Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2972
Показано материалов: 1301-1310
Страницы: « 1 2 ... 129 130 131 132 133 ... 297 298 »

Мұсабек батыр Қалдарбекұлы (1815-1886) жылдар аралығында казіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр өңірінде өмір сүрген. Мұсабек батыр, Қоқан хандығына қарсы күрес жүргізген Қоңырат тайпасының Байлар-Жандар руынан шыққан атақты қазақ батырларының бірі. Өз заманында алты алашқа аты шыққан Сапақ датқа Қалдарбекұлының туған інісі. Қоқан хандығы 19-ғасырдың екінші жартысында алым саққа қазақ қыздарын ала бастағанда, ел арасында толқулар болып, Қоқан хандығына деген халықтың ашу ызасын тудырады. Мұсабек батыр қол бастап, қазақ батырларын жинап,Бадам өзенінің жағасы Ордабасы тауында Ташкент құсбегі Мырза бидің басын алады. Бұл ұрыста Қоңырат Жаманқара батыр, Қоңырат Белес батыр, Қоңырат Ербөбек батыр, Ұлы жүз батыры Рысқұлбек, Маделіқожа және тағыда басқа да батырлар болған. Мұсабек батыр жайлы ақындар көп жырлаған.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 477 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Орда ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей озін Мәншүк деп кеткен. Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 544 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Михаил Гиясович Фаязов (15.6.1925 жылы туылған, Тараз қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия лейтенанты, взвод командирі. Өзбек. Орта мектепті бітіргеннен соң малдәрігерлік техникумда оқыды. Кеңес әскері қатарына 1943 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз қаласы) ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. 1944 жылы Ташкенттегі кіші лейтенаттар дайындайтын училищенің жеделдетілген курсын бітірді. 175-гвардиялық атқыштар полкінің (5-гвардиялық армияның 58-гвардиялық атқыштар дивизиясы) взвод командирі Фаязов 1945 жылдың 23 қаңтарында Одер өзенінен өту кезінде ерлікпен көзге түсті. Бұл кезде ротаны басқарған Фаязов өзеннен өтіп, арғы жағалауға плацдарм құрып, одан әрі жаудың штабы орналасқан екі елді мекенді басып алды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 364 | Загрузок: 72 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 3017 | Загрузок: 75 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Малдыбаев Жақыпбек (15.5.1907, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шеңгелді ауылы — 8.6.1938, Ташкент маңы) — тұңғыш қазақ ұшқышы. Ауыл мектебінде мұсылманша сауат ашып, алтын кендерінде, ауылдық кеңестерде әр түрлі қызмет атқарған. 1929 жылы әскер қатарына алынып, Түркістан ерекше атты әскер бригадасының 82-полкінде взвод командирінің көмекшісі болды. 1932 жылы наурыздан Біріккен Орта Азия әскери мектебінің кавалерия бөлімшесінде оқыды. 1933 жылы 1 қаңтарда ұшқыштар және ұшқыш бақылаушылар даярлайтын мектепті, онан соң әскери әуе күштері жанындағы арнайы әскери қызмет курсын бітірді. 1934 жылы 24 шілдеде Орта Азия әскери округінің Сталинабад қаласындағы 40-ерекше авиация отрядына аға ұшқыш-бақылаушы және фотоқызмет бастығы болып, 1937 ж. 19 маусымда ұшқыштар звеносы флагштурман қызметіне тағайындалды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 460 | Загрузок: 73 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Максим Якубович Якубов (10.3.1914, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тастықара ауылы — 8.7.1974, Алматы облысы Қарасай ауданы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, старшина, 836-атқыштар полкінің атқышы. Ұйғыр. Орта мектепті бітірген соң 1941 жылы қаңтарда Кеңес әскері қатарына шақырылып, 240-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқа катысты. 1943 жылы қыркүйекте Якубов қызмет ететін дивизия Днепрге шықты. Өзеннен өтіп, плаццармды басып алу міндетін орындау үшін 27 қыркүйекке қараған түнде атқыштар полктерінің алдыңғы қатардағы бөлімшелері өздері жасаған салдарға және кішігірім қайықтарға отырып өзеннен өтуге кірісті.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 376 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Шиловский Леонид Прокофьевич (1919, Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар ауылы - 3.11. 1943, Украина, Днепропетровск облысы Кринички ауданы Потоки селосы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Орыс. 1941 жылдың маусымынан 46-армия 236-атқыштар дивизиясы 496- жеке атқыштар рота құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 26 қыркүйекте Днепр өзенінен (Украина, Днепропетровск облысы Верхнеднеировск ауданы Сошиновка маңы) алғашқылардың қатарында өтіп, жеке өзі 11 жау әскерін жойды. Шиловскийге ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (3.11.1943). Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы бір көшеге Шиловский есімі берілген. Ленин, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 411 | Загрузок: 76 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Кәшке – 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы болған. Ақымбектен Сұраншы батыр, Ыстамбектен Саурық батыр туған. Кәшке – Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылары мен Қоқан хандығы басқыншыларынан азат ету үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы халық арасында Кәшке батырдың ерлігі, тапқырлығы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. Кәшкенің батырлығы, әділдігі жайында Жамбыл Жабаев жырларында да кездеседі
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 283 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Константин Фомич Шувалов (10.1.1912, Павлодар қаласы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, подполковник. Орыс. Ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітіргеннен кейін Соликамск (Ресей, Пермь облысы) қаласында автобаза директоры қызметін атқарған. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы Соликамск қаласы әскери комиссариатынан шақырылып, кіші лейтенанттар курсын бітірген. Орталық майдан 61-армия 81-атқыштар дивизиясы 467-атқыштар полкінің құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Лейтенант Шувалов 1943 жылы 2-3 қазанда өз батальонымен Днепрден (Беларусь, Гомель облысы Лоев ауданы Глушец маңы) өтіп, жаумен қиян-кескі ұрысқа түсті әрі өздері тартып алған плацдармға бекінді.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 423 | Загрузок: 76 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Константин Константинович Шестаков (23.4.1923, Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті - 27.6.1944, Ресей, Ленинград облысы Выборг ауданы Лампилия ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардияшы жауынгер. Орыс. 7-сынып бітірген соң МТС-те трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың 27 маусымында шақырылып, майданға аттанды. Шестаков 1944 жылдың жазында Ленинград облысын азат ету кезінде көзге түсті. Шестаков қызмет еткен 129-гвардиялық атқыштар полкі Лампилия ауылы жанындағы отты нүктені алуда жау жағынан қатты қарсылық болды. Гвардияшылар екі рет отты нүктеге шабуыл жасап, ала алмады. Олардың алға жылжуына гранит төбе тастарының қалқасындағы жау пулеметі бөгет болды.
Қазақ әдебиеті | Просмотров: 368 | Загрузок: 77 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1281-1290 1291-1300 1301-1310 1311-1320 1321-1330 ... 2961-2970 2971-2972
Новости музыки