Главная » Файлы » Қазақша рефераттар | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2987 Показано материалов: 1341-1350 |
Страницы: « 1 2 ... 133 134 135 136 137 ... 298 299 » |
Жаназар батыр туралы ақпарат
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Шұбартау төлеңгіттерінің үлкен бөлігін, ел арасында «қалмақ» атымен белгілі Мамыттан тараған аталар құрайды. Мамыттан (Желденнен) тараған ұрпақ: Уанас, Қанай, Қонай, Тақай, Ақтабын (кейін бір себептермен Таз деп аталған), Сартабын, Қаратабын, Жөлке, Аю, Дейіт, Жемет, Құлтан аталатын рулардан құралады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ХVІІІ ғасырдың аласапыран кезеңінде аталықтың ұрпақтарын Өмірзақ бастаса, оның сүйенегені Мамыт тұқымы Жаназар батыр болған.
|
Жалаңтөс батыр (1576-1656 ж.), Бірі — қалмақ пен қазақтың теке тіресі Орбұлак шайқасына жиырма мың қолмен келген Самаркан билеушісі.
Ал екіншісі - казіргі Ақтоғай ауданы жерінде туып, сол өнірде өмір сүрген Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан Жалаңтөс. Жалаңтөс батыр — Балқаш көлінен бастап, Коңырат, Әулие ата, Тоқырауын мен Нұра бойын, Ұлытау мен Қарқаралы аралығындағы сайын даланы қалмақтардан азат етуге қатысады. Жалаңтөстің ерлігі мен шешендігін Қаз Дауысты Қазыбек ерекше бағалаған. Жалаңтөстін артына қалдырып кеткен ақыл-өсиет ізгі тілегі, батасы мол Айтулы ерге оқ тисе, қиналғанын білдірмес» (т. б.). 1996 ж. Ақтоғай ауданының жұртшылығы Жалаңтөстін 300 жылдығын атап өтті. Оның мазары Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысындағы «Сарыарқа» әуежайына баратын үлкен даңғылдың оң жағында, Соқыр өзенінің жағасында орналасқан.[1]
|
Есет Көкіұлы, Тама Есет (1667-1757) - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіруы ішіндегі Тама руының, Аташал тармағынан. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан жоңғардың Батыр Қонтайшысының 50 мыңдық әскеріне 600 жауынгермен қарсы тұрып, шайқасып жатқанда 20 мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде осы Көкі батырдың да болғандығын, сонда оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсеткенін жазады. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады.
|
Есет батыр (1803-1889) - Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.[1][2]
1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.
1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.
1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.
19 ғасырдың 40-50 жылдарында Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталады. Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды.
1853-54 жылдары Есет батыр басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды.
|
Есен, Есентай (туған - өлген жылы белгісіз) батыр, ұста. Қанжығалы Ніпенбет бидің баласы. Есік еліне (қазіргі Башқұртстан) көршілес қоныстанып келген Есен үлкен ұлы Құдайберді батырмен бірге Тоқтамыс ханның жорықтарына қатысқан. Олар жайында «Ер Едіге» жырында айтылады. Тоқтамыс ханның қызы Жәникені алған күйеу баласы Едіге қайын атасына қастандық жасамақ болып, Әмір Темірге жансыздар жібергенде, оның бұл әрекетіне ренжіген Есен мен Құдайберді Ұлытауды тастап, Сарысу бойына көшеді. Ақтау мен Ор тау аралығын қоныстанған Есеннің Оқшаутас деген жерде ұстаханасы болған. Есеннің балалары мен кейінгі ұрпақтары арасынан Құдайберді, Қайқы, Бөгембай, Үмбетей батырлар мен Киікбай, Саққұлақ, Асаубай, Шәңгі секілді шешен, би, ақындар шыққан
|
