Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1061-1070
Страницы: « 1 2 ... 105 106 107 108 109 ... 298 299 »

Дәнекер дауыстылар орыс. соединительные гласные — күрделі сөз құрамына енетін екі жай сөзді біріктіруге дәнекер болатын көмекші морфемалар. Мысалы: орыс тіліндегі күрделі сөз құрамында жиі кездесетін о, е дыбыстарының қызметі осындай (железобетон, каждодневный, кашевар). Казак тілі не тән кұбылыс емес.фсЕврей тіл білімі дәстүрі орыс. еврейская языковедческая традиция — бірінші ғасырлардан бастап Таяу Шығыста, 10 ғасырдан бастап Батыс Еуропада қалыптаскан көне еврей тілін зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. Көне еврей тілінің ең алғашқы кезендері туралы мәліметтер сақталмаған. Бұл тілде жазылған әдеби мәтіндер "Көне өсиетке" (Ветхий завет) енгізіліп, 2 ғасырдың соңында канондыктілге айналып, сөйлеу тілінің әсеріне ұшыратылмаған. 10 ғасырдан бастап "Көне өсиет" мәтіндері негізінде көне еврей тілінің грамматикасы сипатталған.

Қазақ тілі | Просмотров: 871 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

. Дыбысқа еліктеу теориясын жақтаушылар дыбысқа еліктеуді дыбыстын дыбысқа еліктеуі және дыбыстық символизм түрінде кен мағынада түсінген. Дыбысқа еліктеу теориясын ұсынған стоиктер (б. з. д. 3 ғасыр), ол кейін Г. В. Лейбниц, И. Г. Гердер еңбектерінде дамытылған. Бұл теорияның күшті жағы дыбыс пен мағынаның алғашкы байланысын және оның табиғи екенін мойындағандығында. Дыбысқа еліктеу теориясы жактамайтындар бұл теорияның әлеуметтік жағдайларды ескермейтінін, дыбысқа еліктеуді тым асыра бағалайтының сынай отырып, дыбысқа еліктеудің манызын төмендетті, дыбыстық символизмді жоққа шығарды. 20 ғасырдың 50—80 жылдарында зерттеулер дыбыска еліктеу, дыбыстық символизм ым қимылымен бірге тілдің шығуында аса манызды қызмет атқарғаның айқын дәлелдеді

Қазақ тілі | Просмотров: 1185 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дыбыстық символизм (фонетикалык символйзм) орыс. Звукосимволизм — кейбір сөйлеу дыбыстары мен қандай да бір түсініктердің арасында тікелей сәйкестік болады деген болжамнан туған. Сөздің Дыбыстық символизмінің (бейнелеу тұрғысында) эр түрлі қозғалысты, қимылды, жарық-сәуле құбылыстарын, формалар мен көлемді. адам мен жануарлардың физиологиялық, эмоциялық күйін т. б. білдіруі жиі кездеседі. Мысалы: жарқ-жұрқ, жарқылдау, мияулау, гүрсілдеу, мөңіреу, қалт-құлт, аһлау, уһлеу т. б. Дыбыстық символизмгe мағынасында символикалық байланыс сезілетін сөздермен қатар, қазіргі кезде ондай байланыс әлсіреген сөздер де жатады.

Қазақ тілі | Просмотров: 997 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дыбыстык ерекшеліктер орыс. звуковые особенности — белгілі бір тілдік өзіне ғана тән Дыбыстык ерекшеліктер Олардан эр тілдің өзіндік табиғаты танылады. Мысалы, сөз ішіндегі дауыстылардың үндесіп, әуендесуі, ерін үндестігінің екінші буыннан ары аспайтыны т.б. қазақ тіліне тән дыбыстық ерекшеліктерге жатады

Қазақ тілі | Просмотров: 782 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дыбыстардың акустикалық жіктелуі орыс. акустическая классификация звуков — дауыс қатысына қарай дыбыстар үнді, салдыр болып екіге бөлінеді. Дауыстыларда үн басым, сондықтан олар анық, айқын естіледі. Дауыссыздардың айтылуында салдыр басым болады. Салдырға үн катысатын болса — ұян, ал тек салдыр қатысатын болса — қатан, салдырға қарағанда үн басым болса, үнді дауыссыздар жасалады

