Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 9.9.2019
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1101-1110
Страницы: « 1 2 ... 109 110 111 112 113 ... 298 299 »

Граммема ағылш. grammeme — грамматикалық денгейдегі ен шағын бірлік (единица), Граммема грамматикалық категориялардың тектік түрлері. Граммема грамматикалық категория сиякты мағына мен оны білдіретін форманын бірлігінен тұрады, Мысалы, зат есімнің жекеше, кепше түрлері зат есім категориясының тегі бір түрлері болып табылады.[1]

Қазақ тілі | Просмотров: 828 | Загрузок: 153 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматология (гр. gramma — жазу, гр. logos — ұғым, ілім) — жазу туралы ғылым. Жазудын кейбір түрлері жанама түрде ғана тілмен байланысты болғандыктан, Грамматология тұтас калпында тіл біліміне кірмейді.

Қазақ тілі | Просмотров: 900 | Загрузок: 78 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматикалық форма орыс. грамматическая форма — грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін тілдік белгі. Эр түрлі тілдерде грамматикалық мағынаны білдіретін Грамматикалық форма — аффикстер (оның ішінде нөлдік), дыбыстық алмасулар ("ішкі флекция"), екпін, қайталау, көмекші сөздер, сөздердін орын тәртібі, интонация арқылы көрінеді. Сөздері түрленетін тілдердегі морфологиялық тұлғалар дегеніміз белгілі сөз таптарындағы сөздердін үнемі өзгеріп отыруы болып табылады. Олар морфологиялық бірнеше мағыналарды да, бір мағынаны да білдіре алады, Мысалы, орыс тіліндегі зат есімнін көпше атау септігі, етістіктін осы шағынын жекеше 1-жақ тұлғасы т. б. Сөздін өзгеріске түскен барлық тұлғалары оның парадигмасын жасайды. Морфологиялық тұлғалар синтетикалық (қарапайым) және аналитикалық (күрделі) түрлерге бөлінеді. Белгілі бір морфологиялық тұлғада келген нақты сөз сөз тұлға (словоформа) деп аталады. Грамматикалық форманың көрінісі мен мағынасы бірқатар жағдайда бір-біріне сәйкеспейді. Мысалы, флективті емес түбір тілдерде грамматикалық мағына негізінен сөздердін синтаксистік тіркесімділігі арқылы беріледі.[1]

Қазақ тілі | Просмотров: 1543 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарғатән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді. Синтаксис саласында Грамматикалық мағына предикативтіліктен, сондай-ак сөз тіркестері мен сөйлем компоненттерінін әр түрлі қатынасын білдіретін дерексіз грамматикалық құрылымдардан көрінеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 2093 | Загрузок: 79 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызметаткарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші қатарға шығару кен тараған. Шынында, Грамматикалық категорияның ен басты белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан Грамматикалың категорияның екі жақты сипаты көрінеді.[1]

Қазақ тілі | Просмотров: 2098 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Граамматиклық құрылыс сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады, сөзді таяныш етпейтін бірде-бір грамматикалық құрылыс болмайды. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөйлеу дағдысында әр сөз сөйлем ішіндегі өзге сөздермен белгілі заң бойынша әрқилы өзгешеліктерге ұшырап, әр алуан қызмет атқарады. Морфология осындай сөздерді жеке-жеке қарамай, жалпы сөз атаулыны алып, оларды белгілі топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысына тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында сөздердің әр тобының өзіне лайық жалпы грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формалары айқындалып, сөз таптары ажыратылады, әр сөз табына тән категориялардың сыр-сипаттары ашылады. Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды.

Қазақ тілі | Просмотров: 4861 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:
Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім т.б.)
Біріккен сөздер(бойжеткен, баспасөз т.б.)
Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар[өңдеу]
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.

Қазақ тілі | Просмотров: 2185 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Белсенді сөйлеу мүшелері ( орыс. активные органы речи ) - дыбыс жасауда белсенді кызмет атқаратын жылжымалы сөйлеу мүшелері. Олар: ерін, тіл, жұмсақ таңдай, кішкене тіл, көмей, жақ, дауыс шымылдығы.[1]


Сөйлеу
Сөйлеудің фонетикалық бірліктері
Сөйлеу нормасы
Сөз
Дыбыстық символизм
Дифтонг
Сөз айшықтары
Сөз варианттары
Сөзге морфемдік талдау
Қаратпа сөз
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу формалары
Сөздердің орын тәртібі
Сөздік
Сөздік ұя
Сөздің қызметі
Сөздің лексикалық мағынасы
Сөздің негізі

 

Қазақ тілі | Просмотров: 1533 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Мазмұны
1 Бастауыш болатын сөз таптары
2 Дара бастауыш
3 Күрделі бастауыш
4 Әдебиет
Бастауыш болатын сөз таптары

Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:
Зат есімнен болады.
Есімдіктен болады.
Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.
Сан есімнен болады.
Мысалы: Алты екіге бөлінеді
Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады:

Қазақ тілі | Просмотров: 2655 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Арай категориясы - сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі.

Қазақ тілі | Просмотров: 732 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1081-1090 1091-1100 1101-1110 1111-1120 1121-1130 ... 2971-2980 2981-2987