңес құрдың, хан.
Иманды қолға тұсымыз,
"Кел қайталық", - дейді хан.[1]
Арғынның Момын деген тоқалынан Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы. Бәсентиін Қарасопыдан тарайды. Бәсентиіндер Павлодар уезінде қоныстанған. Бәсентиін руларының ұраны - "Барлыбай". [2]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 560 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Барақ Жанұзақұлы (шамамен 1696, кейбір деректерде 1722, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Алдияр ауылы — өлген жылы белгісіз, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы) — батыр.[1] Әкесі Жанұзақ Қарабалуан есімімен мәшһүр болған түйе балуан. Барақ Жанұзақұлы 1740—1758 жылдары қазақ жерін қалмақ басқыншыларынан азат ету жолындағы шайқастарға қатысқан. Батырлығымен қатар емшілік, көрегендік қасиеттерімен де халыққа кең танылған. 1996 жылы Қостанай өңірі Барақ Жанұзақұлының үш жүз жылдық мерейтойын атап өтіп, батырдың ұрпақтары басына ескерткіш күмбез орнатты. [2]
Барақ Жанұзақұлы (Қарабалуанұлы) - батыр (1700-1793). Емельян Пугачев бастаған шаруалар соғысына, одан кейін Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, батырлығымен аты шыққан. Оны халық қара күштің иесі деп таныған. Барақ Қарабалуанұлы Дәуітбай Жәнібекұлымен қатар Абылай ханның қосынында болып, ханның сенімін ақтаған. Барақ батыр көріпкел, сәуегей болжаушы, емшілік-тәуіптік қасиеті де болған екен. Оған тәуіпшілік шешесі Жасқаннан берілген. Барақ батырдың кесенесі Сарыкөл ауданынан 10 км жерде жатыр. [3] [
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 472 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Барақ Бигелдіұлы - 1693 жылы дүниеге келіп, 1771 жылы дүниеден өткен. Тама тайпасының Дәулеткелді (ру) руынан, Бағалақ атасынан. Бағалақтан Оймауыт, Оймауыттан Тоқсанбай туған. Тоқсанбай әділдікті ту етіп ұстаған, әрі кең пейілді жан болған деседі. Бармын, жоқпын демей өзін көңілді ұстаған, қонақжай болса керек. Тоқсанбайдан Бигелді туады. Бигелдіден Құлшыораз бен Барақ туады. Екеуі де батыр, бірін-бірінсіз тұра алмайтын бауырмал жандар еді десетін. Екеуінің жолы екіге жарылатын күн келіп, Құлшыораз Еділ-Жайық бойына көшіп кетеді. Барақ Түркістан жағына кетеді. 18 жасында би атанып, Төле бимен сөз қағыстырып қалады. 25 жасында Телікөлдің басында өткен жалпықазақтық құрылтайда Тама елі атынан топ бастап келеді. Үш жүздің алқасына мүшелікке сайланады. Абылай ханмен жорық барысында танысып, екеуі анда атасып достасады. Абылай ханның әскеріне нұсқау беретін қол басылардың бірі болады. Хан атынан құпия тапсырмалармен талай жортуылдарға барады. Хан тарапынан талай сый-сияпаттарға ие болады. Хан атынан Бөгенбай, Қабанбай батырларға тапсырма алып баратын еді дейді көнекөздер
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 447 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Байғозы Наймантайұлы[1] (1705 — 1803, Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөліауылы) — батыр. Руы — тарақты. Әкесі Наймантай батыр Сүтемгенұлы Тәуке ханның бас батырларының бірі болған (бейіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіндегі қорымда). Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінде қатар шыққан. Байғозы Наймантайұлы жоңғарлармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозы Наймантайұлының қызы Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған. Байғозы Наймантайұлының бейіті тұрған жер "Батыр басы” деп аталады.[2]
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 454 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1351-1360 1361-1370 1371-1380 1381-1390 1391-1400 ... 2971-2980 2981-2982
Новости музыки