Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 7.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1091-1100
Страницы: « 1 2 ... 108 109 110 111 112 ... 298 299 »

Дейксис (гр. deixis - көрсету) — лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы білдірілетін тілдік бірліктердің мағынасын не кызметін көрсету. Дейксис сөйлеу кезіндегі жағдайды айқындауға қызмет етеді. Дейксис әнгімеге қатысушыларды (сөйлеуші мен тындаушыны) көрсетеді де, оны есімдіктер арқылы білдіреді (1, 2 жақ: мен, сен, менің, сенің), сөйлеу объектісін көрсетеді (есімдіктің 3-жағы), сөз болып отырған объектінің қашықтық мөлшерін сілтеу есімдіктері арқылы (мынау, анау, міне) білдіреді. Дейксистің қызметін лексикалық тіл бірліктері мен грамматикалық категориялар атқара алады. Сөйтіп, Дейксистің көрсету қызметі әдетте есімдіктермен байланысты болып келеді.[1][2

Қазақ тілі | Просмотров: 848 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дауыстылар үндестігі орыс. гармония гласных — екі немесе көп буынды сөздердегі дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан (бала, балалар), не біркелкі жінішке (кісі, әншілер), сондай-ақ не бірынғай еріндік тутун (тутін), бугунгі (бугінгі), не бірынғай езулік (әжелер, тынысты) болып үндесіп айтылуы. Мұны буын үндестігі деп те атайды.[1]
Дауыстылардың ерін үндестігі орыс. гармония губных гласных — сөздің бастапкы буынындағы о, ө, у, у ерін дауыстыларының әсерімен соңғы буындарындағы езулік ы, і, е дауыстыларының еріндікке айналуы. Мысалы: путүн — тутін, өнөр — өнер. Қазақ тілінде бірінші буындағы ерін дауыстының әсері екінші буыннан аспайды, ал үшінші буында тіпті әлсіз, жоқтын касы: бурулыс — бурылыс, көлөңке — көленке. Ерін үндестігі жазуда еленбейді. Орыс тіліндегі әдебиеттерде лабиальный сингармонизм деп аталады.

Қазақ тілі | Просмотров: 853 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, у, у. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.[1]
Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.
Жіңішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б.
Ашық дауыстылар (орыс. широкие гласные, гласные нижнего подъёма) — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, у, у.
Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, у, у, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар (орыс. негубные гласные) — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.

Қазақ тілі | Просмотров: 2552 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дауыссыздар үндестігі орыс. гармония согласных — айтуда сез арасында, сез ішіндегі морфемалар жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне өзара ықпал етуі (тастар, кузде, көгжасыл (кокжасыл), жолгапиіық (жолқапшык). Мұны дыбыс үндестігі деп атайды

Қазақ тілі | Просмотров: 966 | Загрузок: 89 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дауыссыз дыбыс
Дауыссыз дыбыстар [1] (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.
Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]
Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.
Дауыссыздардың жіңішкеруі орыс. мягкость согласных — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.
Дауыссыздарды үш үлкен топқа бөледі:
Қатаң    п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш
Ұяң    б, в, г, ғ, д, ж, з
Үнді    Мұрын жолды    м, л, н, ң
Ауыз жолды    л, р, й, (у)

Қазақ тілі | Просмотров: 2215 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дауыс шымылдығы орыс. голосовые связки — жұтқыншақтың іиікі жағында орналасқан дауыс шымылдығы өкпеден келе жатқан ауаға тосқауыл жасап, бірде керіліп, бірде жиырылып тұрады. Дауыс шымылдығы керіліп тұруынан діріл пайда болып үн шығады, ал жиырылып тұрғанда діріл болмайтындыктан, үн шыкпайды.

Қазақ тілі | Просмотров: 931 | Загрузок: 77 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дауыс — адамның және өкпемен дем алатын жануарлардың дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы. Адам дауыс арқылы ой-пікірін сезімін, көңіл-күйін әрқалай (сөйлеу, тілдесу, өлең айту, күлу, айқайлау, т.б.) білдіреді. Дыбыс тербелістерінің жиілігі дыбыс сіңірінің жуан-жіңішкелігіне, керілуіне, көмей еттерінің қозғалуына, орталық жүйке жүйесінен келетін импульстарға, ішкі секреция қызметіне байланысты. Дауыс күші дауыс желбезегінің дірілімен анықталады. Толқын жиі болған сайын дауыс та күшті болады.

