Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1321-1330
Страницы: « 1 2 ... 131 132 133 134 135 ... 298 299 »

Малдыбаев Жақыпбек (15.5.1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шеңгелді ауылы — 8.6.1938, Ташкент маңы) — тұңғыш қазақ ұшқышы. Ауыл мектебінде мұсылманша сауат ашып, алтын кендерінде, ауылдық кеңестерде әр түрлі қызмет атқарған. 1929 жылы әскер қатарына алынып, Түркістан ерекше атты әскер бригадасының 82-полкінде взвод командирінің көмекшісі болды. 1932 жылы наурыздан Біріккен Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінде оқыды. 1933 жылы 1 қаңтарда ұшқыштар және ұшқыш бақылаушылар даярлайтын мектепті, онан соң әскери әуе күштері жанындағы арнайы әскери қызмет курсын бітірді. 1934 жылы 24 шілдеде Орта Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы 40-ерекше авиация отрядына аға ұшқыш-бақылаушы және фотоқызмет бастығы болып, 1937 ж. 19 маусымда ұшқыштар звеносы флагштурман қызметіне тағайындалды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 894 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Максим Якубович Якубов (10.3.1914, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тастықара ауылы — 8.7.1974, Алматы облысы Қарасай ауданы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, старшина, 836-атқыштар полкінің атқышы. Ұйғыр. Орта мектепті бітірген соң 1941 жылы қаңтарда Кеңес әскері қатарына шақырылып, 240-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқа катысты. 1943 жылы қыркүйекте Якубов қызмет ететін дивизия Днепрге шықты. Өзеннен өтіп, плаццармды басып алу міндетін орындау үшін 27 қыркүйекке қараған түнде атқыштар полктерінің алдыңғы қатардағы бөлімшелері өздері жасаған салдарға және кішігірім қайықтарға отырып өзеннен өтуге кірісті.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 802 | Загрузок: 126 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Шиловский Леонид Прокофьевич (1919, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылы - 3.11. 1943, Украина, Днепропетровск облысы Кринички ауданы Потоки селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Орыс. 1941 жылдың маусымынан 46-армия 236-атқыштар дивизиясы 496- жеке атқыштар рота құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 26 қыркүйекте Днепр өзенінен (Украина, Днепропетровск облысы Верхнеднеировск ауданы Сошиновка маңы) алғашқылардың қатарында өтіп, жеке өзі 11 жау әскерін жойды. Шиловскийге ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (3.11.1943). Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы бір көшеге Шиловский есімі берілген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 865 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Кәшке – 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы болған. Ақымбектен Сұраншы батыр, Ыстамбектен Саурық батыр туған. Кәшке – Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылары мен Қоқан хандығы басқыншыларынан азат ету үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы халық арасында Кәшке батырдың ерлігі, тапқырлығы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. Кәшкенің батырлығы, әділдігі жайында Жамбыл Жабаев жырларында да кездеседі
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 592 | Загрузок: 108 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Константин Фомич Шувалов (10.1.1912, Павлодар қаласы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, подполковник. Орыс. Ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіргеннен кейін Соликамск (Ресей, Пермь облысы) қаласында автобаза директоры қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы Соликамск қаласы әскери комиссариатынан шақырылып, кіші лейтенанттар курсын бітірген. Орталық майдан 61-армия 81-атқыштар дивизиясы 467-атқыштар полкінің құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Лейтенант Шувалов 1943 жылы 2-3 қазанда өз батальонымен Днепрден (Беларусь, Гомель облысы Лоев ауданы Глушец маңы) өтіп, жаумен қиян-кескі ұрысқа түсті әрі өздері тартып алған плацдармға бекінді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 713 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Константин Константинович Шестаков (23.4.1923, Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті - 27.6.1944, Ресей, Ленинград облысы Выборг ауданы Лампилия ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардияшы жауынгер. Орыс. 7-сынып бітірген соң МТС-те трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың 27 маусымында шақырылып, майданға аттанды. Шестаков 1944 жылдың жазында Ленинград облысын азат ету кезінде көзге түсті. Шестаков қызмет еткен 129-гвардиялық атқыштар полкі Лампилия ауылы жанындағы отты нүктені алуда жау жағынан қатты қарсылық болды. Гвардияшылар екі рет отты нүктеге шабуыл жасап, ала алмады. Олардың алға жылжуына гранит төбе тастарының қалқасындағы жау пулеметі бөгет болды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 761 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Кенжебек Шәкенов (1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. Қазақ. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. 62-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрылып болысымен, Днепр жағалауына жылжып келді де, 2-Украина майданының 37-армиясы құрамына енгізілді.
Тарих | Просмотров: 1173 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақбелсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды
Тарих | Просмотров: 1223 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Исатай Тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 1086 | Загрузок: 98 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Яроцкий Иван Михайлович (18.06.1916, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Подгорное ауылы - 25.7.1980, Ресей, Татарстан, Қазан қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант. Орыс. 8-сыныпты бітірген соң тракторшылар курсын оқып, ұжымшарда 15 жылы жұмыс істеді. 1937 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1938 жылы Хасан көлі маңындағы болған қақтығысқа қатысты. 1939 жылы әскери училищені бітірді. 1940 жылы кіші лейтенант Яроцкий Тынық мұхит флотының 13-ротасында болды. 1945 жылдың 13 тамызында жаудың Тынық мұхит флотының торпедо катерлері Кореяның Сейсин портына басып кірді. Теңіз жол әскерлерінің 390-батальонындағы Яроцкий бастаған автоматшылар ротасы шайқасқа араласып кетті. Жау Кеңес теңізшілеріне қарсы оқ жаудырды. Жапондықтар орасан зор құрбандықтармен Яроцкийдің ротасына тойтарыс берді
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 695 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1301-1310 1311-1320 1321-1330 1331-1340 1341-1350 ... 2971-2980 2981-2987