Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1331-1340
Страницы: « 1 2 ... 132 133 134 135 136 ... 298 299 »

Яроцкий Иван Михайлович (18.06.1916, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Подгорное ауылы - 25.7.1980, Ресей, Татарстан, Қазан қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант. Орыс. 8-сыныпты бітірген соң тракторшылар курсын оқып, ұжымшарда 15 жылы жұмыс істеді. 1937 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1938 жылы Хасан көлі маңындағы болған қақтығысқа қатысты. 1939 жылы әскери училищені бітірді. 1940 жылы кіші лейтенант Яроцкий Тынық мұхит флотының 13-ротасында болды. 1945 жылдың 13 тамызында жаудың Тынық мұхит флотының торпедо катерлері Кореяның Сейсин портына басып кірді. Теңіз жол әскерлерінің 390-батальонындағы Яроцкий бастаған автоматшылар ротасы шайқасқа араласып кетті. Жау Кеңес теңізшілеріне қарсы оқ жаудырды. Жапондықтар орасан зор құрбандықтармен Яроцкийдің ротасына тойтарыс берді
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 805 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Шапшаев Иван Леонтьевич (1910, Ресей, Хабаровск өлкесі, Новоспасск селосы - 2.10. 1967, Ресей, Калинин облысы Тверь қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, полк командирі, подполковник. Орыс. Орта мектепте оқып, Бурсинск көмір шахтасында жұмыс істеді. 1933 жылы Кеңес әскері катарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінен ¥лы Отан соғысына қатысты. Шапшаевтың бүкіл майдандық өмірі даңқты Панфилов дивизиясымен байланысты. Ол дивизияның барлық шайқасына қатысты, басынан зақымданды, 6 рет жараланып, ротаның саяси жетекшісінен атқыштар полкінің командирлігіне дейінгі жолдардан өтті. Шапшаев тамыз айында 19-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Риганы азат етуге, жаудың Курляндиядағы тобын талқандауға қатысты
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 835 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Иван Алексеевич Щепетков (1910, Алматы қаласы - 16.11. 1941, Ресей, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Дубосеково туған жылы айырмасы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, атқыш. Орыс. Мектептің 7-сыныбын бітірген соң Түрксіб темір жолында құрылысшы, кейіннен Сталинград трактор зауытында жұмысшы, соғыс алдындағы жылдарда Алматы қаласындағы циркте артист болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың маусымында шақырылды. Майдандағы әскерге 1941 жылдың қыркүйек айында барды. Ол Алматы қаласында құрылған 316-атқыштар дивизиясы 1075-атқыштар полкі 2- батальонының 4-ротасында ұрыстарға қатысты. 1941 жылдың 16 қарашасында саяси жетекші В.Клочков басқарған танкіні жойғыш топ құрамында Дубосеково айырмасы жанында жау танкілерімен бетпе-бет шайқасты. ¥лы Отан соғысы кезінде Мәскеу қаласы түбінде тарихта 28 гвардияшы- панфиловшылар атымен белгілі топта болған Щепетковқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.07. 1942). Волоколам ауданының Нелидово селосында бауырластар зиратында монумент, Алматы қаласында 28 гвардияшы-панфиловшыларға мұражай салынып, мемориал орнатылған. Қаланың бір көшесіне Щепетков есімі берілген
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 868 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) – батыр, шешен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 ж. Ж. абақ керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 823 | Загрузок: 79 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жәмеңке мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі — 10.8.1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) — батыр. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке араласып, әділдігімен елге танылған. 19 жасында Қарқара өңірінің игі-жақсыларымен бірге Тезек төремен кездеседі. Ж. Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының ақылгөй ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға көп еңбек сіңірген. Ж-нің ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: ".... бізден бала сұрайды. Қара жұмыс істетеміз деп жақақтады. Елден бір кеткен соң не қылса, өзі біледі. Қолдан шыққан соң соғысқа айдап салмай не қылады. ... бала өлгенше, шал өлсін, патшаның жарлығын орындамаймыз” — деп сөз сөйлед