Қазақ тілі | Просмотров: 1228 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Грузин жазуы (ქართული დამწერლობა kartuli damtserloba) — грузин тілінің фонемалық құрамын бейнелейтін ерекше жазу. Онда әрбір фонемаға белгілі бір графема сәйкес келеді. Көне грузин тілінде 37 (38), қазіргі грузин тілінде 33 (5 дауысты, 28 дауыссыз үшін) әріп болған, бас әрпі болмайды.[1]
Грузин жылнамасы бойынша Грузин жазуын б. з. д. 4—3 ғғ. Фарнавазу патша жасаған. Грузин жазуының финикий, арамей, грек т. б. жазулармен тектестігі жайында әр түрлі болжам бар. Г. В. Церетели грузин жазуын шығыс арамей жазуының бір түрімен байланыстырады. Грузин жазуының алғашқы нұсқалары 5 ғасырда сақталған.
Даму процесінде грузин жазуының бір-бірінен ерекше 3 түрі қалыптаскан. Олар бірінен бірі шыққан, туыстас:
Мргловани (дөнгелек жазу, 9—10 ғасырлар),
Нусхури (кіші әріпті жазу, 9—11 ғасырлар).
Мхедрули (азаматтық, зайырлы (светское) жазу, 10 ғ. бері).
17 ғасырлар мхедрули осы күнгі қалпына келіп, қоғамдық өмірдін барлық саласына еніп, кітап бастырумен байланысты біржолата орныққан.
Letters
ა    ბ    გ    დ    ე    ვ    ზ    ჱ    თ    ი    კ    ლ    მ    ნ    
ჲ    ო    პ    ჟ    რ    ს    ტ    ჳ    უ    ფ    ქ    ღ    ყ    შ
ჩ    ც    ძ    წ    ჭ    ხ    ჴ    ჯ    ჰ    ჵ    ჶ    ჷ    ჺ    ჸ    ჹ

Қазақ тілі | Просмотров: 1307 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Гримм заңы орыс. Закон Гримма — үндіеурогіалык және германдық шуыл дыбыстардын 1818 жылы Р.К.Раскашкан, 1822 жылы Я. Гримм жүйеге келтірген тұрақты сәйкестігі. Гримм заңы салыстырмалы-тарихи тіл білімінің алғашқы жетісгігі болып табылады. Бірақ шуыл дауыссыздардың жылжу мерзімі, оның себебі, фонологиялық мәні, фонетикалық механизмі әлі даулы. Тегінде, Гримм заңы тек герман тілдерімен шектелмейтін жалпы үндіеуропалық құрылым дамуынан туған тарихи процесті білдіруі мүмкін. Жалпы үндіеуропалық дауыссыздар жүйесін жаңадан қайта жанарту үстінде (Т. В. Гамкрелидзе, Вяч. Иванов) Гримм заңы қайта қаралуы мүмкін

Қазақ тілі | Просмотров: 921 | Загрузок: 107 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Графема ( гр. graphs - кескіндеу, сызу) — тілдің жазу жүйесіндегі негізгі бірлігі, единицасы, дыбыстың жазудағы таңбасы, жазу жүйесінін ен кіші белгісі.[1]
Графема — лингвистикалық мағынасы бар тілдердің графикалық жүйесінің ең кіші бірлігі, белгілі жазу жүйесінің ең кіші белгісі. Графема — сөз, морфема, буын және фонеманың референті де болуы мүмкін. Графема термині әріптің, иероглифтің немесе оның бір бөлігінің синонимі ретінде де жиі жұмсалады. Қазіргі тіл білімінде Графема термині жазудың ең кіші бөлігі — әріп пен тілдің ең кіші бірлігі — фонемалық туыстығы деген ұғымда қолданылады. Қазіргі қазақ жазуында Графемалардың саны 40 және олардың үш типі бар.[2]

Қазақ тілі | Просмотров: 1027 | Загрузок: 79 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1071-1080 1081-1090 1091-1100 1101-1110 1111-1120 ... 2971-2980 2981-2987