Есберді батыр шамамен XVII - XVIII ғасырда Абылай ханның сенімді серігі Әбілпейіз сұлтан тұсында өмір сүрген. Руы - Найман, Қожанбет, Егізқара атасына жатады. Ата қоныстары Бөкенбай тауының оңтүстік етегі, Қалжыр өзенінің бойында. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел-жұртына қамқорлық танытады. 1770 - 1776 жылдары найман елі Әбілпейіз және Көгедай сұлтандардың билігінде болады. 1776 жылы Әбілпейіз ордасы Қалжыр өзенімен Күршім өзені аралығында болған. Бабатілеу, Қабырғатал арасына хан ордасын тіккен. Көгедай Әбілпейізұлы ордасын Зайсандағы Жеменей өзенінің бойына ауыстырады. Хан ордасы кейіннен Ластыға ауысады. Себебі, бұл жер Қытаймен сауда қатынастарына қолайлы болды. Бұл кезде Шәуешекте жәрмеңке ашылады
|
Ермек Елеуханұлы Үкібаев (13.07.1965 жылы туылған, 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан Кентау қаласы), қазақ, генерал-майор И.В.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1986 жылы), Л.Н.Гумилев атындағы Дипломатиялық академиясын бітірген (2004). Германиядағы кеңес әскерлері тобы 2-гвардиялық танк армиясының мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің взвод командирі (1986-88); Әскерлердің батыс тобы 2-ші гвардиялық танк армиясының мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкінің рота командирі (1988-91); батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы (1991-92); ҚР Республикасы Ұлан бригадасы шұғыл мақсаттағы батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы (1992-95); ҚР республикасы Ұлан бригадасының үкімет күзеті батальонының командирі (1995 жылы); ҚР республикасы Ұлан 0112 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары - штаб бастығы (1995- 96); ҚР Президентінің күзет кызметінде әскери қызметте (1996-2002); Президенттің күзет кызметінің бірінші департамент бастығының орынбасары (2002-05); Президенттің күзет қызметі бастығының орынбасары - бірінші департамент бастығы (2005-06); 2006 жылғы 23 қаңтардан -республика Ұлан қолбасшысының бірінші орынбасары. II дәрежелі «Айбын» ордені, медальдармен марапатталған
|
Еменәлі Жалбырұлы - батыр. 15 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген. Орта жүз құрамындағы ашамайлы керей тайпасынан шыққан. Өзінің аталас туысы Жаңбыршы биден тәлім-тәрбие алған. Бұрындық ханмен, Жаңбыршы бимен бірге қазақ жұртын сыртқы жаулардан қорғап, ел тыныштығын сақтауға атсалысқан батырдың Сырлыбай, Күнту есімді ұлдарынан тараған ұрпақтар кейіннен бір руға айналған. Еменәліден тараған ұрпақтар қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ресейдің Түмен, Омбы облыстарында тұрады
|
Елшібек батыр (туған-өлген жылы белгісіз) — 18 ғасырда өмір сүрген қазақ батыры. Ұлы жүздің құрамындағы сіргелі руынан шыққан. 18 ғасырда жоңғар қалмақтарына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Елшібек батыр туралы ел арасына таралған әңгіме-жырлар көп. Сондай әңгіменің бірі — кезінде Ш. Уәлиханов ел аузынан жазып алған "Елшібек туралы әңгіме”. Ол әңгімеде Абылай ханның қалмақтармен болған бір соғысында Елшібек батырдың жауға қарсы жасқанбай жалғыз шапқан ерлігі, батылдығы туралы айтылған
|
Едіге Танашұлы - батыр. 14 ғасырда өмір сүрген. Ресейдің қазіргі Омбы қаласы орнындағы «Керей тоғайы» деген мекенде дүниеге келген. Орта жүз кұрамындағы керей тайпасының ашамайлы керей руынан шыққан. Едіге ағалары Балға, Балта батырлар сияқты Алтын Орда хандарының әскербасы болган. Кейін Әмір Темірге қызмет етіп, оның әскерімен бірге ауыр шайқастарға қатысқан. Сол шайқастардың бірінде Едіге ауыр жараланып, қасындағы серіктері Самарқанға жеткізбек болып әкеле жатқан жолда, Ұлытау бөктерінде қайтыс болады
|