Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 18.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1161-1170
Страницы: « 1 2 ... 115 116 117 118 119 ... 298 299 »

Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек

Алғашқы  көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті,  қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған  өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін  оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 6851 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 26.04.2014 | Комментарии (0)

Электр жарақаты

  Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу. 

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 5563 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

Суға батқан   кездегі алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі  көмек

    Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы  мен  тамырлардың  соғысы қанағаттанарлық  болса оны аяқтарын 40-50о–қа  етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге  береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. 
    Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан  кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы  күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.
    Зардап  шегушіні  жанталас немесе клиникалық  өлім жағдайында алып шыққан  кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.
    ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;
    тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;
    жасанды тыныс алдыру;
    қан айналымын қолдау.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 3351 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

Жаралар инфекциясы
    
Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады. Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді 
Түйрелген  жараларҚатты жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне –кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды (9-сурет).

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 6595 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

Бас жарақаты кезінде таза таңғыш қою тәртібі

 Басқа таңғышты-«тақияны» мынадай әдіспен қояды. 1м-ға жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (6а-сурет) отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы  кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады (6б сурет). Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың  орналасуына орай  «ауыздық» тәріздес таңғыш қойған жақсы.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 2431 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

Бас жарақаттары

   Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.
   Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын (қатты ми қабы жарақаттанбайды) және (қатты ми қабы зақымданады).
   Бас миын зақымдаған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.
   Басқа қатты соққы тиген кезде мидың зақымдануы мүмкін (мидың шайқалуы және сыдырылуы).
   Мидың шайқалуын

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 6165 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

 Естен тануға қарсы шаралар

    Есінен айырылған адамдар алғашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп  жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі – дәрмек: промедол.морфин, аналгин 5%-2мм ертінді, олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстінен жылы киім  жабады. Егер зардап шегушінің ішінен жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа  да спирт ішімдігін береді.
  Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей медицина мекемесіне жеткізеді. Оны апаратын жерге аса сақтықпен, басқа жерлерден ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 1686 | Загрузок: 78 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

 Жарақаттан естен тану туралы түсінік

 Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады.
 Естен тану-орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.
 Естен тану қатты ауру кезіндегі тітіркеністен пайда болады. Сүйектің зақымдануынан болған жұмсақ ұлпалардың үлкен көлемде мылжалануынан, жаншылуынан, күюден болған қатты жарақат. Әсіресе, қан көп кеткен кезде, дене суынғанда, қорыққанда, шектен тыс ойға шомғанда, сәулеге ұшырағанда, жұқпалы ауруларда жиі кездеседі.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 1621 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

   Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету

 Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 1997 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

  Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету

 Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.
 Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.

Өмір тіршілік қауіпсіздігі(ОБЖ) | Просмотров: 1209 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 25.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1141-1150 1151-1160 1161-1170 1171-1180 1181-1190 ... 2971-2980 2981-2987