Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 7.1.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2987
Показано материалов: 1051-1060
Страницы: « 1 2 ... 104 105 106 107 108 ... 298 299 »

Көп нүкте - белгілі бір себептермен ойдың аяқтапмай қалғандығын немесе айтылмақшы пікірдің толық айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгі. Көп нүкте - мағынаға байланысты қойылатын белгі. Ол, негізінен, мынадай жағдайларда қойылады:
Өлең немесе прозалық текстен кейбір сөз, я кейбір тармақ түсіп қапса: - Ім-м... сыртта тағы біреу бар ма? - Бар, ол Жағалбай ғой... Ақсақалдармен мақұл десіп тізімге кірген жігіттердің бірі... (X. Е.). Бірақ секіріп шығам деп... мертігеді, жатады (Абай).
Алынған цитаттан сөз немесе сөйлем қалдырылған жағдайда: "Әуелі еңбек, ал онан соң және сонымен бірге... сөз ең басты екі стимул болды, - деп жазды Ф. Энгельс, - осы екі стимулдың әсерінен маймылдың миы... адам миына айналды" (К. Маркс, Ф. Энгельс, Таңд. шығ., А., 1956).

Қазақ тілі | Просмотров: 1170 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
Біріккен зат есімдер,
Қосарланған зат есімдер,
Тіркес (құрама) зат есімдер,
Қысқарған зақ есімдер
Мазмұны  
1 Біріккен зат есімдер
2 Қосарланған зат есімдер
3 Тіркес зат есімдер
4 Қысқарған зат есімдер
5 Тағы қара

Қазақ тілі | Просмотров: 5114 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.[1]
Мазмұны  
1 Адамзат және ғаламзат есімдері
2 Жалпы және жалқы есімдер
3 Көптік мәнді есімдер
4 Көмекші есімдер
5 Зат есімнің морфологиялық сипаттары
5.1 Зат есімнің құрылымы
5.2 Зат есімдердің жасалу тәсілдері
6 Дереккөздер
Адамзат және ғаламзат есімдері

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Қазақ тілі | Просмотров: 2201 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Жақша () — жұптанып қолданылатын тыныс белгісі. Жақшаның дөңгелек жақша [()], тік ([ ]), пішінді жақша ({}), сынық жақша (< >) деп аталатын түрлері бар. Олар сөзге, сөз тіркесіне немесе сөйлемге қосымша мән-мағына жүктеу, белгілі бір ойды анықтау, автордың ой-пікірін, көзқарасын аңғарта түсу үшін қолданылады. Жақша ішіндегі сөздің немесе сөйлемнің, яғни ойдың басталған жерінен ашылып, ойдың аяқталған жерінен жабылады. Оның төрт түрі де ғылымның барлық саласында дерлік қолданыла береді. Жақша жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Жақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгі

Қазақ тілі | Просмотров: 1237 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Жіктік жалғау
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу:     шарлау, іздеу
Грамматика
Морфология

Сөз құрамы
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
Көптік жалғау
Тәуелдік жалғау
Септік жалғау
Жіктік жалғау
Сөз таптары
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Шылау
Еліктеу сөз
Одағай
Синтаксис

Сөз тіркесі
Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Толықтауыш
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Мазмұны


1 Жалғану жүйесі мен формалары
1.1 Бірінші топ
1.2 Екінші топ
1.3 Үшінші топ
1.4 Төртінші топ
2 Әдебиет
Жалғану жүйесі мен формалары

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:

Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады

Қазақ тілі | Просмотров: 3586 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.

1 Морфологиялық сипаттары
1.1 Дара етісітіктер
1.1.1 Түбір етістіктер
1.1.2 Туынды етістіктер
1.1.2.1 Есім негізді етістіктер
1.1.2.2 Етістік негізді етістіктер
1.2 Күрделі етістіктер
1.2.1 Құранды етістік
1.2.2 Құрама етістік
1.2.3 Сараламалы етістік
1.2.4 Суреттеме етістік
1.2.5 Тұрақты етістік
2 Етістік формалары
3 Етістіктердің мағыналары
4 Тағы қараңыз:
5 Дереккөздер
Морфологиялық сипаттары

Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етісітіктер
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.

 

Қазақ тілі | Просмотров: 4630 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.
Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:
ол онан жөн сұрады;
олар бір-бірінен жөн сұрасты;
ол онан жөн сұратты;
онан жөн сұралды;
ол өзі сұранды
деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.
Сондай-ақ:    тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын;
жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын
айт, айтыс, айттыр, айтыл
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.
Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:
негізгі етіс,

ортақ етіс -с (-ыс, -іс),
өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір),
ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),
өздік етіс -ын (-ін, -н)

Қазақ тілі | Просмотров: 1952 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Ежелгі үнді тіл білімі (орыс. древнеиндийское языкознание) — Үнділерден бізге жеткен зерттеулер б. з. д. 5 ғасырдан басталады. Үнділердің өте ерте дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған "Веда" деп аталатын жазба ескерткіштері (б. з. д. 6 ғасыр). Олардың ең көне түрі "Ригведа" санскритке жатады. Санскрит — сол кездегі брахмандардың, ғалымдар мен шайырлардың өнделтен, қолданылуы зандастырылып қағидаға айналған, нормативті әдеби тілі. Ол халыктың ауызекі сөйлеу тілі пракритке қарама-қарсы қойылып зерттелген.

Қазақ тілі | Просмотров: 1633 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Ежелгі рим тіл білімі орыс. древнеримское языкознание — Грекияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай ұлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өзтіліне сәйкестендіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистері ішіндегі ен көрнектісі — Варрон (б. з. д. 1 ғасыр), кейінірек Донат (4 ғасыр) болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазды

Қазақ тілі | Просмотров: 1244 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Ежелгі грек тіл білімі орыс. древнегреческое языкознание — Грекияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Тілге қатысты жазба материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады.
Ежелгі грек тіл білімі Гомердің "Илиада" мен "Одиссея" жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған сон, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған.

Қазақ тілі | Просмотров: 1698 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1031-1040 1041-1050 1051-1060 1061-1070 1071-1080 ... 2971-2980 2981-2987