Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 11.12.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2983
Показано материалов: 1021-1030
Страницы: « 1 2 ... 101 102 103 104 105 ... 298 299 »

Септік орыс. падеж — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге заттық ұғымға қатыстыграмматикалық мағына үстейтін қосымшаСептік тікелей өзі немесе басқа Формалармен бірлесіп келіп, зат пен қимыл я зат пен зат арасындағы субъектілік (субъектілік-предикаттық), тұра және жанама объектілік, меншіктік-қатыстык, мекендік, мезгілдік құралдық, көлемдік сияқты қатынастарды білдіреді. Септіктер зат есімге тән түрлену формасы болып табылады. Септіктің мағынасы да қызметі де, формалық ерекшеліктері де заттық ұғыммен байланысты. Сын есімсан есіметістіктің кейбір формалары (есімшетұйық етістік) септелгенде, заттанып зат есім орнына жұмсалады.

Қазақ тілі | Просмотров: 2253 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (2)

Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logosсөз - ілім)[1] — заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика

Қазақ тілі | Просмотров: 3961 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі

Қазақ тілі | Просмотров: 790 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Септік жалғауларының тізілісі орыс. нанизывание падежей — бірынғай септік жалғаулы сөздердің бір-біріне бағынышты түрде тізіле орналасуы. Мұндай тізіліс әсіресе ілік Жалғаулы сөздердің қолданылуында жиі кездеседі.
Мысалы: Тастанның атының тағаларының емшектері әлі мұқалмаған. Қазақтың қолөнерінің көрмесінің ашылған күні. Бірак мұндай қолданыс стилистикалық нормаға сай келе бермейді. Мүмкіндігінше ілік жалғауы тізілістің ең сонғы сөзінде ғана сакталуы тиіс: Қазақ қолөнері көрмесінің ашылған күні

Қазақ тілі | Просмотров: 484 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Семантикалық архайзм орыс. семантический архаизм — лексиканың актив қабатындағы сөздің бір мағынасының ескруі. Мысалы: кіндік сөзінің 1920—1930 жылдарындағы "орталық", ұя Сөзінің "ұйым" мағыналары кейін ескіріп қалды. Қол сөзінің "әскер" мәнінде қолданылуы тек ауыз әдебиетіне тән.

Қазақ тілі | Просмотров: 696 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Септелмейтін зат есімдер (орыс. несклоняемые существительные) — септік формаларын кабылдамайтын зат есімдер. Бұған орыс тіліндегі көптеген кірме сөздер, жалқы есімдер және кейбір қысқарған сөздер жатады (фото, ООН (Организация Объединенных Наций), Бодуэн де Куртенэ). Мұндай зат есімдердің түрлену сипаты синтаксистік тәсілдер арқылы анықталады. Қазақ тіліне тән емес

Қазақ тілі | Просмотров: 581 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Септеу[1] орыс. склонение —
Есім сөз таптарының түрленуі;
Жекеше, көпше септік формаларының жиынтығы.

Қазақ тілі | Просмотров: 831 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Септеулік жалғаулар орыс. послелог — толық мағыналы сөздерге тіркесіп, әр түрлі грамматика/грамматикалық қатынасты білдіретін шылаулар. Септеулік шылаулар белгілі бір септік жалғаулы сөздерді меңгеріп, оларға бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, үдету, ұқсату, қайталау т.б. грамматикалық мағыналар үстеп тұрады. Мысалы: Ол қалага оқу ушін келді. Ауылға қарай аяңдады

Қазақ тілі | Просмотров: 734 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сигнификат[1] (лат. significatum - белғіленуші) — тілдік таңбаның ұғымдық мазмұны . Сигнификат термині бір мағыналы емес. Гносеолоғиялық ( философиялық таным теориясы) тұрғыдан алғанда Сигнификат адам санасындағы қайсыбір денотат қасиеттердің белгісін білдіреді. Демек, "Сигнификат" термині екі мағынада қолданылады:
Санада қалыптаскан құбылыс ретінде заттық ұғымға негізделген психикалық денотатқа қарама-қарсы қойылып қаралады;
Тілдегі сөздердің номинанты (атауы) ретінде қабылданады. Осы тұрғыда тілдегі создер әр түрлі Сигнификаттармен денотативті тендестікте болуы мүмкін. Мысалы: Сигнификатты сипаттағы "омыртқалылар", "бас сүйегі бар тірі жәндіктер" сияқты сөздер бір ғана денотативті мағынаға (сөйлеу үстіндегі нақты мағына) ие.

Қазақ тілі | Просмотров: 572 | Загрузок: 83 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Семантикалану ( орыс. семантизация, гр. ,σημαντικός - танбалаушы) — тіл бірлігі (единица) мағынасының айқындалуы, тіл бірлігінің мазмұны жайында қажетті мәліметтер беретін процесс пен нәтиже. Мысалы, лексикалық Семантикалану — мәтіндегі тіл брліктерінің мағынасын ашу арқылы анықталады

Қазақ тілі | Просмотров: 518 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1001-1010 1011-1020 1021-1030 1031-1040 1041-1050 ... 2971-2980 2981-2983