Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 12.3.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2981
Показано материалов: 1041-1050
Страницы: « 1 2 ... 103 104 105 106 107 ... 298 299 »

Лимитед [1](ЛТД) (ағылш. lіmіted – шектеулі) – қоғамның‚ компанияның‚ серіктестіктің атына қосылатын қосымша‚ жалғау. Ол қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікке қатысушылардың салынған салымдар шегінде шектелетінін көрсетеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 526 | Загрузок: 119 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Лепті белгісі (!) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте лепті сөйлемнің соңында қойылады.

Қойылу жағдайлары

Леп белгісі мынадай орындарда қойылады:
Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң әр уақытта леп белгісі қойылады.
Сүйсінгендікті , таңғалғандықты, ренішті, ызаны білдіретін лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Ерекше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
Математикада

Леп белгісімен математикада факториал операциясы[1] белгіленеді:
n!=1\times2\times\dots\times n.
Қос леп белгілер қос факториалды білдіреді:
n!!=n\times(n-2)\times(n-4)\dots;
көбейінді тақ сандар үшін 1-мен аяқталады, жұптар үшін 2-мен аяқталады.
Бар болу белгісі леп белгісімен бірге ( \exist ! ) «бар және жалғыз» деген мәнді білдіреді.

Қазақ тілі | Просмотров: 1227 | Загрузок: 70 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Лексикалық мағына орыс. лексическое значение — зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.

Қазақ тілі | Просмотров: 1408 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі  формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к,  формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.

Қазақ тілі | Просмотров: 1555 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Көп нүкте - белгілі бір себептермен ойдың аяқтапмай қалғандығын немесе айтылмақшы пікірдің толық айтылмағандығын білдіру үшін қойылатын тыныс белгі. Көп нүкте - мағынаға байланысты қойылатын белгі. Ол, негізінен, мынадай жағдайларда қойылады:
Өлең немесе прозалық текстен кейбір сөз, я кейбір тармақ түсіп қапса: - Ім-м... сыртта тағы біреу бар ма? - Бар, ол Жағалбай ғой... Ақсақалдармен мақұл десіп тізімге кірген жігіттердің бірі... (X. Е.). Бірақ секіріп шығам деп... мертігеді, жатады (Абай).
Алынған цитаттан сөз немесе сөйлем қалдырылған жағдайда: "Әуелі еңбек, ал онан соң және сонымен бірге... сөз ең басты екі стимул болды, - деп жазды Ф. Энгельс, - осы екі стимулдың әсерінен маймылдың миы... адам миына айналды" (К. Маркс, Ф. Энгельс, Таңд. шығ., А., 1956).

Қазақ тілі | Просмотров: 752 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
Біріккен зат есімдер,
Қосарланған зат есімдер,
Тіркес (құрама) зат есімдер,
Қысқарған зақ есімдер
Мазмұны  
1 Біріккен зат есімдер
2 Қосарланған зат есімдер
3 Тіркес зат есімдер
4 Қысқарған зат есімдер
5 Тағы қара

Қазақ тілі | Просмотров: 2354 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.[1]
Мазмұны  
1 Адамзат және ғаламзат есімдері
2 Жалпы және жалқы есімдер
3 Көптік мәнді есімдер
4 Көмекші есімдер
5 Зат есімнің морфологиялық сипаттары
5.1 Зат есімнің құрылымы
5.2 Зат есімдердің жасалу тәсілдері
6 Дереккөздер
Адамзат және ғаламзат есімдері

Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.

Қазақ тілі | Просмотров: 1535 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Жақша () — жұптанып қолданылатын тыныс белгісі. Жақшаның дөңгелек жақша [()], тік ([ ]), пішінді жақша ({}), сынық жақша (< >) деп аталатын түрлері бар. Олар сөзге, сөз тіркесіне немесе сөйлемге қосымша мән-мағына жүктеу, белгілі бір ойды анықтау, автордың ой-пікірін, көзқарасын аңғарта түсу үшін қолданылады. Жақша ішіндегі сөздің немесе сөйлемнің, яғни ойдың басталған жерінен ашылып, ойдың аяқталған жерінен жабылады. Оның төрт түрі де ғылымның барлық саласында дерлік қолданыла береді. Жақша жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Жақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгі

Қазақ тілі | Просмотров: 819 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Жіктік жалғау
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу:     шарлау, іздеу
Грамматика
Морфология

Сөз құрамы
Түбір
Жұрнақ
Жалғау
Көптік жалғау
Тәуелдік жалғау
Септік жалғау
Жіктік жалғау
Сөз таптары
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Шылау
Еліктеу сөз
Одағай
Синтаксис

Сөз тіркесі
Сөйлем мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Толықтауыш
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Мазмұны


1 Жалғану жүйесі мен формалары
1.1 Бірінші топ
1.2 Екінші топ
1.3 Үшінші топ
1.4 Төртінші топ
2 Әдебиет
Жалғану жүйесі мен формалары

Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:

Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады

Қазақ тілі | Просмотров: 2798 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.

1 Морфологиялық сипаттары
1.1 Дара етісітіктер
1.1.1 Түбір етістіктер
1.1.2 Туынды етістіктер
1.1.2.1 Есім негізді етістіктер
1.1.2.2 Етістік негізді етістіктер
1.2 Күрделі етістіктер
1.2.1 Құранды етістік
1.2.2 Құрама етістік
1.2.3 Сараламалы етістік
1.2.4 Суреттеме етістік
1.2.5 Тұрақты етістік
2 Етістік формалары
3 Етістіктердің мағыналары
4 Тағы қараңыз:
5 Дереккөздер
Морфологиялық сипаттары

Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Дара етісітіктер
Дара етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара етістіктер мысалы: ек, жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда, арала, сабала, сүйреле, шапқыла, үймеле, кіріс, жуын, айтқыз т. б.

 

Қазақ тілі | Просмотров: 3435 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1021-1030 1031-1040 1041-1050 1051-1060 1061-1070 ... 2971-2980 2981-2981