Қазақ тілі | Просмотров: 887 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дыбыстанба (лат. transcriptio - қайта жазу, орыс. транскрипция) — тіл білімінде ғылыми мақсатта қолданылатын арнайы жазу. Дыбыстанба графикалық, орфографиялық нормаларға байланыссыз сөйлеудін ен нәзік ренктерін мүмкіндігінше дәл беруді көздейді. Мысалы: қуруқ (қурық), таңэртэң (таңертең), жаңасқан (жаңаасқан). Қолданылу мақсатына қарай Дыбыстанба фонетикалық (к. фонетикалық әліпби), фонематикалық (к. фонология) болып бөлінеді

Қазақ тілі | Просмотров: 834 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Доминанта (лат. dominans - үстем, негізгі, басым идея) — семантикалық тұрғыда неғұрлым қарапайым, стилистикалық тұрғыда бейтарап, синтагматикалық жағынан орнықты, ұқсас немесе жақын мағыналас синоним сөздерді өз айналасына топтайтын сөз

Қазақ тілі | Просмотров: 1284 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дифтонг (гр. δίφθογγος, (diphthongos) - дыбыс) — буынға бөлінетін немесе бөлінбейтін екі дауысты дыбыстың қосындысынан тұратын дыбыс (и, у). Сөйлеу процесінде екі дауысты түйіскен жерде Дифтонг тіркесі жасалады. Дифтонг шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.[1]
Шынайы Дифтонгтің құрамындағы екі сынары айтылу күші жағынан да, буын құрауы жағынан да тен түседі. Шынайы Дифтонг тілдерде сирек кездеседі. Мысалы, латыш тіліндегі meitci(кыз), tauta(халык) дегендегі еі, аи осыған жатады.
Жалған Дифтонг сынарларының бірі буын жасай алады, біреуі буын жасай алмайды. Еғер алғашкы сынары буын жасап, екінші сынары көмекшілік қызмет атқарса, тұйық дифтонг деп аталады. Мысалы: кійім—киім, жұуар — жуар, сұуат — суат дегендегі ій, ұу дыбыстары. Ал егер алғашкы сынары буын жасай алмай, кейінгі сынары буын жасай алса, ашық дифтонг деп аталады. Мысалы: сөз басындағы е, о, ө дыбыстарының құрамында й, у дыбыстары естіліп, йэ (ел — йэл), уо (ол — уол), уо (ор — уор) болып айтылады. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі жалған Дифтонгтің аталған түрлерін дифтонгойд дауыстылар деуге болады.
Дифтонгоид — дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекше түрі. Оған и, у, ие, уо, уө дыбыстары жатады.

Қазақ тілі | Просмотров: 1552 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дисфемизм (лат. dis, гр. dus - қарама-қарсылық не болымсыздық мағына тудыратын қосымша, гр. рһemi - айтамын), какофемизм — ауыс мағынаның бір түрі. Қалыпты қолданылатын зат, құбылыс атауларын неғұрлым дөрекі, тұрпайы сөздермен ауыстырып айту. Дисфемизм - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту,қорлау,жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы:боқ мұрын бала,боқтан өзгені сөз қылу,боғымен жасты баламен ойнады,боғын пышақтады,қолынан боқ келмейді,боққа татымайды,боғы ботқа,т.б. Қазақ тілінде бәр сөзге қатысты осыншама дисфемизмдер бар.Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшарасады.Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһарманының мінез-құлқын,іс-әрекетін,ой-өрісін бейнелеп,нақтылы шынайы бейнесін жасайды.
Мысалы: бала деудін орнына жүгірмек, сөйлеме деудін орнына былжырама деу

Қазақ тілі | Просмотров: 3149 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Дистрибутивтік талдау (лат. distribuere - бөлу, жекелеу орыс. дистрибутивный анализ) — мәтіндегі жеке тіл бірліктерінің орналасқан айналасын, сол ортада жекеленуін, алатын орның зерттеуге негізделген, бірақ олардың лексикалық я грамматикалық мағыналарына мән бермейтін әдіс. Дистрибутивтік талдау алғашында фонология мен морфологияда қолданылған. Оның негізгі принциптерін 20 гасырдың 20 жылдары Л. Блумфилд анықтаған, 20 ғасырдың 30—50 жылдарында әрі қарай дескриптивтік лингвистиканың өкілдері 3. Харрис т. б. дамыткан. Дистрибутивтік талдауда алдымен мәтін мәтіндік шағын тіл бірліктеріне (жеке дыбыстар мен морфтарға) жіктеледі.

Қазақ тілі | Просмотров: 871 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1041-1050 1051-1060 1061-1070 1071-1080 1081-1090 ... 2971-2980 2981-2987