Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 1361-1370 |
Страницы: « 1 2 ... 135 136 137 138 139 ... 298 299 » |
Викентий Никонорович Тощенко (1910, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласы - 27.11.1943, Украина, Днепр бойы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия капитаны. 1932 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, тұрақты әскери қызметкер болды. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күннен майданға жіберілді. 1-гвардиялык атты әскер дивизиясы 5-гвардиялық Тамань атты әскер полкінің қатарында Солтүстік Кавказдағы, Днепрдегі шайқастарға қатысты. 1943 жылы 26 қыркүйекте Тамань атты әскер полкінің 1-эскадроны полк штабының бастығы, гвардия капитаны Тощенконың басшылығымен бораған оқтың астында Днепрден өте бастады. Оң жағалауға шыгысымен Тощенко басып алған плацдармын кеңейтіп, басқа бөлімшелердің өтуін қамтамасыз ету үшін эскадронымен Вороново тоғайының жиегін басып алуға тырысты. Олар күші басым жаумен бір жарым тәулік шайқасты. Тощенко жараланғанына қарамастан, ұрысқа басшылық жасап жүрген кезінде екінші рет оқ тиіп, қаза тапты. Ұрыста көрсеткен ерлігі үшін Тощенкоға КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді
|
Хоружая Вера Захаровна (27.9.1903, Беларусь, Бобруйск қаласы - 1942, Беларусь) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, партизан. Беларусь. Мозырь қаласы (Беларусь) әйелдер гимназиясын бітіргеннен кейін мектепте мүғалім, ал 1924—32 жылы Батыс Беларусь коммунистік жастар одағы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарған. 1935 жылы Балқаш қаласына келіп, кен-металлургия комбинатын салуға қатысып, аудандық партия комитетінде нұсқаушы болған. 1941 жылдан Витебск облыстық (Беларусь) жасырын коммунистік партия ұйымы басшыларының қатарына кірді. 1942 жылдың күзінде жау тылында қаза тапты. Хоружаяға ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.5. 1960). Минск, Брест, Бобруйск, Гродно, Мозырь, Балқаш, Карағанды, т.б. қалалардағы көшелер мен мектептерге Хоружаяның есімі беріліп, мемориалдық тақта орнатылған.[1]
|
Шулятиков Василий Александрович (9.12.1917 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, аға лейтенант. Орыс.Семей педагогикалық училищесін бітіргеннен кейін Семей қаласында мектеп директоры қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылып, 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1941 жылдьщ маусымынан Воронеж майданы 38-армия ІбЗ-атқыштар дивизияеы 863- жеке байланыс ротасы құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылдың қазанында Днепрден екі рет (Киев қаласының оңтүстік мен солтүстік маңындағы Жуковка және Вышгород селолары маңында) өтіп, өзеннің сол және оң жағалауларына байланыс сымын жүргізген. Днепрден өтуде көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралкасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943). 1950 жылы Әскери-байланыс академиясын бітірді. 1972 жылы запаска шықты. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған
|
Бөрібай батыр (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешеніндеВасилий Александрович Шелятинов (9.12.1917, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үлкен Нарын ауылы - 15.2.2009, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, взвод командирі, кейіннен подполковник. Орыс. Семей педагогикалық училищесін бітіріп, Семей облысындағы мектептердің бірінде директор болған
|
Бөрібай батыр (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешенінде жерленген Бөрібай батырдың ерлігі жайлы кезінде Сегіз сері, Дәстем сал, Жанкісі жыраулар дастандар шығарған
|
Бөлек Қараұлы (1700, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы — 1785, сонда) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан. Сатай батырдың немересі. Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте Шапырашты Наурызбай батырдың мыңбасы болған. 1729 жылы шайқаста жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген. 1734 жылы орыс бодандығын қабылдау жөнінде Ресей патшасы Анна Иоановна атына Қодар би, Төле би, Сатай батырмен бірге хат жолдауға қатысты. Бөлек батыр бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуған. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданыннда Бөлек есімімен аталатын ауыл бар.
|
Бөкенбай Бозқозұлы (17 ғасырдың 2-жартысы - 18 ғасырдың басы) - батыр. Арғынның сүйіндік руынан. Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде арғын-қыпшақ қолын басқарған сардар. Бөкенбай кейін Бөгенбай батырдың жасағында мыңбасы болған. Батырдын ерлігіне ақын Дәстем сал Қарабасұлы «Бөкенбай Бозқозұлы» атты қисса арнаған.[1]
|
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті
Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан
|
Бөгембай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойы — 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл к. маңы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы.18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап "Қанжығалы қарт Бөгембай” деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгембай батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан. Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған.
|
Бұлытбай Баһадүр (Сұлтан) - XVII - XVIII ғасыр аралығында өмір сүрген алып денелі қазақ баһадүрі. Тарихшылардың айтуынша Бұлытбайдың 20 мың-ға жуық әскері болған. Бұлытбай Қоқан хандығымен соғысқан, себебі Қоқандықтар қазақтардың оңтүстік аумағын егеленіп, ауылдарды қырғынға ұшыратып отырған. 1806 жылы Бұлытбай сұлтан 2 мың әскерімен Қоқандық әскерлерге тұтқиылдан шабуыл жасап тас-талқан еткен, соғыс ауыр болады. Қоқандықтардың әскері 2 есе болатын. Бұлытбай сұлтан Қоңырат Елбақ-Қойбақ руынан шыққан, Деректерде әкесі Тілмәмбет дейтін көсем кісі болған. Бұлытбай партизан соғыстарын көп мөлшерде ұйымдастырған. Кейбір деректерде Бұлытбай молдалық іспен айналысып жындарды қағып отыратын болған. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы қоңыраттар өздерін Бұлытбайдың ұрпағымыз деп санайтыны белгілі. Кейбіреулер Бұлытбайды Сырдарияның бойында жерленген десе де, оның қайда жатқаны әлі бел
|