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1205 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жылқыаман батыр Отыншыұлы (1712-1796) — Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі Ақшатау өңірінде дүниеге келген. Ол ұлт-азаттық қозғалысындағы ерекше орны бар көрнекті қайраткерлердің бірі. 1796 жылы Қарақалпақ жерінде 84 жасында Нұрата өңірінде дүниеден өткен және сүйегі сонда жерленген.[1]Жылқыаман батыр "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманында үш жүздің басы қосылған, жоңғарлардың түре қуатын 1725 жылы болған қанды қырғында 13 жасында-ақ ат ойнатып, қарсы келген дұшпанды "ақшұбарымен" жусатып, атағы күллі қазаққа дабырлата шыққан
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 962 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жарылғап батыр (шамамен 1733 — өлген жылы белгісіз) — батыр, би, шешен. Бұқар жырау "Қарашорда Сәңкібай, Алтекеде — Жидебай, Тобықтыда — Қараменде, Кернейде — Жарылғап” деп, Жарылғап батырды жоңғарларға қарсы шайқастарда ту ұстаған батырлар қатарында мадақтайды. Жарылғап батырдың әкесі Түйте 18 ғ-дың басында ноғайлармен бірге Ресей отаршыларына қарсы күрескен. Жарылғап батыр 16 жасында Қаз дауысты Қазыбек биден бата алып, жорыққа аттанған. 1748 жылы Қалба — Шаған шайқасында Кебін қалмақты жеңіп, ерлігімен көзге түскен. Бөгембай батыр бірнеше шайқастарды басынан бірге кешірген үзеңгілес серігі Жарылғап батырдың баласына қызын ұзатып, құда болған. Жарылғап батыр ел билеген көсем, дауға түскен шешен ретінде де танылған. Абылай ханмен, Қаз дауысты Қазыбек бимен, Бөгембай батырмен сөз қағыстырып, артында тағылымды, шешендік сөздер қалдырған. Түркістанда жерленген. 1993 жылы қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданында Жарылғап батырға арнап ас беріліп, Ақшатау кентіндегі орталық алаңға батыр есімі берілді
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 938 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жарылғап Байшораұлы (шамамен 18 ғ-дың орта шені) — батыр. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының қаракерей руынан шыққан. Қаракерей Қабанбай батыр мен найман Барақ сұлтанның жасағында жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарға қатысқан. Ел ішінде "жауырыншы қара Құдыс” атанған Жарылғаптың арғы атасы Құдыс Жалмамбетұлының алыстағыны болжайтын көріпкелдік қасиеті болған. Жарылғап батыр 1744 жылдың көктемінен 1745 жылға дейін Барақ сұлтанның баласы Шығай сұлтанмен бірге Қалдан Сереннің қолында аманатта болады. Бұл туралы арнайы мақсатпен Қазақ елінде болған Тюкен Балтасов деген башқұрттың 1743 жылы 14 тамызда Орынбор комиссиясына жазған рапортында айтылған. Жарылғап Барақ сұлтанның ұлы Шыңғыс сұлтан, қаракерей қожамбет Сырымбет би, т.б. елдің игі жақсыларымен бірге қожамбет руын бастап, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл өңіріне қоныстандыру ісіне ат салысқан. Жарылғап батырдан 7 ұл туып, "Жеті Жарылғап” атанған. өрпақтары Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл, Күршім аудандары мен Қытай, Моңғолия жерінде тұрады. Жарылғаптың Атанбай есімді баласынан Алтай өңіріне белгілі Бәшік деген атақты би туған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 858 | Загрузок: 97 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Өмірбаяны
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1]
Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1109 | Загрузок: 79 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Жанайдар Орынбайұлы (шамамен 1818, Ұлытау өңірі — 19 ғ-дың 70-жылдары) — батыр, Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі. 1837 жылы Ақмола дуанына қарайтын арғын тайпасының Қуандық, Сүйіндік, Төртуыл, Қойлыбай, Қалқаман, Темеш, Тінәлі руларының жасақшыларын бастап Кенесары әскеріне келіп қосылады. Кенесары Ақмола бекінісіне шабуыл жасар алдында Жанайдарды бас етіп бекіністі барлауға шолғыншылар жіберді. Шабуыл кезінде ерлігімен, мергендігімен көзге түскен Жанайдар ханның сенімді серігі, қол бастаушы батырларының біріне айналады. Жанайдар өзінің бауырлары Жанатай, Бектұрған, Өтебайлармен бірге Кенесарыға еріп, он жыл бойы азаттық жолындағы шайқастың бел ортасында жүрген
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 797 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1311-1320 1321-1330 1331-1340 1341-1350 1351-1360 ... 2971-2980 2981-2987