Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 11.12.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2983
Показано материалов: 1031-1040
Страницы: « 1 2 ... 102 103 104 105 106 ... 298 299 »

Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) — тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.[1]
Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер) мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:

Қазақ тілі | Просмотров: 1062 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сигнификативтік функция орыс. сигнификативная функция — дыбыстардың мағына айырғыштық қызметі.
Мысалы: тал, жал, бал, қал, сал сөздерінің мағыналық ерекшеліктері бірінші дыбыстарына, ал тал, так,, тac, тар, тay сөздерінің мағыналық ерекшеліктері соңғы дыбыстарына байланысты болып тұр

Қазақ тілі | Просмотров: 496 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сегментация (лат. segmentum - бөлік, бөлім) — сөйлемнің (сөйлеудің) өз ішінен әр түрлі функциялық тіл бірліктеріне жіктелуі. Мысалы, дыбыс денгейінде — фонема мен буынға, мағыналық денгейде — морфема, сөз, синтагма, фразаларға беліну

Қазақ тілі | Просмотров: 523 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сингармонизм (гр. συν - бірге, гр. ἁρμονία - үндесу) — үндестік заны. Үндестік заңы түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заң. Сингармонизм тілдің бүкіл фонетикалық бейнесін, дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің ерекшелігін, сөйлеу нормасын айқындайтын құбылыс. Сингармонизм бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірынғай жінішке, не еріндік, не езулік болып айтылады. Түбірге жалғанатын қосьімшалар да осы заңдылыққа бағынады. Мысалы: далалық, еңбекшілер, жұлдұзым (жұлдызым), күлкүлі (күлкілі). Сингармонизмнің басты касиеті, оның сөзайырымдық және сөзтанымдық қызметінен көрінеді.

Қазақ тілі | Просмотров: 769 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Себептес салалас сөйлем орыс. сложносочинённое предложение причины — синтаксистік компоненттері бір-бірімен себептестік қатынаста тұратын салалас құрмалас сөйлем. Себептес салалас сөйлем ішіндегі себеп пен салдардың өзара тығыз қарым-қатынасы негізінде жасалады, сол себепті Себептес салалас сөйлемнің бір компонентінде іс-әрекеттің себебі, бір компонентінде салдары баяндалады.[1]
Себептес салалас сөйлемдер жасалу жолына қарай екі түрге бөлінеді:
Жалғаулықты Себептес салалас сөйлемдер, олар сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалады: Қарт оның не ойлап отырғанын сезген жок, сол себепті бұл екеуіне көз де салған жок (Ә. Әбішев).
Жалғаулыксыз Себептес салалас сөйлем. Оның компоненттері мағыналық үйлесімділігі және интонация тұтастығы негізінде жалғаулықсыз байланысады: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет емес, Қардың суы секілді тез суалар (Абай)

Қазақ тілі | Просмотров: 874 | Загрузок: 152 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем[1] орыс. придаточное предложение причины — бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіріп, басыңқы компоненті сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін сабақтас сөйлем Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары:
Есімше арқылы:
а) Шығыс септігіндегі -ған тұлғалы есімше арқылы: Үлес үстінде әлі ойын ашпаған Абай болғандықтан, Тәкежан енді буның өзінен ішіндегі ниетін су рады (М. Әуезов);
ә) есімшелік түлғаларға -соң шылауының тіркесуі аркылы: Шұга шын ауруға айналган соң, Есімбек жұмсайын деді (Б. Майлин).
Көсемше аркылы: Сол кезде бұтак сынып кетіп, Асылып құзға Қайсар тұра қалды (С. Мұқанов). Араларына тусетін арашашы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады (М. Әуезов).

Қазақ тілі | Просмотров: 1118 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сёма (гр. sema - белгі) — мазамұн турғысында ен кіші, ен түпкі бірлік (единица). Сёма шындық өмірде белгіленген заттар мен құбылыстардың түрліше қасиеттерінің тілдегі қарапайым бейнесін білдіреді. Мысалы, тарихи тұрғыда туркі-моңғол тілдеріне (не кәбіне) ортак қой — қошқар — қозы — қошақан — қотан — қотшы — қойшы т.б. сөздердің бәріне ортақ Сёмақо морфында (бастапқы түбір) беріліп тұр. Бұл жерде қо Сёмасы нақты затты атап білдіріп тұрған жоқ, оңда тек жоғарыдағы сөздердің түпкі мағыналық бірлігіне мензеу бар. Формалықтұрғыда Сёма морф денгейіне сәйкес келеді. Сёма сөздің қарапайым мағынасын білдіретін семеманың варианты түрінде көрінеді. Семема — Сёмаға қарағанда мағынаның неғұрлым жоғары денгейін білдіретін бірлік. Семеманың құрылымы семалар арқылы анықталады.

Қазақ тілі | Просмотров: 619 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Нүктелі үтір (;) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. Нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.
Мысалы: Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса, жанбасына салуға жетпейді; жата қалса, жанбасына жер батады. ("Ә және И")

Қазақ тілі | Просмотров: 1302 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Нүкте (.) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады. Нүкте дұрыс қойылмайтын болса, сөйлем түсініксіз болып шығады, не нүктенің қойылмауынан екінші бір мағына туындауы мүмкін.[1] Нүкте – аяқталған ойды білдіретін шартты белгі. Нүкте
1) хабарлы сөйлемдерден кейін. Мұндай сөйлемдер құрамына қарай жай, құрмалас сөйлем, сондай-ақ толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдер болып келеді (Жирен мұртты, аласа ақ сары жігіт басын көтерді. Ғ. М.). Қуанышты жасыруға болмайды (С. Е.);
2) басқы әріптерінен қысқарған кісі, газет-журнал аттарынан кейін.(Әуезов - қазақ халқының данышпан жазушысы. Ғ. М.). Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ("С. Қ.");
3) драмалық шығармаларда әрбір кейіпкердің есімінен кейін.(Жомарт. Жақаң кем өлшеп, қанағат қылады (Ғ. Мүст.)
4) сандар арқылы таңбалана

Қазақ тілі | Просмотров: 985 | Загрузок: 67 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Метафораны сөз өнері (поэтика, риторика), эстетика, логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Абай өлеңдеріндегі “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын, т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:

  • “Қолына алып шашақты сан мың найза, Жауынгер күн келеді жалаулатып”
  • “Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?” (М.Мақатаев).
Қазақ тілі | Просмотров: 2222 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1011-1020 1021-1030 1031-1040 1041-1050 1051-1060 ... 2971-2980 2981-2983