Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1351-1360
Страницы: « 1 2 ... 134 135 136 137 138 ... 298 299 »

Чуйков Егор Сергеевич (1915, Алматы облысы КерБұлақ ауданы Жайнақ батыр ауылы - 18. 5.1963, Ресей, қазіргі Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, 95-атқыштар полкінің сарбазы. Украин. Орта мектептен кейін ұжымшарда жұмыс істеді. 1937 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. 1938 жылы 29 шілде - 11 тамыз аралығында Хасан көлінде болған қақтығыстарға қатысты. Осы соғыстағы ерліктері үшін Чуйковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жүлдыз» медалі тапсырылды (25.10.1938). Ленин,1 және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Әскери саяси училищені бітірген соң Чуйков Қиыр Шығыстағы әскери қызметін жалғастырды. 1945 жылы ол 1-Қиыр Шығыс майданында батальон командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары болды
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 754 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Дәуқара Қарақожаұлы (шамамен 17 ғасырдың соңы - 18 ғасырдың ортасы) - батыр, би. Есімі байұлы тайпасы құрамындағы байбақты руының ұранына айналған. Дәуқара Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы шайқастарға қатысқан. Ел арасындағы бір аңыздарда дене бітіміне қарай Дәуқара аталыпты делінсе, енді бірінде қарақалпақтар қоныстанған Шымбай - Дәуқара маңында көшіп-қонып жүргенде Дәуқара есімі қойылған дейді. Дәуқара батыр есімі батыс өңірінің ақын, жыраулары шығармаларында жиі айтылады
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1089 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Дәулен Таузарұлы (16 ғасырдың 2-жартысы, қазіргі Ресей, Омбы қаласы орнындағы Керейтоғай қонысы - 17 ғасырдың басы) -батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей руынан шыкқан. Жас кезінде ауыл молдасынан оқып, діни білім алған. Ермактың басқыншы отрядына қарсы күресте Көшім хан әскеріне көмектескен. Дәуленнің Жалаңтөс баһадүрдің апасы Жамалдан туған он бес ұлы болған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 719 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Дәуіт Асауұлы (туған-өлген жылы белгісіз) - батыр. 19 ғасырдың 50-жылдарында Орынбор ведомствосына қарайтын табын руының қарақойлы бөлімшесінің басқару- шысы болған. 19 ғасырдың 40-50-жылдарында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілістеріне Есет Көтібарұлымен бірге жетекшілік жасағандардың бірі. 1855 жылы Орынбор өлкесінде Есет Көтібарұлы мен Дәуіт бастаған шектілер мен табындардың наразылығы болды. Көтерілісшілер қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберуді тыюды, қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтатуды, түтін салығын жоюды, Жем, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойларына көшіп- қонуға мүмкіндік жасап, шаруаларға жайылымдық жерлерге еркіндік беруді талап етті. Қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылығы кейін де жалғасты. Дәуіт Ресей үкіметінің 1867-68 жылы жүргізген әкімшілік және сот реформаларына наразылық білдіріп, 1869 жылы Орал мен Торғай облыстары қазақтарының көтерілісіне басшылық жасағандардың бірі болды
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 923 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Досқара батыр (18 ғасырдың ортасы, Солтүстік Қазақстан облысы,Жамбыл ауданы,Марқаш соры көлінің жағалауы - 19 ғасырдың 30- жылдары) - батыр. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасының көшебе руынан шыққан. Әкесінің есімі - Байкісі. Оның «қос батыр» атанған Есқара, Досқара есімді екі ұлы да 1770-71 жылы болған соңғы қазақ-қалмақ соғыстарына қатысқан Досқара батыр сондай-ақ 18 ғасырдың соңғы ширегінде Батыс Сібірде Ресей отаршылдарына қарсы күреске белсене қатысып, ерлігімен көзге түскен. Досқара батырдың ерлігін Жанкісі, Шал ақын, Жанақ ақын, Көтеш, Салғара, т.б. өз жырларына арқау еткен. Досқара батырмен замандас Көшен Бауыржанұлы «Досқара батыр» жырында оның батырлыгымен қатар күйшілік өнері болғанын да айтады. «Кер жорға», «Қызыл нар», «Жаралының зары» атты күйлері жазып алынбағандықтан, халық арасына көп таралмаған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 782 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Дауымшар Құттықадамұлы (1770-1810) - Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр. Кіші жүз құрамындағы адай тайпасынан шыққан. Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705— 1798) қалмақтармен шайқасқа қатысқан. Орталық Үстіртте, Білеулі керуен сарайынан оңтүстік- шығысқа қарай 25 шақырым жерде жерленген. Дауымшар батыр жөнінде нақты дерекгер аз. Х.Досмұхамедов өз еңбегінде оны Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Қүлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, т.б. атақты батырлармен тең қояды. Халық арасында Дауымшар батыр туралы Жемнің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізген экс- педициялық отрядпен (кейбір мәліметтерде орыстар, енді бірінде ағылшындар) болған ұрыста қаза тапты деген аңыз бар. Шайқаста қаза тапқандардың барлығы, соның ішінде қарсыластарының басым күшінен сескеніп, шайқасқа қатысудан бас тартқаны үшін Дауымшардың өз қолынан қаза тапқан.Құдабай батыр да сол жерге жерленіп, ол жер Дауымшар қорымы аталып кеткен. Батырдың бейітіне қару мен ат бейнеленген құлпытас орнатылған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 917 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Чумаев Григорий Иванович (1917, Батыс Қазақстан облысы Зеленое ауданы Кирсаново селосы - 4.2.1945, Польша, Вроцлав қаласы)- 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Орыс. 1945 жылы 4 ақпанда Чумаев барлаушылар тобымен Одер (Одра) өзенінің батыс жағалауына өтіп, жаудың техникасы мен адам күшін анықтауға тапсырма алды. Тапсырманы орындау барысында ержүрек жауынгер ауыр жараланды. Осы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін Чумаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945). Батыс Қазақстан облысы Зеленое аудынындағы Макарове селосының бір көшесі Чумаевтың есімімен аталады. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 758 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Григорий Григорьевич Черкашин (22.11.1921, Ресей, Красноярск өлкесі, Рыбинск ауданы Рыбное селосы - 13.11.2006, Ресей, Мәскеу қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, ұшқыш-шабуылшы, звено командирі кейіннен подполковник 1937 жылы 7-сыныпты бітіргеннен соң Красноярск қаласында паровоз вагонын жөндейтін зауытта жұмыс істеген. Қолы бос кезде аэроклуб үйірмесіне қатысқан. 1940 жылы Алматы қаласына қоныс аударған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 771 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Хачин Георгий Андреевич (15.3.1915, Ресей, Башқортостан, Зилаир ауданы Кананикольское селосы - 2.5.1978, Қостанай облысы Жітіқара қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, қатардағы жауынгер. Орыс. Кеңес әскері қатарына 1937 жылы шақырылған. 1939 жылы Кеңес-фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылдың тамыз айынан танкіні жоятын дивизионда өзінің жауынгерлік борышын атқарды. Ұрыс күндерінің бірінде жау Сталинград қаласындағы трактор зауытын басып алмақ болып, бір полк жаяу әскерін жіберді. Оларды орташа және ауыр танкілермен, ал әуеде 53 ұшақпен қорғады. Осы ұрыста Xачин ауыр жараланғанына қарамастан, жаудың 4 танкісін жойды. Ол әскерлерді біріктіріп, қорғаныс құрып, күні бойы бекіністі ұстап тұрды. Тек бригада командирі майор Дурневтің «қоршаудан атыса отырып шық» деген бұйрығынан кейін ғана ол бекіністі тастап шықты. Осындай ерекше қайсарлық жасағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлы- ғымен Хачинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (8.2. 1943). Соғыстан кейін ол Башқортостанда орман шараушылығында жұмыс істеді. 1971 жылы Қостанай облысы Жітіқара қаласына көшіп келіп, өмірінің соңына дейін Жітіқара асбест комбинатында жұмыс істеді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 722 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Владимир Александрович Шаталов (8.12.1927 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) - ғарышкер-ұшқыш, авиация генерал-лейтенант (1975), 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған. 1945 жылы Әскери Әуе күштерінің арнаулы мектебін, 1949 жылы ұшқыштардың Качинскідегі әскери училищесін, ал 1956 жылы Әскери Әуе академиясын (жұмыстан қол үзбей) бітірген. 1949-63 жылы Кеңес армиясының авиац. бөлімдерінде қызмет етті. 1963 жылдан ғарышкерлер қатарында. 1969 жылы 14-17 қаңтарда «Союз-4» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшып, «Союз- 5» ғарыш кемесімен (15 қаңтарда ұшырылған) топтасып ұшуға басшылық етті.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1099 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1331-1340 1341-1350 1351-1360 1361-1370 1371-1380 ... 2971-2980 2981-2987